Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы



бет4/10
Дата13.10.2024
өлшемі440 Kb.
#147917
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Оқу бағдарлама Жаратылыстану 1-4 кл

Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы
Пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына көмектесе отырып, үш тілді оқыту саясатын енгізуді қолдаулары тиіс. Пәндік мазмұнды меңгеруге қолдау жасау үшін, мұғалімдер атаулы пәнге тән ғылыми тілді дамытады. Осыған орай, әрбір сабақтың тілдік мақсаты анықталады, мысалы, «оқушылар жануарлардың аттары мен суреттерін ауызша және жазбаша түрде сәйкестендірулері қажет». Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерінің бағалануына қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың бай ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден тұратын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға деген құрмет – жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Мінез-құлықтың сәйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша көпмәдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді әрі конструктивті қатысуына мүмкіндік береді.


«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасында:

  • тұлғааралық құзыреттілікті бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретін түрлі ұлт өкілдерінен жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;

  • түрлi елдердер мен аймақтардағы (мысалы, өсімдіктер, жануарлар, табиғат құбылыстарымен байланысты мерекелер және т.б.) белгілі мәдени-шаруашылық маңызы бар табиғи нысандар мен құбылыстарды оқып үйрену және қолдану;

  • «Әлем ғалымдары және олардың ғылыми жаңалықтары» тақырыбын оқу;

  • оқушыларды әрбір адамның жеке пікірін және оның ойының құндылығын ескеруге жетелеу қамтылған.



7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігіне оқушылардың өз жұмыстарында, бос уақыттарында және қарым-қатынаста ептілікпен және шығармашылықпен қолдануы кіреді. Олар АКТ-ның негізгі дағдыларын игеруге құрылады.


«Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасында:



  • ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, керекті мәліметті таңдайды, көшіреді және оны сақтайды);

  • мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым офистік бағдарламаларды (Word, PowerPoint) қолдану;

  • ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін) қолдану қамтылған.

8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі көпшілікте тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас түрлі формада бағаланып, ынталандыратын және оқушылар өз пікірін сенімді түрде білдіре алатын ортаны құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуы қажет.


Оқыту үдерісінде оқушылардың түрлі ақпарат құралдарын, «Жаратылыстану» пәнінің ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен, мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын көтермелеп ынталандыру қажет.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу;

  • экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);

  • тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау тапсырмасын бөлiп беру);

  • белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің пікірін тыңдау және ойын айту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет