1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:
Кредит саны
Дәрісханалық сабақтар
Дәрісханадан тыс сабақтар
Барлық сағат
Бақылау түрі
Дәріс
Практикалық/
семинар сабақтары
Зертханалық сабақтар
СОӨЖ
СӨЖ
3
30
15
-
45
45
135
Аралас емтихан
Аралық бақылау - семестрдің8 және 15 аптасы
2. Пән туралы мәліметтер Мақсаты:«Қазіргі қазақ тілі» пәнінің бір бөлігінің-қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем жөнінде оқытылатын бөлігінің мақсатын, мазмұнын белгілеуге арналған. Курс түгелдей алғанда бүгінгі күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдебиеті тілінің (ауызекі,жазба варианттарының) фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізде танытуды мақсат етеді. Курстың мақсаты - студенттерге қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі саласының қалыптасуы мен дамуы, зерттелуі жайынан түсінік беріп, құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылысымен таныстыру. Атап айтқанда, сөз тіркесі мен жай сөйлемнен басты айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсету, анықтамасы, түрлері, құрылысы, мағыналық ерекшелігі, зерттелуі, басқа грамматикалық единицалармен ара қатынасы, яғни ұқсастықтары мен айырмашылықтары, өзіне тән белгілер мен критериилері, құрмаласу жолдары, құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері, жасалу жолдары сияқты мәселелер қарастырылады. Жалпы, қазақ тілінің синтаксистік құрылысына қатысты барлық теориялық мәселелер кең қамтылады. Құрмалас сөйлем синтаксисінің алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі зерттелу тарихынан хабардар ету көзделеді. Нәтижесінде, студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылысын, құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін жан-жақты, толық меңгерту мақсат етіледі.