себептілік принципі – физикалық оқиғалардың бір-біріне ықпалының мүмкін шегін тағайындайды
сәуле шығаратын кванттық көшу – кванттық жүйенің электрмагниттік сәулелену квантын шығару немесе жұту процесі болатын көшу
спин – микробөлшектің қозғалыс мөлшерінің меншікті моменті
тепе-теңдік сәулелену – абсолют қара дененің сәулеленуі
тығыздық матрицасы – кез келген физикалық шаманың орта мәнін табатын оператор
теңбе-тең бөлшектер – массасы, спині, электр заряды, кванттық сандары және басқа да ішкі сипаттамалары бірдей болатын бөлшектер
физика – материяның жалпы формалары және өзара түрленуі туралы ғылым, ол дәл ғылымдарға жатады және айналамыздағы процестермен құбылыстардың сандық заңдылықтарын зерттейді