Бағдарламасымен байланысы


Тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары



бет4/5
Дата09.05.2023
өлшемі46,28 Kb.
#91335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
18 ОШ Казахская литература 9 кл

Тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары


Әр сұрақ немесе тапсырманың тұсына тік жақшада [ ] оған ұсынылатын балл кӛрсетіледі.
Басшылыққа алу үшін балл қою кестесі ұсынылады. Онда әр сұрақ немесе тапсырмаға берілетін балл саны кӛрсетіледі.


А бөлімі


Тӛменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Бұқар жыраудың адам психологиясы мен мінезін ашып кӛрсетудегі шеберлігі қай шығармадан байқалады?

  1. «Әй, Абылай, Абылай»

  2. «Асқар таудың ӛлгені»

  3. «Тілек»

  4. «Ай, заман-ай, заман-ай»

  5. «Керей қайда барасың?»

[1]



  1. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі 2 кейіпкерді кӛрсетіңіз:

  1. Күлпаш

  2. Рәзия

  3. Қасым

  4. Раушан

  5. Әбдірахман

  6. Болат

[2]



  1. «Ұлпан» романының сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

Тұжырымдар



1) Есеней Ұлпанға ғашық болып, құда түседі.




2) Есеней Ұлпанды 4-5 жасында кӛрген.




3) Ұлпанның «арзанға түспейтін қыз» деген сӛзінің мәнісі – кӛп мӛлшердегі
қалыңмал сұратуы еді.




4) Есеней Ұлпанмен сӛйлестіру үшін оның жеңгесіне қолқа салады.




5) Ұлпан Есенейдің даңқын кӛтеріп, атақ-абыройын асырған ел анасы
атанады.




6) Ұлпан Есенейдің беделі мен билігін жеке мүддесі үшін пайдаланды.




7) Торсан Ұлпанға адал қызмет ете білді.




[3]

  1. Билер мен олардың айтқан сӛздерін ӛзара сәйкестендіріңіз.

Билер

Шешендік сӛздері

Сәйкестендіру
жауабы




1.Майқы Тӛбейұлы

би

A) Сӛз жетім – ынтаменен тыңдалмаса, Бӛз жетім – киілместен тозған болса, Жер жетім – иесі жоқ қалған болса,
Ел жетім – жақсы басшы арман болса.

1

[1]


2.Мӛңке Тілеуұлы

би

B) Ақты ақ деп бағалар, О, игі жақсы ағалар! Ӛзегі талса ел біткен,
Ӛзен бойын жағалар.

2

[1]


3.Әнет Кішікұлы

би

C) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң тимесе, Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бӛтен үйің күйсін.

3

[1]

4.Тӛле Әлібекұлы

би

D) Жанның ұлы Ар мен Хұн Тартқызбас бізге зар мен мұң. Түбір бірге түртпейді,
Одан болмас тұл мен құн.

4

[1]


5.Әйтеке Байбекұлы

би

E) Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең – атаң қымбат, Аймалайтын – анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат, Туып-ӛскен ел қымбат,
Ұят пенен ар қымбат
Ӛзің сүйген жар қымбат.

5

[1]


6.Қазыбек Келдібекұлы

би

F) Құрамалы-қорғанды үйің болады, Аумалы-тӛкпелі биің болады, Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,
Ай сайын бас қосқан жиын болады.

6

[1]


[6]

В бөлімі


Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан үзінді


Ауылға жақындай келе Ұлпан шынтақтауды қойып түзеліп отырды. Қараша ауылды кӛрді.



  • Есеней-ау, мына қараша ауылды сен неғып кӛрмей жүрсің? Ӛзіңе ұят қой! — деді.

  • Кӛрмей жүргенім рас. Жеті жылдан бері мен елге анда-санда бір соғып, басқа елдерде, мал ішінде болатынмын. Қысы-жазы солай. Мені ӛз ауылыма ертіп әкелген де сен!

Ұлпанның жүзі жылынған жоқ, азырақ қана даусы жұмсарды.

  • Осы қырық үй малшы-жалшыларыңның қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой,— деді.

  • Айналайын Ұлпанжан, соны маған ендігәрі айтпайтындай болып, ӛзің тындыршы. Екеумізге екі айғырдың үйірі жылқы қалдырсаң болады. Менің ендігі байлығым жалғыз сен! Асырарсың бірдеме қылып... Малды мен бағайын, жұмсауын сен жұмса. Мен малды ӛсіруден басқа қызығын білген емеспін.

Бұлар ауылға жетіп арбадан түскенде, Ұлпан отауының алдында жиырма шақты әйелдер отыр екен. Ұлпан соларға қарай бұрылды. Әйелдер шуласа сӛйлеп бір кідірген кезінде Ұлпан оларға күлімдей қарап:

  • Апайлар-ау, Есенейде қайсыңның қашаннан бергі аласыларын, барын мен қайдан есептеп шығарайын. Әйтеуір, бәріңнің де аласыларың барына кӛзім жетіп отыр. Есеней ӛзі сол аласыларыңды түгел бер деді.

  • О, мың жасасын!

  • Балалы-шағалы болсын!..

  • Есеней үй басына бір құлынды бие, үй басына екі қозылы қой берерсің деді. Бұдан былай қойшы жаздыгүні жүз қойдан бір қой алып бағады, қыстыгүні екі қой алады... Жылқышы екі жүз жылқыдан бір жылқы алады. Тағысын тағы кӛре жатармыз. Бүгін кешке қойларыңды алыңдар. Ертең жылқыларыңды алыңдар. Жайлауға кӛшуге бір-бір түйе берілер,— деді де, Ұлпан орнынан тұрып отауына кірді.

  • Мырза келін-ай, сен келдің де кӛзіміз ашылды ғой!

Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Ӛз айтарын әуелі Есенейге айтқызып алып, ӛз байламын әуелі Есенейге байлатып алып жүр.



  1. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, кӛтерілген тақырыпқа қатысты кӛзқарасыңызды білдіріңіз.

[3]



  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.

[3]




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі кӛркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.

[3]

  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Н. Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында жырланған қазақ халқының ӛткені мен бүгінін салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап, 150-170 сӛзден тұратын шағын эссе жазыңыз.
[9]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет