Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Ортанғы топ (3 жастан бастап)



бет181/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

2-тарау. Ортанғы топ (3 жастан бастап)

185. Мақсаты - ойын және өнімді қызметте объектілердің қасиеттері мен сапаларын қабылдауға жағдай жасау; әртүрлі нысандар арасындағы ара қатынасын табуға, сәйкестікті орнатуға, салыстыруға үйрету; сенсорлық эталондар жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру; балаларды заттар мен материалдардың қасиеттерін, жасаған зерттеу әрекеттерін сөзбен белгілеуге ынталандыру; объектілерді зерттеу процесіне, заттармен ойындарға оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру.


186. Міндеттері:
1) балалардың әртүрлі заттармен практикалық іс-әрекеттер тәжірибесін жинақтауына жағдай жасау;
2) заттармен белсенді әрекеттерді жасау негізінде қабылдауды (көру, есту, тактильді-қозғалыс, дәм сезу) дамыту;
3) әлеуметтік-қоғамдық тәжірибені игеру тәсілдерін (еліктеу, көзбен салыстырып сәйкестендіру, үлгі арқылы әрекеттер) қалыптастыру;
4) бағдарлаудың практикалық тәсілдерін (сынау, шарлау, көзбен өлшеу) қалыптастыру;
5) берілген белгіге сәйкес заттарды тануды, ажыратуды, топтастыруды үйрету;
6) заттың тұтас бейнесін қалыптастыру;
7) заттардың пішіні, өлшемі, түсі туралы түсініктерін қалыптастыру;
8) ересектермен бірге және үлгі бойынша заттармен қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету.

1-параграф. I-жартыжылдық

187. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:


1) объектілерді олардың сурет бейнелерімен сәйкестендіру, ұсынылған 2-3 үлгінің ішінде;
2) ойын бөлмесінің әртүрлі жерлерінде орналасқан жұптық заттарды табу;
3) екі-үш заттың ішінен қажетті ойыншықты таңдау;
4) заттың бөліктерін бір бүтінге қосу (2-ден 4-ке дейін): кесілген суреттерді, пазл түріндегі қиылған суреттерді, текшелерді жинау;
5) заттармен әрекеттерді (итеру, қақпақтармен жабу, тізбектеу) орындау кезінде заттардың өлшеміне және пішініне бағдарлау;
6) көлемі мен формасы бірдей заттарды көлемі бойынша кезектестіру: үлкен және кіші моншақтарды тізбектеу ;
7) форматары әртүрлі заттарды кезектестіру: формасы түрлі моншақтарды тізбектеу;
8) түстерді ажырату (қызыл, сары, көк);
9) заттарды бір-біріне қатарластыру арқылы түстерін салыстыру;
10) ұсынылған төрт түсті элементтердің ішінен қажетті екі түсті элементтерді таңдау жасап объектілерді түсі бойынша кезектестіру: мозаиканы салу;
11) көлемді формаларды (текше, шар) көзбен ажырату, үлгі бойынша көлемді форманы таңдау;
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) әр түрлі аспаптардың дыбысына жауап ретінде еліктеу арқылы түрлі моторлы реакцияларды беруді дамыту (барабанға адымдау, сылдырмаққа шапалақтау);
2) дыбысқа еліктеуші үндерді дифференциациялау, 2-3суреттің ішінен дыбысқа сәйкес келетін суретін таңдап, дыбыс пен суретті сәйкестендіру;
3) музыкалық ойыншықтар үндерінің ұзақтығы мен күшін ажырату;
4) музыкалық ойыншықтардың дыбыс ырғағын естіп сезіну;
5) дыбыстың шығу орны мен көзін анықтау;
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) педагогтың «Бер (текше, доп, машина)» деген өтініші бойынша 2 таныс заттың арасынан сұранған ойыншықты қолмен сипалау арқылы таңдап, беру;
2) көлемді формаларын (шар, текше) ажырату, үлгіні көрсете отырып, 2 шарды ішінен (үлкенді, кішіні) көзбен таңдау;
3) объектілердің өлшемін (үлкен, кіші) қолмен ұстап сипалау арқылы ажырату, 2 заттың ішінен (үлкенді, кішіні) үлгі бойынша көзбен таңдау;
4) объектілер мен заттарды «дымқыл» - «құрғақ» белгілері бойынша ажырату (орамал, ыдыс-аяқ, шөп, жер);
5) объектілер мен заттардың температурасы бойынша ажырату: «ыстық» - «суық»;
дәм сезгіштігін дамыту:
1) ыстық және салқын тағамдар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) ыстық және салқын сусындарды (шай, шырын) ажырату.
Күтілетін нәтижелер:
түстерді ажыратады, салыстырып сәйкестендіреді (қызыл, сары, көк);
заттардың көлемін ажыратады (үлкен-кіші);
геометриялық пішіндерді (шар, текше) ұстау-сипалау арқылы ажыратады;
объектілерді зерттеп карауда сезімталдықтың әртүрлі түрлерін қолданады;
жақын қоршаған орта объектілерін көру арқылы таниды;
таныс ойыншықтардың бейнесін нақты затпен сәйкестендіреді;
екі-үш музыкалық аспаптың дыбысын ажыратады;
ойыншықты оған сәйкес дыбыс үнімен сәйкестендіреді;
тағамды, сусындарды «ыстық-суық» белгісі бойынша ажыратады;
заттар мен объектілерді «ылғалды-құрғақ», «ыстық-суық» белгілері бойынша ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет