Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет8/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

3-СОӨЖ тақырыбы:
Стилистикалық парадигматика туралы түсінік.
Тапсырмалар: презентациялық слайдтар дайындау.
Есеп беру түрі: слайдтар арқылы әрбір студентке белгіленген тапсырмаларды қорғау.
СӨЖ тапсырмалары: Стилистикалық синтагматика мәселесі. Ситуациялық және проблемалық тапсырмалар орындау, теориялық топтастыру.
Есеп беру түрі: жекелей бақылау тапсырмаларын орындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
13. Адилова А.С. Қазақ көркем мәтіндеріндегі цитация құбылысы немесе мәтін ішіндегі мәтін // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.


Төртінші апта
4 дәрістің тақырыбы: Функционалды стилистикаға кіріспе
Қарастырылатын мәселелер:
1. Ауызекі сөйлеу стилі.
2. Публицистикалық стиль.
3. Ғылыми стиль.
4. Көркем әдебиет стилі.
5. Ресми іс-қағаздар стилі.
Терминдер мен анықтамалар
Функционалдық стилистика – қарым-қатынастың әр түрлі аясына, шарттарына тәуелді болатын тілдік бірліктердің қолданылу жүйесін, яғни функционалдық стильдерді қарастыратын сала.
Т і л д і к ж ү й е - тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері.
Алшақ байласым – мәтін құрылымында бір-бірінен өзара алшақ орналасқан сөйлемдердің арасында орнайтын байласым түрі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қарым-қатынастың жағдайы дегенде, екі нәрсені бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – қарым-қатынастың ресми аясы; ал екіншісі – қарым-қатынастың бейресми аясы. Бірінші жағдайда сөйлеушіге екінші жағдайдан гөрі қатаңырақ талаптар қойылады. Оның мәнісі мынада: ресми аяда кім де болса қызмет бабында, бас қосулар мен жиналыстарды сөйлеуіне тура келеді. Көптің алдында сөйлейтін болғандықтан, әр сөзге, тұтас мәтінге, оның мазмұны мен құрылымына жауапты қарау қажет. Мәселен, қаншалықты көп жыл үйренген өзінің ұжымы болса да, оның алдында сөйлеу үшін көп даярлық жасары сөзсіз. Сондықтан оған жазба материал даярлағандай жауапкершілікпен қарайды. Жасыратыны жоқ, көп ретте жазғанын оқып беретін баяндамашылар мен жарыссөзге шықандарды көріп жүрміз. Демек, жазба тілге қойылатын талаптарды орындаған мақұл. Көпшілік алдында сөйлейтін сөз, әділдігіне келгенде, жазба тілінің үлгісі болып табылады. М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаевтың «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінде стилистика мәселесіндегі көптеген сұрақтардың басы ашылған болатын.
4 практикалық сабақтың тақырыбы: Фунциональдық стилистика
Тапсырмалар:
1. Ауызекі сөйлеу стилі.
2. Ғылыми стиль.
3. Публицистикалық стиль.
4. Көркем әдебиет стилі.
5. Ресми іс-қағаздар стилі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет