Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Мектепалды тобы/Мектепалды сыныбы (5 жастан бастап)



бет160/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   187
5-тарау. Мектепалды тобы/Мектепалды сыныбы (5 жастан бастап)

1-параграф. «Денсаулық» білім беру саласы


119. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


120. «Денсаулық» білім беру саласын ұйымдастыру және өткізу балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға және қозғалыстың негізгі түрлерін қалыптастыруға бағытталған.
121. Мақсаты-денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, ойындар мен жаттығулар арқылы қауіпсіз мінез-құлық негіздерін, дене шынықтыруға деген қызығушылықты қалыптастыру.
122. Міндеттері:
дене сапаларын дамыту;
тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;
қимылды және командадағы жарыс сипатындағы ойындарды, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту;
шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дене шынықтырудың түрлі нысандарында дамыту;
балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімділігіне, жалпақ табандылықтың аладын-алуға медициналық- педагогикалық бақылау жүргізу;
ұлттық қимылды ойындарды өткізуге жағдай жасау.


2-параграф. I-жартыжылдық

123. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (5 сағат).
Ширату (5 сағат).
Дене қалпын қалыптастыруға арналған жаттығулар (30 сағат).
Жалпақ табанның алдын алуға арналған ойындар мен жаттығулар (30 сағат):
1) аяқтың сыртқы және ішкі жағымен жүру;
2) қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
Көру-моторлы координациясын қалыптастыруға арналған доппен жаттығулар (30 сағат):
1) допты нысанаға екі қолмен лақтыру дағдысын жаттықтыру
әртүрлі ойындар;
2) допты бір қолмен нысанаға лақтыру дағдысын жаттықтыру;
3) допты қолмен, аяқпен домалату дағдысын жаттықтыру;
4) түрлі ойындар (тұру, отыру);
5) допты пайдаланып эстафеталық жарыстар.
Аяқ бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар (30 сағат):
1) қолды жоғары көтеріп, параллель қозғалыста отырып, отырып-тұру;
2) қолды бір жаққа бұру;
3) баяу қарқынмен, жылдамдықпен түзу бойынша жүгіру;
4) жылдамдықты жылдамдату кезінде кедергілермен жүгіру;
5) эстафеталар.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес әртүрлі қарқындағы қимылдар. Музыкаға таныс дене жаттығуларын әдемі, әсем орындау. Аяқтарды кезекпен өкшеге қойып, таптау. Бүйірлік қадамдар. Музыканың ең қарапайым ырғақ үлгісіне сәйкес қол соғу. Тікелей айналмалы қадам. Шеңбер бойымен жұппен қимылдау.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Төбеден бір-бірден, екі-екіден шанамен төмен түсу. Шанамен төбеге шығу;
2) сырғанау. Мұз жолдарында өз бетінше, жүгіруден кейін сырғанау; еңкею және сырғанау кезінде қайта тұру;
3) шаңғы тебу. Ауыспалы қадамдармен бірінен соң бірі қозғалу, сол және оң аяқпен сырғанау. Кедір-бұдыр жермен жүру. Орнында оңға және солға, екі бағытта айнала отырып, бұрылыстар жасау;
4) велосипед, самокат тебу. Екі доңғалақты велосипедті түзу және шеңбер бойымен жүру. Оңға және солға бұрылады;
5) жүзу. Таяз жерде суда отыру және жату, аяқтың қимылдарын жасау (жоғары және төмен). Төменгі жағымен қолмен алға және артқа жүру (аяқтарды көлденең созу). Еңкейіп тұру, суға иекке дейін, көзге дейін батыру, бүкіл бетті суға түсіру, суға үрлеу;
6) гидроаэробика. Судағы қозғалыс, бұрылыстар жасау.
Спорттық ойындардың элементтері:
1) баскетбол. Допты бір-біріне екі қолмен кеудеден лақтыру. Оң және сол қолмен лақтыруға жаттықтыру;
2) волейбол. Допты қолмен лақтыру және соғу, белгілі бір бағытта және бір-біріне бағыттау;
3) футбол. Допты оң және сол аяқпен берілген бағытта домалату. Допты заттарды айналып өту. Допты қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;
4) хоккей. Шайбаны таяқпен берілген бағытта домалату, қақпаға домалату.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ойынның дамуына ықпал ететін түрлі жабдықтар мен спорттық керек-жарақтарға толы қозғалыс ортасын құру. Көп нұсқалы ойындарға арналған кеңістікті ұйымдастыру. Құрдастарымен жарыстарды ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балалардың қарапайым су процедураларын жүргізудегі өзіндік дағдыларын бекіту. Таңертеңгілік жаттығуларды (10-12 минут) ауада орындауға қызығушылықтарын ояту.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат).
Күтілетін нәтижелер:
сапта тұруды, саптан бағанға бір-бірден, екі-екіден, үш-бірден қайта құруды, орнында бұрылыстарды орындауды біледі;
ересек адамның бұйрығын біледі және орындайды;
заттардың көмегімен аяқты дамытуға арналған қозғалыстарды орындайды;
құралдарды қолданбай, заттарды пайдалана отырып, арқа бұлшықеттерін, іш бұлщықеттерін күшейту үшін қозғалыстарды орындайды;
аяқтың дамуына арналған қимылдарды, ересек адамның бұйрығымен сапқа тұрып, бірінен соң бірі қозғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет