4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар: Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тест, деңгейлік тапсырмалар, ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің сипаты 1.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі
2.Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары
3. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі объектісі бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөйлемдерді ғана айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің бір-біріне жалғасуында қалыптасқан мағыналық және структуралық заңдылықтар бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті – сол заңдылықты ашып-айқындау.
2.Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ой атаулының қандайы болса да тіл арқылы қалыптасып, тіл арқылы, тілдік материалдар арқылы өмір сүріп, басқаларға жеткізеді. Сондықтан тіл ойдың тікелей шындығы, ал ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады дейміз.
Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш – сөйлем. Сөйлемге «біршама аяқталған ойды білдіреді» деп анықтама беретініміздің себебі де сол.
3. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері «Тіл құралы» деген атпен 1925 жылы қазақ тілінде шыққан А. Байтұрсынұлының оқулығында: «Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі — ішкі мағына жақындығы да, екіншісі — сыртқы қисын жақындығы» дегенді айта келіп, жай сөйлемдер бір-бірімен бірігіп, бір құрмалас сөйлем болу үшін олардың арасында осы екі жақындықтың, ішкі мағына жақындығы мен сыртқы қисын жақындығның болуы керек делінген. Бұл — құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған алғашқы пікір еді, бірақ соған қарамастан компоненттер арасындағы бірлікті, байланысты дұрыс көрсеткен.
№2 дәрістің тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің сипаты
1.Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тәсілдер
2.Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
Терминдер мен анықтамалар
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)