4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 523. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
524. Мақсаты қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларды, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады.
525. Міндеттері:
1) қоршаған орта туралы, тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы, қоғамдық өмір туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
2) балабақша іші-жайында бағдарлай білуін жетілдіру;
3) заттарды олардың қолданысы бойынша жіктеу;
4) өсімдіктер және жануарлар әлемі, табиғаттағы мезгілдік құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
5) жыл мезгілдерінің ауысуын бақылауға, олардың қарапайым белгілерін білуге, ауа райының қалпын ажыра білуді қалыптастыру;
6) мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік мейрамдар туралы білімін қалыптастыру;
7) ауызша байланыстырылған сөйлеу тілін дамыту;
8) психикалық үдерістерін: зейін, есте сақтау, ойлаудамыту;
9) өсімдіктерге және жануарларға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
5-параграф. 1-жартыжылдық 526. Қоршаған ортамен танысу:
1) отбасы мүшелері туралы білімдерін қалыптастыру: ана, әке, ұл, қыз, әже, ата; ағасының, әпкесінің есімдерімен таныстыру;
2) топ педагогтерін аты-жөнімен атауға үйрету, топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету;
3) дене мүшелері мен бет бөліктерін атауға, олардың қызметін түсіндіре білуге үйрету;
4) ересектердің мамандықтары туралы түсініктерін қалыптастыру: мейірбике, дәрігер, сатушы;
5) микроәлеуметтік орта туралы білімін қалыптастыру: дүкен, дәріхана, көлік;
6) қоршаған әлеуметтік және заттық ортаға танымдық қызығушылығын дамыту;
7) қоғамдағы жүріс-тұрыстың қарапайым нормалары туралы түсінігін қалыптастыру;
8) Қазақстан - ел атауымен таныстыру, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстыру;
9) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету: ыдыс (шай ыдысы, асханалық), жиһаз (бөліктері);
10) "киім, аяқкиім", "ыдыс-жиһаз" ұғымдарын ажырата білуге үйрету;
11) жыл мезгілдері туралы білімдерін қалыптастыру;
12) өлі табиғат нысандарымен таныстыру: саз балшық, тас, құм;
13) тәулік мезгілдері туралы білімдерін кеңейту: кеш;
14) мейрамдармен: туған күн, күз мерекесі, Қазақстанның туған күнітаныстыруды жалғастыру.
527. Күтілетін нәтижелер:
1) отбасы мүшелерін біледі;
2) дене мүшелері мен бет бөліктерін атайды немесе көрсетеді.
3) ойыншықтарды, автобусты, жүк машинасын, үйді, тұрмыс заттарын атайды;
4) жыл мезгілдері мен олардың қарапайым белгілерін атайды;
5) кейбір мамандықтар туралы түсініктері бар;
6) қоғамда жүріс-тұрыстың қарапайым нормаларын сақтайды;
7) ел атауы туралы түсінігі бар;
8) тұрмыстық заттар туралы түсініктері бар;
9) иллюстрацияға сүйене отырып, тәулік мезгілдерін ажыратады;
10) мейрамдар туралы түсініктері бар.