Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет23/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

12-СОӨЖ тақырыбы: Зат есімнің стилистикалық қызметі
Тапсырмалар: шығармалардан зат есімнің стилистикалық қызметіне мысалдар жазу.
Есеп беру түрі: мысалдар жазу.
СӨЖ тапсырмалары: Ғылыми прозадағы сөз таптарының функциялық стильдік ерекшелігі.
Есеп беру түрі: сөз таптарының стилтдік қызметіне мысалдар жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.


Он үшінші апта
13 дәрістің тақырыбы: Сөзтану жүйесіндегі стилистиканы толықтырушы мүмкіндіктер
Қарастырылатын мәселелер:
1. Сөз сапалары туралы түсінік.
2. Сөйлеу актілері мен сөйлеу этикасының стильдік ерекшеліктері.
3. Шешендік сөз прагматикасы.
Терминдер мен анықтамалар
Мүшелену – мәтін белгілерінің бірі әрі қатысымның жүзеге асуының бірден-бір шарты. Мәтіннің мүшеленуінің түрлері: 1) көлемдік-прагматикалық; 2) контекстік-вариативтік.
Ойталқы (ор. рассуждение) – композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол ой-пікірдің, бір мәселе төңірегіндегі көзқарастың динамикалы түрде өрістетіле дамуын бейнелейді.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Сөз сапалары туралы түсінік.
М. Серғалиев сөз сапаларына сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз логикалылығын жатқызады. Ол былай дейді: «Сөздің байлығы дегеніміз – әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы, екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе.
Біріншісі қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс. Тілдің байлығы бәрінен бұрын лексикадан, семантикадан көрінетіні белгілі, яғни сөздік қоры бай адамның сөйлеуімен жазуынан да тіл байлығының байқалып отыратындығы белгілі. Екінші жағынан, ол лексикалық единицаларды қолдана білуде тілдің байлығын танытады, сондықтан да сөздің байлығын кейде сөздің әр түрлілігі (сан алуандығы) деп атаушылық та бар» [162-163 бб.].
Ал сөз тазалығы туралы: «Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.
Таза қазақ тілін шұбарлайтын факторладың бірі – жергілікті тіл ерекшеліктері. Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс» [152-155 бб.]. Акад. М.Серғалиев: «Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларының барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен олардың арасындағы айырмащылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің халін сұрағанда, «жаман емес» деп жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді.Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жеке қанағаттандырмайды, өйткені сол «жаман емес» -тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» ұғым да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес» - тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты пайдаланғанымыз болып шығады.2. Сөйлеу актілері мен сөйлеу этикасының стильдік ерекшеліктері.
Бұл мәселе туралы Д.А.Әлкебаева былай деп жазады: «Сөйлеу актілері – тілдің әдеттегі философиялық түсінігі. Бұл арада айта кеткен жөн, коммуникативтік акт терминімен сөз тіркесі, сөйлеу актілері мәні жағынан бір-біріне сәйкес келеді, бірақ қазіргі зерттеулерде сөйлеу актісі деген терминдік атаумен жиі қолданылады, бұл орайда көңіл аударатын жайт, сөйлеу актісі іс-әрекеті басшылыққа алады, коммуникативтік акт термині бойынша әрекеттестік (екі жақтың өзара қатынасы) қатар алынады, сөз коммуникативтік актілерінің жиынтығы болып табылады, сонымен бірге сөйлеу ситуацияларының өзара ауысуын да басшылыққа алынады. 3. Шешендік сөз прагматикасы.
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы көпшілік алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерді шешіл сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі казақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді.
13 практикалық сабақтың тақырыбы: Сөз, сөзтану жүйесіндегі стилистиканы толықтырушы мүмкіндіктер
Тапсырмалар:
1. Сөз сапасы туралы түсінік.
2. Сөз дұрыстығы.
3. Сөз байлығы.
4. Сөз тазалығы.
5. Сөз қысқалығы мен нұсқалығы.
6. Сөз дәлдігі.
7. Сөйлеу актілері мен сөйлеу этикасы.
8. Шешендік сөз прагматикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет