20. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі дегеніміз не?
21. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:
А. Ата- бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі- ел басы, топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі- намысқой келеді екен;
В. Менің де мақсатым сол – кітабым сіздердің қажеттеріңізге жараса болды;
С. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады;
Д. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақыт та қалмаған;
Е. Таным- түсінектің дұрыс қалыптасуы- мәдениеттіліктің кепілі.
22. Берілген аралас құрмалас сөйлемнің сызбасын табыңыз:
Шөптің бойы биік болады да , қоян мен түлкі қашқанда , шөптер көрсетпейді, аңдар қалай қарай көшкенін биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз.
А. Сабақтас, салалас, салалас , салалас , басыңқы;
В.Сабақтас, сабақтас , басыңқы, басыңқы;
С.Салалас , салалас, сабақтас, басыңқы;
Д. Салалас , сабақтас , салалас , басыңқы ;
Е. Салалас, салалас , салалас , басыңқы;
23. Күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміз не?
24. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз:
А. Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Діда да сондай салқын;
В. Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді;
С. Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса;
Д. Қолынан келер бөтен жәрдемі болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді.
Е. Уәдеңді бер, болмаса қыз жоқ саған.
25. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем:
А. Өтірік-шыны араласа, әңгіменің дүкені қызды дейсің.
В. Тек бұл кісінің әлі түгел құтылып кетпегені де бар, әрі жемқорлық, арам мұның бойына дарыған жоқ.
С. Қонақтар аттарын алыстағы бағанаға қалдырды да, олар шұбырып ордаға жаяу келеді.
Д. Егер үйде жалықсаң, Бүбішті келін ғып берейін, екеуің ойнап отырасыңдар.
Е. Осындай бір қорықтар болмаса, бұл дүниенің ауасы нәрді қайдан алады?
Достарыңызбен бөлісу: |