Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет151/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

3-параграф. II-жартыжылдық

45. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (10 сағат).
Ширату (10 сағат).
Тепе-теңдікті дамыту жаттығулары (20 сағат):
1) әр түрлі жүру тәсілдері түріндегі жаттығулар (қаз адым, құмырсқа адым, саусақпен және т.б.);
2) құрал-жабдықтарды қолданатын жаттығулар (орындықта жүру, белгі бойынша және т.б.).
Арқа бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар (20 сағат).
Аяқ бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар (20 сағат).
Жүрудің әртүрлі тәсілдері (жартылай отыру, аяқ ұшымен, өкшеде, аяқтың ішкі және сыртқы жағында).
Әр түрлі ойындарды үйрету (20 сағат):
1) командалық ойын элементтері-футбол;
2) эстафета элементтері бар жаттығулар.
Аяқ пен арқа бұлшықеттерді созуға бағытталған жаттығулар (15 сағат).
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Бір-бірін биік төбеден сырғанату дағдыларын қалыптастыру;
2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тебу дағдыларын жетілдіру;
3) жүзуге дайындық. Суға түсу және сүңгу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Дербес қимыл белсенділігі.
Өзіндік қимыл-қозғалыс қызметіне, қолда бар дене шынықтыру жабдығы мен құралдарын пайдалануға қызығушылықты сақтау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтыру рәсімдерін, гимнастиканы және массажды жүргізу. Күн тәртібіне сәйкес балалардың ауада күнделікті болуын қамтамасыз ету.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат).
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұруды біледі;
ересек адамның бұйрықтарын орындайды;
дұрыс дене қалпын дамыту жаттығуларын орындайды;
заттарды пайдаланып қимылдарды орындайды;
доппен көру-моторлық координациясына арналған жаттығуларды орындайды;
эстафетаға қатысу дағдыларын меңгергереді.

4-параграф. «Қатынас» білім беру саласы


46. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


47. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, қарым-қатынас жасау үшін қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сөйлеу тілін меңгерту болып табылады.
48. Міндеттері:
өз бетінше сөйлеу қажеттілігін қалыптастыру;
балалар іс-әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеу тілін дамыту;
әдеби сөйлеу тілін дамыту;
дидактикалық және дамытушылық ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту;
сөз өнеріне баулу;
Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру;
қарым-қатынас мәдениетін, көркемдік қабылдауды және эстетикалық талғамды тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет