«Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнінен І аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Компоненттері бір-бірімен ешқандай қосымша дәнекерсіз, тек мағына жақындықтарына қарай іргелесе, қабыса айтылулары арқылы байланысатын құрмалас сөйлемнің түрі: А. Гипотаксис;
В. Паратаксис;
С. Предикат;
Д. Атрибут;
Е. Субъект.
2. Себеп-салдар салаластың өзіндік белгілері: А. Себеп-салдар салаластың алдыңғы компоненті кейде себепті, кейде салдарды білдіріп, өзара не іргелес, не себеп-салдар жалғаулықтарымен байланысады;
В. Себеп-салдар салаластың алдыңғы компоненті себепті білдіріп, -ғасын ормалы етістік арқылы байланысады;
С.Іргелес салаластардың І компонентінің баяндауыштары көргендей, көретіндей тұлғалы есімшелерге аяқталады.
Д. Себеп-салдар салаластың екінші компоненті салдарды білдіріп, себеп пысықтауыш барыс, шығыс септіктегі есімшелер мен үшін шылауы тіркескен есім сөздерден жасалады;
Е. Бағыныңқысы басыңқының себебін білдіреді;
3. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік дегеніміз не?
4. Тұлғасы болымсыз,мағынасы болымды құрмалас сөйлемді көрсетіңіз: А. Жан-жақтан жиналғандар көп болғанымен, үй ішінде қызық әңгімелер аз айтылмады;
В. Өлең табылғанмен, көңіл табыла бере ме?
С. – Айтқызарсың шынымды, біле алмайың ештене!
Д. – Сіздің пікіріңізге келіспеймін, көндірмей-ақ қойыңыз.
Е. Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
5. Құрмалас сөйлемдердегі тиянақсыз интонацияның функциясы: А. Компоненттердің мағыналық түрін айқындау;
В. Предикативтік компоненттердің ара жігін ажырату;
С. Компоненттердің құрылымдық түрін ақындау;
Д. Компоненттердің ара жігін ажырату әрі келесі компонентпен байланыстыру;
Е. Компоненттердің басын біріктіріп, бір бүтін етеді.