Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет18/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

Субститут (орынбасар) - бір сөздің де, сөйлемнің де не сөйлемдер тізбегінің де орнына қолданылып, зат, мекен, мезгіл т.б. атаулардың мағынасында қолданылады.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
Сөзжасам жеке ғылым саласы болып аталғанымен грамматиканың саласы ретінде есептеледі. Сөзжасамды қазақ тіл білімінде дамытқан ғалым Н. Оралбаева былай деп жазады: «Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі. Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды» [Оралбаева, 191]. Н.Оралбаева айтқандай, сөзжасам жаңадан сөз тудыру мәселесін қарастырғандықтан стилистикаға тікелей қатысты болады. Стилистикада, әсіресе, ғылыми стильдегі терминжасам мен көркем әдебиет стиліндегі жаңа авторлық қолданыстар сөзжасам заңдарына тығыз байланысты болады. Мысалы, бұрынғы сөзжасамдық үдерістерге мысал келтірсек, аупартком, ауатком, обком, партком, колхоз т.б. күрделі сөздер архаизмге айналуда. Ал бұл сөздердің өзі қазақ тілінің стильдік тармағында қолданылып барып, сөздік қорға енген болатын. Ал жолсерік, автотұрақ, мерейтой, бағдаршам, азагүл, қазанама, саяжай, әуежай, мұзайдын, лездеме, шегерме, мөлшерлеме, тұсаукесер т.б. сөздер де, алдымен, стильдерде қолданысқа еніп, содан соң лексикалық қорға ене бастады. Сөзжасамның стилистикалық құралдары сөзжасам тәсілдерінің стильдер салаларында көрінуі. Мысалы: Ақы – жолақы, зейнетақы, сыйақы, өтемақы, жәрдемақы, айыпақы; жай – әуежай, ғарышжай, саяжай, тамашажай, ойынжай, мұражай, шипажай, мекенжай, жылыжай, қонақжай, жағажай;
2. Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы.
Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасына келетін болсақ, бұл мәселе бүгінгі таңда өте ауқымды, себебі әр стильде жаңадан сөз жасау күн сайын жүруде. Осыған орай, сөзжасамдық тәсілдер стилистикада үлкен қызмет атқарады. Жаңадан жасалған сөздердің көптеген варианттары стильдерде қатар қолданылып, бір-екеуі жарыспалы сипатқа еніп, лексикалық қорға қатар тұрақталады. Жеке адам жасаған сөздерді терминологиялық комитет арнайы қаулысымен бекітіп отырады. Сөзжасам мен стилистика, оның ішінде, стильдер тығыз қатынаста болады.
Әдебиеттер:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
13. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
8 практикалық сабақтың тақырыбы: Ресурстар стилистикасы (сөз таптары стилистикасы). Сөзжасам және грамматикалық стилистикаға кіріспе
Тапсырмалар:
1. Зат есімнің стилистикалық қызметі.
2. Сын есімнің стилистикалық қызметі.
3. Сан есімнің стилистикалық қызметі.
4. Есімдіктің стилистикалық қызметі.
5. Етістіктің стилистикалық қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет