Байланысты: үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)
6-параграф. 2 - жартыжылдық 70. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар қамтиды: заттық әлем, өзі туралы түсініктері, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
71. Заттық әлем:
1) полисенсорлы негізде жақын аймақтағы заттардың қасиеттері, қызметі туралы ұғымдарды қалыптастыру және дамыту;
2) заттардың қызметіне сәйкес, олармен әрекет ету тәсілдерін бекіту.
72. Бала және қоршаған адамдар:
1) балалардың өздері туралы (есімі, тегі, жынысы, жасы) тұлғалық ұғымдарын дамыту;
2) өз денесінің бөліктері мен олардың қызметі туралы ұғымдарды қалыптастыру;
3) басқа балалардың жыныстық қатыстылығын сыртқы белгілері бойынша анықтау білігін үйрету.
73. Жеке гигиена. Дағдыларға оқыту:
1) көру және сақталған анализаторлардың көмегімен жеке қолданыстағы заттардың сипаттамалық белгілерін ажырату;
2) оларды басқа заттардың арасынан тану.
74. Көшедегі мінез-құлық ережесі:
1) серуенге арналған аумақта қауіпсіз мінез-құлық ережесін бекіту;
2) көру және сақталған анализаторларға сүйеніп, серуенге арналған аумақта және балабақшаның жолдарымен қимыл-қозғалыс жасауға жаттығу.
75. Ересектердің еңбегі. Білімді қалыптастыру:
1) балабақшадағы ересектердің еңбегі, олардың маңызы туралы;
2) олардың еңбек заттары мен қарапайым еңбек әрекеттері.
76. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті.
77. Біліктерге үйрету:
1) ым-ишара қимылдарының мәнін анықтау: "тыныш", "сонда", "бер";
2) адамдардың айқын көрінетін эмоционалды күйлерін және олардың мимикадағы сырт көрінісін түсіну;
3) мимикалық және ым-ишара қимылдарын қайта жаңғырту.
78. Басқа балалармен танысу ережесімен және бірлескен ойын ережесімен таныстыру.
79. Күтілетін нәтижелер:
1) жақын аймақтағы заттарды біледі, олармен қызметіне сәйкес әрекет етеді;
2) өзінің тегін, жасын, өз денесінің бөліктерін біледі;
3) басқа заттардың арасынан жеке гигиеналық заттарды таниды;
4) серуенге арналған аумақта қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережесін түсінеді;
5) еңбек заттарын және аула сыпырушы, аспаздың қарапайым еңбек әрекеттерін таниды;
6) басқа балалармен танысу ережесін біледі;
7) адамдардың эмоционалды күйлерін және ым-ишара қимылдарының мәнін ("тыныш", "сонда", "бер") түсінеді, оларды үлгі бойынша қайта жаңғыртады.