Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет172/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

3-параграф. II-жартыжылдық

173. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


қоршаған ортамен танысу арқылы сөйлеуді түсінуін қалыптастыруды жалғастыру;
қарым-қатынас дағдыларын дамытуды жалғастыру;
сұрақтарға жауап беру және өз өтінішін бір сөзбен, қарапайым сөйлеммен жеткізу дағдысын қалыптастыру;
айналадағы адамдар, заттар, тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейтуді жалғастыру;
сенсорлық қабылдаудың дамуы нәтижесінде қоршаған орта объектілердің негізгі белгілері (түсі, өлшемі) туралы білімдерін кеңейту;
пассивті сөздік қорын жинақтауды жалғастыру;
активті сөздікті белсендіру.
Жұмыстың мазмұны.
Сұрақтарға жауап беруге және өзіндік негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарапайым сөйлемді қолдануға ынталандыру.
Күнделікті қоршаған орта объектілері, олардың маңызы мен тағайындануы туралы, жыл мезгілдері мен оларға тән құбылыстары туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
Көру және сенсорлық қабылдауды дамыту барысында үй және жабайы жануарлардың сыртқы түрі мен өзіріне тән кейбір белгілерін, кейбір тағамдар мен көкөністердің, жемістердің дәмін ажырата білуге үйрету.
Жануарлармен танысу кезінде (ойыншықтар, суреттер, мультфильмдер, нақты жануарлар) білдірген қызығушылықты көтермелеу және жануарлар дауыс үндері мен әрекеттеріне еліктеуге ұмтылуды ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
күнделікті тұрмыстық өмірде өзінің және қоршаған ортаның орындайтын негізгі әрекеттерін түсінеді, біледі және ажыратады;
жақын қоршаған орта объектілері (ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киім мен аяқ киім, тамақ, көлік) және олардың маңызы мен мақсаты туралы қарапайым түсініктері бар;
жыл мезгілдері және олардың әрқайсысына тән болып жатқан табиғат құбылыстары туралы қарапайым түсініктері бар;
үй (мысық, ит, сиыр, жылқы) және жабайы (қасқыр, түлкі, қоян) жануарлардың сыртқы түрі мен өзіріне тән кейбір белгілерін ажырата алады, кейбіреулерінің дауыс үндеріне еліктейді;
кейбір жемістер мен көкөністердің (алма, алмұрт, банан, қызанақ, қияр, картоп) сыртқы түрі мен дәмін және кейбір тағамдарды (нан, ботқа, сорпа, компот, печенье) ажыратады;
жануарларға, құстарға, жансыз заттарға қызығушылық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет