«Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнінен аралық бақылау өткізудің әдістемелік нұсқаулығы
Аралық бақылауға 30 сұрақтан тұратын 2 нұсқа тест тапсырмасы беріледі. Оның 10 сұрағы 1 дұрыс жауаппен, 10 сұрағы екі дұрыс жауаппен, ал 10 сұрағы ашық түрде беріледі. Бір дұрыс жауабы көрсетілген сұрақтарда 5 жауап нұсқасы беріледі, студент осы жауаптардың ішінен дұрыс 1 ғана жауапты көрсетуі керек. Екі дұрыс жауабы бар сұрақтарда да 5 жауап нұсқасы беріледі, студент соның ішінен екі дұрыс жауапты көрсетуі тиіс. Ал ашық сұрақтарда студент берілген сұраққа өзі жазбаша түрде толық әрі нақты жауап бергені дұрыс.
Бағалау өлшемдері:
1 ғана дұрыс жауабы бар 10 сұрақта студент әрбір дұрыс жауап үшін 2 балл;
2 дұрыс жауабы бар 10 сұрақта студент әрбір дұрыс 2 жауап үшін 3 балл (егер дұрыс жауаптың біреуі ғана белгіленсе 1,5 балл);
жауапсыз ашық берілген 10 сұрақта студент әрбір толық дұрыс жауап үшін 5 балл (жауап бағыты дұрыс, алайда аздаған кемшілік болса 4 балл, жартылай жауап берсе 2,5 балл);
егер студент сұраққа дұрыс жауап бере алмаса 0 балл алады.
Сонда студент 1 ғана дұрыс жауабы бар 10 сұрақтан максималды 20 балл, 2 дұрыс жауабы бар 10 сұрақтан 30 балл, жауапсыз ашық берілген 10 сұрақтан 50 балл, барлығы 100 балл жинауы тиіс. Егер жауап толық болмаса әрбір сұрақ бойынша тиісті балы есептеліп жиынтық қорытынды шығарылады. Мысалы: 1 ғана дұрыс жауабы бар 10 сұрақтың 8-іне дұрыс жауап берсе 16 балл, 2 дұрыс жауабы бар 10 сұрақтың 6-уына дұрыс, 3-уіне жартылай жауап берсе 18+4,5=22,5, ашық жауапты 10 сұрақтың 5-уіне толық, 1-уінің бағыты дұрыс, алайда аздаған кемшілігі болса, 3-уіне жартылай жауап беріп, ал біреуінің жауабы дұрыс болмаса 25+4+7,5+0= 36,5 балл, қорытындысында 16+22,5+36,5=75 балл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |