азғындау – кванттық механикадағы кез келген оператордың меншікті мәніне кейде бірнеше меншікті функциялар сәйкес келеді. Мұндағы - азғындау еселігі деп аталады
алмасу әрекеттестігі – кейбір ерекше әрекеттестіктің нәтижесі болып білінетін теңбе-тең бөлшектердің өзара ықпалы
анықталмағандықтар қатынасы – бөлшектің координаттарын және импульстерін бір мезгілде дәл өлшеу мүмкін екендігін тұжырымдайтын кванттық теорияның негізгі қағидасы
атомның стационар күйі – атомды сипаттайтын физикалық шамалар уақыт бойынша өзгермейтін орнықты күй