Вакуумдағы электр өрісін сипаттаңыз. Электр заряды туралы



бет1/8
Дата20.02.2023
өлшемі8,66 Mb.
#69484
  1   2   3   4   5   6   7   8

СЕССИЯ СҰРАҚТАРЫ МЕН ЖАУАПТАРЫ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ

  1. Вакуумдағы электр өрісін сипаттаңыз.Электр заряды туралы айтыңыз.




Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электромагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі.
Электр зарядының екі тегі болатынын және олардың қасиеттерінің сипатттамаларын Шарль Дюфе (1698-1739) ашты[1].
Электр заряды 2 түрге ажыратылады және ол шартты түрде оң заряд және теріс заряд деп аталады. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Дененің электр заряды оның құрамына енетін барлық бөлшектің Электр зарядының алгебр. қосындысына тең. Электр заряды дискретті, яғни барлық бөлшектер мен денелердің электр заряды еселі болып келетін ең кіші элементар электр заряды болады. Оқшауланған электр жүйесінде зарядтың сақталу заңы орындалады. Қозғалмайтын электр зарядының арасындағы өзара әсер Кулон заңымен, ал электр заряды және оның эл.-магн. өрісінің арасындағы байланыс Максвелл теңдеуімен сипатталады. Заттағы өрісті қарастырған кезде элетр заряды еркін заряд және байланысқан заряд болып ажыратылады. Электр зарядының бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – кулон 

2) Кулон заңы,Кулон заңының өрістік интерпретациясын тұжырымдаңыз.Гаусс теоремасын келтіріңіз.
Кулон заңы — екі нүктелік электрикалық зарядтардың өзара әсерін сиппаттайтын заң. Кулон заңы бойынша тыныштықтағы екі нүктелік зарядтар зарядтардың модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал, ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал, таңбасы зарядтардың таңбаларының көбейтіндісімен бірдей, ал бағыты екі зарядты қосатын түзу бойымен бағыттас күшпен өзара әсер етеді
Екі зарядтың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен есептелінеді. Бір-бірінен r арақашықтықта орналасқан заряды q1 және q2 тең екі нүктелік зарядтардың арасында мына формуламен есептелінетін F күші пайда болады:Екі зарядтың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен есептелінеді. Бір-бірінен r арақашықтықта орналасқан заряды q1 және q2 тең екі нүктелік зарядтардың арасында мына формуламен есептелінетін F күші пайда болады:




мұндағы k = 8,9875517873681764·109 Н·м2/Кл2 тең тұрақты коэффициент. Кулон заңы формуласы осы. Бұның формуласы Бүкіл әлемдік тартылыс заңдыкіне ұқсас.
Электр зарядтардың арасында пайда болатын күшті Кулон күші деп те атайды.

Гаусс теоремасы, электр динамикасында — электр статикасының тұйық бет арқылы өтетін электр индукциясының сол бетті қамтитын көлем ішіндегі зарядқа пропорционалдығын тұжырымдайтын негізгі теоремасы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет