Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Мәтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік



бет24/40
Дата23.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#120711
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
ҚҚТ құрмалас сөйлем синтаксисі, Ұ.Р.Ержанова, Н.Е.Дүйсенғалиева

4.2.Мәтін құрамындағы дербес сөйлемдердің синтаксистік
байланысы
Аңдату.Шумақты құрайтын дербес сөйлемдердің байланысы туралы пікірлер тіл білімінде бір арнаға түсе қойған жоқ. Бірқатар тілтанушылар жеке пішімделген дербес сөйлемдердің байланысын сөйлем мүшелерінің байланысымен ұқсастырады [47,10-29 бб.; 48,3-8 бб.], келесі бір тобы құралас сөйлемнің сыңарларының байланысымен сәйкес деп санайды[17,7-9-б., 237 б., 19, 7 б.;25, 5 б.], үшінші бірі жай я құрмалас сөйлемге тән байланыстарды шумақ компонеттеріне жуытпайды,дербес сөйлемдердің байланысуын жоғары деңгейдегі айрықша суперсинтаксистік байланыстарға жатқызады[34, 49-59 бб,].
Дербес сөйлемдердің тізбектеле байланысуы. Адам сөйлеуде қоғамдағы, табиғаттағы белгілі бір зат немесе құбылыс туралы әсерін, күрделі ойын жеткізу үшін сол затқа я құбылысқа сүйенеді. Сөйлеуде заттың я құбылыстың әртүрлі сипаттарын беру үшін, ойын жалғастыру үшін сол заттың я құбылыстың тілдік таңбасын тірек етеді, сол ұғымды сөйлеудің әр кезеңінде қайталап отыруға тура келеді. Міне, осылайша сөйлеудің,ойлаудың қозғалысы жүзеге асады.
Ықшамдау құбылысының дербес сөйлемдерді тізбекті түрде байланыстыруы. Шумақ құрамындағы дербес сөйлемдерінің байланысының екі түрлі көрінісі болады: көрінеу (эксплицитті) жәнек көмес (имплицитті) байланыстар. Осының алдында көрінеу байланыстар сипатталады. Ал көмес байланыстардың құралдары сөйлем құрамында көрінбейді, бірақ контекстен белгілі болып тұрады
Дербес сөйлемдердің жарыса байланысуы.Параллелизм сөйлеуде үш деңгейде көрінеді:бір сөйлем шегінде (бірыңғай мүшелердің байланысы,салалас құрмаластың құрамындағы сөйлемдер арасында);бірі шумақ шегінде,бірі мәтіннің үлкен бөліктерінің(тарау,бөлім,үзінді,абзацтардың) арасында. Бұл жерде сөз дербес сөйлемдердің арасындағы теңдес, жарыспалы байланыс турасында. Сондықтан орыс тіл білімінде параллель байланыс деген жөн. Бұл-салалас байланыстың шумақ деңгейіндегі көрінісі.
Құрылымдық тепе-теңдік тәсілі.Сыңарлардың құрылымдық тепе-теңдігі сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орын тәртібі мен саны, жасалу жолдары бірдей, кейде шамалас болуынан көрінеді.

28-дәрістің тақырыбы: Сөйлем және контекст


1.Сөйлемнің толымды, толымсыздығы
2.Мүшеленбейтін құрылымдар
3.Үстемелі құрылымдар
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Болмыстағы кез келген құбылыс бір жақты, оқшау болмайды, ол белгілі бір жүйенің құрамындағы, күрделі құбылыс болады. Болмыстың тілдегі көрінісі де осыған сәйкес. Ал хабар алмасушы (коммуникант) қашан да өз сұранысын толық қанағаттандыруға тырысады, яғни, белгілі бір зат я құбылыс туралы мүмкіндігінше толық хабар, мағлұматты қажет етеді. Жан-жақты толық хабар болса бір сөйлемнің мазмұнына көбіне сыя бермейді. Міне, осыдан келіп сөйлемдегі ой да тиянақты бола бермейді. Сөйлемнің контекске тәуелділігі, синсемантикалылығы осыдан келіп шығады.
Синсематика – белгілі бір мағынаның өзі сияқты басқа бір мағынамен ұштасуы, ықпалдасуы, өзара тәуелді болуы екенін білдіретін аталым. Осыған орай, сөйлемге байланыстырып сөйлеу фактісі ретінде қарасақ, контекстің ықпалын, яғни, бір сөйлемнің мағына-мазмұнының келесі бір сөйлемнің мағына-мазмұнына әсерін қарастыру міндеті келіп шығады.
Есімдіктер. Қазақ грамматикасында есімдіктің синтаксистік қызметін оның сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқаратынын анықтаумен ғана шектейді. Шын мәнінде, оның дейксистік (орынбасарлық) қызметі синтаксистік контексте айқындалады.
Адам өз ойын әрқашан бір сөйлеммен ғана жеткізе алмайды. Сондықтан ол мәтін кеңшілігін пайдаланады, ал мәтін, негізінен, бірнеше айтылыс-сөйлемдерден тұрады, ол сөйлемдер бір-бірімен құрылымдық-мағыналық іліктестікте болмаса, коммуникативтік әрекет мақсатына жете алмайды.
Есімдіктердің мағыналық түрлерінің сөйлемге қатысуы арқылы сол сөйлемді тиянақсыз (синсемантикалы) етіп, басқа сөйлемдермен байланыстырып тұрады.
Сілтеу есімдіктерінің сөйлемдегі ойды тиянақсыз, контекске тәуелді етуінің және аяқталған сөйлемдерді байланыстыруының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлар анафоралық та, эпифоралық та бағытты нұсқай алады.
Жалпылау есімдіктің синсематикалық ықпалы оның өз алдында аталған бірнеше заттар мен құбылыстарды қорытып, түйіндеп тұратын қызметімен байланысты. Оның бір сөйлемді келесі бір сөйлемге тәуелді қылып тұруындағы қызметінің оның сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтап тұруынан ерекшелігі сонда, дербес сөйлемде бірыңғай мүшелерсіз келген жағдайда алдыңғы бір сөйлемдегі я сөйлемдердегі заттар мен құбылыстарды, оқиғаны жалпылай қорытып беретіндігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет