«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:
техникалық құралдар: проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта; офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер, құлаққаптар және ноутбуктер) шектеусіз интернет; дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон; бейнекамера, сандық фотоаппарат; жылжымалы маркерлі тақталар;
кеңселік тауарлар: түрлі-түсті қағаздар, флип-чарт, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары; фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар; еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.;
жиһаздар: «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстелдер, жылжымалы кітап сөрелері;
дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио-, бейне- материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); анықтамалықтар (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер); энциклопедиялар; грамматикалық кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.
5 «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер
ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алу жолдарын білетін», өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;
дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).
Достарыңызбен бөлісу: |