«Біз шыныққан баламыз»



бет1/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,66 Kb.
#95775
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Біз шымыр боламыз!»


«Біз шымыр боламыз!» спортық ойын- сауық
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарысқа қызығушылықты арттыру. 
Спортқа деген сүйспеншіліктерін нығайту. Ептілікке,шапшаңдыққа жаттығу.  Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлт жандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Балалардың қызығушылықтарын ояту.
Көрнекі құралдар:  доп, секіргіш, доғал, гимнастикалық орындық, тығыз доп, асықтар, кеглилер,арқан.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар, балабақша тәрбиешілері,қонақтар. «Аққу»тобында өткелі отырған «Біз шымыр боламыз» атты спорттық ойын-сауыққа қош келдіңіздер.Біздің қатысушыларымызды қошеметтеп отырыңыздар.
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аязда да тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы дей тұрып,
 Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысып алайық:
1. Балабақша меңгерушісі:Бейсебекова Г.Ж.
2.Балабақша әдіскер: Шаханова Г.Ж.
3.Тәрбиеші: Скакова М.
Жүргізуші:
Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда
«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға спортшыларымызды шақырайын
1. «Қарлығаш»тобын шақырамыз.
2. «Сұңқар» тобын шақырамыз.
Топтармен таныстырып өтейін:
«Қарлығаш»тобы:
Ұраны: «Біз бүлдіршін Қарлығаш
Шаршамаймыз талмаймыз
Алға қарай самғаймыз»
«Сұңқар» тобы
Ұраны: «Қиындыққа төтеп берер,
Біз боламыз «Сұңқар»тобы »

Жарысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. «Кім жылдам» 

Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет