«Қазақ тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
тыңдалған материалды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
мәтінді қайталап тыңдағанда негізгі ойға назар аудару;
тыңдау барысында тірек сөздерді анықтау;
тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
тыңдалған мәтіннің жоспарын құру;
тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін айтып беру;
мәтіннің мазмұнына өз пікірін айту;
таныс және өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша топ алдында сөйлеу;
сұхбат алу және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
берілген тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру;
мәтіннің кейбір тұстарын ым-ишарамен көрсету;
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
«Қазақ тілі» пәнінен оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
оқу түрлерін және стратегияларды («Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Салыстыру» (Венн диаграммасы), «ЖИГСО», Түртіп алу (INSERT), семантикалық карта) қолдану;
ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).
«Қазақ тілі» пәнінен жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің ішінен бір-екеуін жаздыру;
сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
тілдік тақырыптар аясында шағырмашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары, т.с.с.) құрастырып жазу;
тыңдалған және оқылған мәтіннен немесе көрген фильмінен алған әсерін жазу;
мәтіндегі қиын сөздерден сөздік құрастырып жазу;
сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;
мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтап жазу;
ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;
сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы
«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім бері мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:
- қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;
- төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде.
ІІ «Қазақ тілі» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
1 «Қазақ тілі» пәні мазмұны
Бағдарламаны меңгерудің негізгі ұстанымдары «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселенің аясында ұйымдастырылады. «Қазақ тілі» пәні бойынша білім мазмұнын меңгеру тілдік дағдыларды қалыптастыру негізінде ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |