Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет4/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

5. Курстың мазмұны


Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: «Қазақ тілінің стилистикасы» курсы туралы жалпы түсінік.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
2. Стилистиканың зерттеу әдістері.
3. Қазақ стилистикасының дамуы.
Терминдер мен анықтамалар
Стилистика - тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық тұрғыда зерттейтін тіл білімінің саласы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

  1. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.

Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принцептерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе, тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады. Стилистика (лингвистикалық стилистика, лингвостилистика, жалпы стилистика) – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі – өте күрделі өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдің амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистиканың зерттеу әдістері.
Әр ғылымда болатыны сияқты, мұнда да ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарының ерекше, өзіне тән әдістемесі болады. Лингвистикалық стилистиканың әдістемелері, негізінен, мыналар:

  1. семантикалық-стилистикалық әдіс; бұл әдіс бойынша мағынаның нәзік реңктерінің берілу проблемалары, стилистикалық мағына сияқты жайлар қарастырылады;

  2. салыстырмалы әдіс; тілдік құралдардың, қолданыс тілінің функциональдық бояуы осы тәсіл арқылы зерттеледі. Сондай-ақ функциональдық стильдер арасындағы айырмашылықтарды тез айқындауда да бұл әдіс көп көмек береді;

  3. стилистикалық-статистикалық әдіс; белгілі бір функциональдық стильге экстралингвистикалық факторлардың ықпалы қарастырады;

1 практикалық сабақтың тақырыбы: Стилистика ғылымына кіріспе.
Тапсырмалар:
1. Стилистиканың анықтамасы, зерттейтін мәселелері.
2. Стилистиканың шектес ғылымдармен байланысы.
3. Стилистиканы оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері.
4. Стилистиканың негізгі бағыттары мен түрлері.
5. Қазақ стилистикасының даму тарихы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет