Бағдарламасына бекіту парағы Нысан пму ұсн 18. 3/31 бекітемін



Pdf көрінісі
Дата06.02.2017
өлшемі180,2 Kb.
#3521
түріБағдарламасы

Оқу жұмыс бағдарламасының

титул парағы

Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.3/30



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

 «050801-Агрономия»  мамандықтарын студенттеріне арналған 

«Химия» пәнінен



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар 



Мемлекеттік жалпыға

міндетті мамандықтың білім

стандарты мен типтік оқу

жоспары негізінде

әзірленген пәннің оқу жұмыс

бағдарламасына бекіту

парағы

Нысан


ПМУ ҰСН 7.18.3/31

                                                            БЕКІТЕМІН  

    Оқу  ісі  жөніндегі проректор

                                                                               _________  Н.Э.Пфейфер

                                                                               «___» ___________200_ж

Құрастырушы: аға оқытушы  _______  Ахмедьянова Г.К.

 Химия және химиялық технологиялар кафедрасы 

«050801-Агрономия»  мамандықтарын студенттері үшін  

«Химия» пәні бойынша

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу   жұмыс   бағдарламасы   мемлекеттік   жалпыға   мындетті   мамандықтың

стандарты ҚР МЖБС 3.08.359-2006 және  РОӘК 22.06.2006ж. бекітілген типтік

оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.

Кафедраның мәжілісінде ұсынылды   «__» ______________ 200_ ж

Хаттама  № __

 Кафедра меңгерушісі  ______________   Жапаргазинова К. Х.

      


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу - әдістемелік 

кеңесімен мақұлданды «__» ____________ 200__ж,   хаттама  № __

ОӘК төрайымы   ____________ Буркитбаева У. Д.    

КЕЛІСІЛДІ 

Факультет  деканы __________    Ахметов К. К.   «__» __________ 200__ж



ЖБжӘҚ МАҚҰЛДАНДЫ

ЖБжӘҚ бастығы     _____________    Варакута А. А. «__» ________ 200__ж

                                                                             


Университеттінің оқу-әдісімен құпталған «___» ______200__ж., №   

хаттама


                                                                             

1. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәнді   оқытудың   мақсаттары  –  студенттерге   кәсіптік   және   арнайы

пәндерді   оқып   үйренуге   жол   ашатын   химиядан   қажет   білім  беру,   ал

практикалық     жұмыста

топырақ  

 

 

 



  кұнарлылығын   және

ауылшаруашылық   дақылдар   өнімдерін   артгырудың   химиялық   маңызын

түсінуге   мүмкіндік  беру,  алғашқы   кәсіби   біліктілікке   кажет   химиялық

тәжірибелер жүргізуді үйрету.



Пәнді оқытудың міндеттері –  Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесін

соңғы   кездегі   атом   құрылысы   теориясы   негізінде   оқыту.   Химиялық

реакциялардың жүру заңдылықтары, ерітінділер теориясы және т.б. 

Пәнді оқытудың барысында студенттер:

  білуі   керек  химияның   негізгі   зандары  мен   концепцияларын,   заттар

кұрылысы   туралы   қазіргі   кездегі   көзкарастарды,   химиялық   процестердің

негізгі   термодинамикалық   және   кинетикалық   зандылықтарын   білуі   керек;

химиялық талдаудың негізгі шараларын орындай білу керек.

істей білуі керек  әр түрлі лабораториялық жұмыстарды жүргізе білу.

Формула   бойынша   және   теңдеулер   бойынша   есептер   шығару,   әр   түрлі

концентрациядағы   ерітінділерді   дайындай   білу.   Өтілген   заңдылықтар,

химиялық   түсініктер   және   дәлелдемелер   бойынша   тәжірибе   нәтижесін

түсіндіре білу. Анықтамалық әдебиеттерді қолдана білу. 

2.   Пререквизиттер  -   "Химия"   пәнін   игеру   үшін   төмендегі   пәннің

негізгі мағлұматтары қажет:

1. Мектептегі химия курсы

2. Мектептегі физика курсы

3. Мектептегі математика курсы

4. Мектептегі биология курсы



3. Постреквизиттер  

- агрохимия

- топрактану 

                                                                             



Мамандығының  оқу жұмыс

жоспарынан көшірме

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32



050801-Агрономия мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме 

Пәннің атауы Химия

Оқу түрі


Пәннің жалпы көлемі

Семестрлер бойынша

бақылау түрі 

Семе


стр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кред

иттер


Академиялық 

сағаттар


креди

ттер


Аудиториялық сағаттар

 (ак.сағаттар)

СӨЖ

(ак. сағаттар)



барл

ығы


ауд СӨЖ емт. сын.

КЖ

КЖ



барлы

ғы

дәр



пр.

лаб


барлы

ғы

СОӨЖ



Жалпы 

орта білім 

базасында

ғы 


күндізгі 

6

270



90

180


1,2

1

3



135

15

15



15

90

45



2

3

135



15

15

15



90

45

Химия   және   химиялық   технологиялар   кафедрасының   «___»______2009ж.



өткен мәжілісінде ұсынылды, №     хаттама 

Кафедра меңгерушісі 

                     

К.Х. Жапаргазинова

                                                                             


4. Пәннің мазмұны

4.1 ПӘННІҢ ТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЫ



р/р

Тақырыптардың аттары

Сағаттар саны

Лек

Лаб.

Пр.

СРС

1

2

3

5

6

7

1.

Химия ілімдері және оның негізгі 



тұжырымдамалары

1

3



3

10

2.



Химиялық процестердің журу 

зандылыктары

2

3

3



13

3

Ерітінділер



3

3

4



13

4.

Электрохимиялық процестер



2

-

4



12

5.

Биогенді элементтер. Химиялық 



элементтер мен олардың қосылыстарының

негізгі қасиеттері

3

3

-



17

6.

Сапалық химиялық талдау



3

3

-



15

7.

Сандық талдау



3

3

4



15

8.

Органикалық химияның негіздері



3

3

5



15

9.

Химиялық термодинамиканың негіздері



2

3

4



15

10.


Беттік құбылыстар

2

3



-

10

11.



Коллоидтық жүйелер

2

3



3

13

12.



Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ)

2

-



-

13

13.



Фотохимиялық реакциялар

1

-



-

10

14.



Экологиялық химия

1

-



-

9

            Барлығы:



  30

60

30

 180

4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1   Тақырып. 

Химия

 ілімдері   және   оның   негізгі

тұжырымдамалары.

Фундаменталды  теориялар мен заңдар.  Атом-молекулалық  теория.

Масса  және энергияның сақталу заңы. Заттың кұрамының тұрақтылық

заңы. Авогадро заңы. Эквиваленттер заңы.

Заттың кұрылысы. Атом кұрылысы. Ядро (протондар, нейтрондар),

электрондар,   олардьң  зарядтары   мен   массасы.   Энергияның  сәулеленуі

мен сіңірілуінің квантық сипаты. Планк тендеуі.

Кванттық  механика   туралы  түсінік.   Электронның   бөлшектік-

толкындық   табиғаты.   Де-Бройль   теңдеуі.  Атом  кұрылысын   кванттық-

механикалық         тұрғыдан         түсіндіру.        Электронның  энергетикалық

күйін   кванттық  сандармен   сипаттау.   Атомдық   орбиталдар.   Көп

электронды атомдар.

Паули принціпі, Гунд ережесі. Клечковский ережесі. Атом радиусы,

иондану-потенциалы.  Электронға ынтықтылық.  Электртерістілік  туралы

тусінік.

                                                                             



Атом  ядросының   кұрылысы.   Элементар   бөлшектер  және

ядролық 


реакциялар.

 Изотоптар   және   изобарлару.

 Жасанды

радиоактивтілік.

Периодтылық  туралы  ілім. Д.И.Менделеевтің  периодтық  заңы мен

атомның   электрондық   құрылысы.   Д.И.Менделеевтің   периодтық   заңы  -

бейорганикалық   химияның   дамуының   негізі,   оның   философиялық

маңызы   және   элементтердің   периодтық   нөмірінің   физикалық   мәні.

Периодтық заңның қазіргі анықтамасы. Элементтердің периодтық жүйесі

және   оның  атом  құрылысымен   байланысы.  Периодтық  жүйенің

құрылымы: периодтар, топтар және топшалар. s-, р-, d-, f- элементтер.

Типті элементтер. Ауыспалы металдар. 

Химиялық   байланыс   және  молекула  құрылысы.   Химиялық

байланыстың   сапалық   сипаттамалары:  байланыс  ұзындығы,  байланыс

энергиясы,   валенттік   бұрыштар.   Ұқсас   заттар   қатарында   бұл

шамалардың өзгеруі.

Коваленттік байланыс. Валенттік байланыстар (ВБ) әдісінің негізгі

қағидалары.   Коваленттік   байланыстың   қасиеттері:   бағыты,   қанығуы,

Сигма   (σ)-,   пи  (π)-байланыстар.   Атомдық   орбитальдардың   гибридтелу

түрлері және  молекула  құрылымы. Полюсті және полюссіз коваленттік

байланыс.

Иондық  байланыс   -  коваленттік   байланыстың   полярлану   шегі.

Металдық  байланыс.  Молекулааралық   әрекеттесу.   Ван-дер-Вальс

күштері. Донорлық - акцепторлық әрекеттесу. Сутектік байланыс.

Биологиялық маңызды молекулалардағы байланыстардың түрлері.

Тірі   ағзаларда  энергия  тасымалдауда   энергетикалық   қаныққан

байланыстардың   маңызы.   Макроэнергетикалық  байланыстар.  Сутектік

байланыстың биологиялық ролі.

  Заттың  агрегаттық  күйі. Агрегаттық күй  —  заттың бөлшектерінің

өзара   әрекеттесуінің   көрінісі.   Заттың   қатты,   сұйық   және  газ  тәріздес

күйлері.  Газ  күйі,  Менделеев-Клапейрон  теңдеуі.  Атмосфера  химиясы.

Озон  қабаты   және   оның   бұзылуы.   Атмосфераның   техногенді   бұзылуы

және оның  климатқа, тірі ағзалардағы процесстерге әсері. Экологиялық

проблемалар.

Сұйық   күй.   Сұйықтықтардың   кұрылысы.   Сұйықтықтар   еріткіш

ретінде.   Қатты   заттар.   Кристалдардың   құрылысы.   Кристалдық   торлар:

иондық, атомдық, молекулалық,  металдық. Кристалдың  құрылысы  мен

қасиеттері   арасындағы  байланыс.  Заттың   аморфты   күйі,   оның

ерекшеліктері.

2 Тақырып.  Химиялық процестердің жүру заңдылықтары

 

Химиялық   процестердің   энергетикасы.



 Химиялық

термодинамиканың элементтері.  Ішкі энергия мен энтальпия. Экзо- және

эндотермиялық  реакциялар.  Термохимиялық   теңдеулер.   Гесс   заңы   мен

одан шыққан салдарлар. Химиялық қосылыстардың түзілу энтальпиясы.

Стандартты   энтропиялар,   химиялық   процестер   кезінде  энтропияның

өзгерісі.

                                                                             


Гиббс энергиясы жөнінде түсінік. Процестердің энтальпиялық және

энтропиялық   факторлары.   Химиялық  процестер  кезінде   Гиббс

энергиясының   өзгеруі.  Стандартты   Гиббс  энергиялары.   Химиялық

реакциялардың бағыты. 

  Химиялық  кинетика.  Химиялық   тепе-теңдік.  Гомогенді   және

гетерогенді   жүйелердегі   химиялық

 реакциялар.

 Реакцияның

жылдамдығына  әсер  ететін   факторлар.  Әсер  етуші   массалар   заңы,

реакция  жылдамдығының  тұрақтысы.  Реакция  молекулалығы  мен реті.

Активтендіру энергиясы. Реакция жылдамдығының температураға

тәуелділігі. Вант-Гофф ережесі. Гомогенді және гетерогенді катализ. 

Қайтымды және қайтымсыз процестер. Гомогенді және гетерогенді

жүйелердегі   химиялық   тепе-теңдік,   тепе-теңдік   константасы.   Процесте

тепе-теңдік константасының Гиббс энергиясының өзгеруімен байланысы.

Химиялық   тепе-теңдіктің   ығысуы.  Ле-Шателье   принципі   және   оның

химиядағы   маңызы.   Тепе-теңдікке   температураның,   қысымның   және

әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері. Тірі ағзаларға тепе-теңдік

заңдарын қолдану.

3 Тақырып. Ерітінділер

Дисперстік жүйелер. Дисперстік жүйелердің негізгі сипаттамалары.

Дисперстік   дәреже.   Дисперстік   жүйелердің   жіктелуі.   Гетерогенді   және

гомогенді дисперстік жүйелер.

Шынайы   ерітінділер.  Ерітінділердің   түзілуі.   Ерітінділер  -  көп

компонентті   жүйелер.   Ерітіңділер   түзілуімен   бірге   жүретін  процестер.

Сольватация. Д.И.Менделеев ашқан ерітінділердің гидраттану теориясы.

Гидраттар  мен  сольваттар.   Еру   кезінде  энтальпия   мен  энтропияның

өзгеруі. 

Газдардың   сұйықтықтардағы   ерігіштігі.   Ауаның   судағы   ерігіштігі

және   гидробионттардың   өмірі.   Ерігіштікке   ерітінді   компоненттер

табиғатының,  температура   мен  кысымның   әсері.   Ерігіштік   сызықтары.

Қанықкан,  қанықпаған  және   аса  қаныққан   ерітіңділер.   Ерітінділер

концентрациясын  өрнектеудің әр түрлі тәсілдері және оларға тән өзара

есептеулер.

  Бейэлектролиттер   ерітінділері.  Ерітінді   бетіндегі   қаныққан   бу

қысымы.   Сұйылтылған   ерітінділердің   коллигативтік   қасиеттері.

Ерітінділердің   қайнау   температурасының   жоғарылауы  және  қату

температурасының төмендеуі. Рауль зандары.

Осмос.  Осмостық   қысым.   Вант-Гофф   заңы.   Гипо-,   гипер-   және

изотондық ерітінділер. 

Электролиттер ерітінділері.  Электролиттік  диссоциация.  Аррениус

теориясы. Судың еріткіш ретінде ерекшелігі. Электролиттік диссоциация

процесінің механизмі. Аквакомплекстер. Биологиялық жүйелерде иондар

гидратациясының  ролі.   Электролиттердің   күші.   Диссоциациялану

дәрежесі. Диссоциациялану тұрақтысы. Оствальдтың сұйылту заңы.

Күшті электролиттер теориясының негізгі  қағидалары. Активтілік,

активтілік  коэффициенті.  Ерітінділердің   иондық   күші.  Электролиттер

                                                                             


ерітінділерінің

 

электрөткізгіштігі.



 

Иондар


 

қозғалысының

жылдамдықтары. Иондар қозғалысының тәуелсіздік заңы (Кольрауш).

Эквивалент  электрөткізгіштік.   Меншікті   электрөткізгіштік,   иондық

концентрация,  иондардың  электрлік   жылжымалылық  арасындағы

қатынастар.

Иондық   реакциялар.   Иондық   тепе-теңдіктердің   ығысу   шарттары.

Амфотерлі  электролиттер  ерітінділеріндегі тепе-теңдік күй. Гетерогенді

тепе-тендіктер.   Ерігіштік   көбейтіндісі.  Судың  электролиттік   иондануы.

Сутектік   көрсеткіш   рН.   Қышқыл,   негіз,   тұз   сулы   ерітінділерінің   рН

есептеу.   Индикаторлар.   Ортаның  рН  мен   ерітіндінің   иондық,   күшінің

өсімдіктер ағзасында өтетін биологиялық процестерге әсері. Топырақтың

қышқылдығы.

Гидролиз.  Тұз   иондарының   су   молекулаларымен  поляризациялық

(электрондық   ығысу)   әрекеттесуінің   нәтижесі   ретінде   тұздар

гидролизінің   әр   түрлі   жағдайлары.   Гидролиздену   дәрежесі   мен

тұрақтысы. Қайтымсыз гидролиз. Ағзалардағы гидролиттік процестер.

Қышқылдар   мен   негіздер  теориясы.  Сольвожүйе  теориясы  туралы

түсінік.   Қышқылдар   мен   негіздердің   протондық  теориясы.  Салалаушы

және   теңестіруші   еріткіштер.  Қышқылдар   мен   негіздердің   элекрондық

теориясы туралы түсінік.

Ерітінділерде комплекстің түзілуі

"Комплексті қосылыстар" туралы түсінік.  Комплекс  түзгіш, лигандалар.

Комплекс  түзгіштің  координациялық  саны.  Комплексті  қосылыстардың

ішкі және сыртқы сфералары.

Периодтық жүйедегі элементтердің комплекс түзгіштігі. Комплексті

қосылыстардың  жіктелуі: комплексті анионды, комплексті         катионды

косылыстар,    бейтарап    комплекстср.

Комплексті   қосылыстардың  номенклатурасы.   Координацияланатын

лигандаларлың  түріне   байланысты   комплексті   қосылыстардың  негізгі

типтері:   аминкомплекстер,   аквакомплекстер,   гидроксокомплекстер,

ацидокомллекстер,   карбонилдер.   Комплексті   қосылыстардың   ерекше

топтары туралы түсінік.

Ерітіндідегі 

комплексті

 қосылыстардың   диссоциациясы.

Комплексті   иондардың   тұрақсыздық   константасы.   Комплексті

қосылыстардың бұзылуы.



4 Тақырып. Электрхимиялық процестер

 

Toтығу-тотықсыздану   реакциялары.



 Тотығу-тотықсыздану

реакцияларының   жіктелуі.   Маңызды   тотықтырғыштар   мен

тотықсыздандырғыштар.  Периодтық  жүйедегі   орнына  байланысты

элементтердің тотығу-тотыксыздану қасиеттерінің өзгерісі.

Тотығу-тотықсыздану   реакциясының   жүруіне   ортаның  әсері.

Тотығу-тотықсыздану   реакцияларының   теңдеуін   құру:  электрондық

баланс  және ионды-электрондық  баланс  әдістері. Тотығу-тотықсыздану

реакцияларындағы эквиваленттердің молярлық массасын есептеу.

 

Электродтық   потенциалдар.



 Металдардың   электродтық

потенциалдары   және   оларға  әсер   ететін   факторлар.   Стандартты

                                                                             


потенциалдар  жөнінде  ұғым.   Стандартты   (қалыпты)   сутек  электроды.

Гальваникалық  элементтер.  Гальваникалык  элементтердің   электр

қозғаушы   күші   (ЭҚК).   Металдардың   электрхимиялық   кернеу  қатары.

Электродтық  потенциалдардың   концентрацияға   тәуелділігі.   Нернст

теңдеуі.   Тотығу-тотықсыздану   реакцияларының  бағытын   анықтау   үшін

тотығу-тотықсыздану потенциалдар кестелерін колдану. 

Металдар коррозиясы. Коррозия түрлері және олардан келетін зиян.

Коррозиядан   сақтаудың   негізгі   шаралары:   легирлеу,   жылумен   өңдеу,

тежегіштеу, антикоррозиялық қаптау, элсктрохимиялык әдістер.

 

Электролиз.



 Электролиз

 кезіндегі   тотығу-тотықсыздану

процестері.  Электролит  балқымалары   мен   ерітінділерінің  электролизі.

Фарадей зандары. Электролиздің өнеркәсіпте қолдану.



5  Тақырып.  Биогенді  элементтер.  Химиялық  элементтер   мен

олардың қосылыстарының негізгі қасиеттері.

Бейорганикалық   қосылыстардың   негізгі   кластары:   оксидтер,

қышқылдар,   негіздер   және   тұздар.  Бейорганикалық  қосылыстардың

атауларының   халықаралық   жүйесі  (IUPAC).   Элементтер   мен  олардың

қосылыстарының   қасиеттері.   Сутек,   алынуы,   қасиеттері   және

қолданылуы.   Сутек   пероксиді.   Су,   оның   физикалық   және   химиялық

қасиеттері. Су молекуласының құрылысы. Судың аномальдік қасиеттері.

Судың сапасын бақылау.

Галогендер. Галогендердің табиғатта таралуы, алынуы,  физикалық

және   химиялық  қасиеттері.   Галогенсутектер   мсн   галогенидтер.

Галогендердің   оксидтері,   оттекті

 қышқылдары   және   олардың

туындылары.

Алтыншы  топ  элементтерінің жалпы сипаттамасы.  Оттек, алынуы,

физикалық және химиялық қасиеттері. Озон.

Күкірт.   Күкірттің  алынуы,  физикалық   және  химиялық  қасиеттері,

қолданылуы.   Күкіртсутек   және   сульфидтер,   олардың   аналитикалық

химияда   қолданылуы.   Күкірттің,   оксидтері   мен   оттекті   қышқылдары

және олардың туындылары. Күкірт қышқылы өндірісі.

Бесінші  топ  элементтерінің  жалпы   сипаттамасы.   Азот,  оның

алынуы,  физикалық және химиялық қасиетгері.  Аммиак,  оның  алынуы,

физикалық  және   химиялық  қасиеттері.  Аммоний  тұздары.   Азоттың

оксидтері мен оттекті қышқылдары, олардың туындылары.

Нитраттар,   олардың  алынуы   мен  қасиеттері.   Нитриттер   мен

нитраттардың уыттылығы. Азотты тыңайтқыштар.

Фосфор.   Алынуы,  физикалық   жөне   химиялық   қасиеттері.

Фосфордың   оксидтері.   оксоқышқылдары   және  оның  туындылары.

Минералды тыңайытқыштар.

Төртінші  топ   элементтерінің  жалпы   сипаттамасы.   Көміртек

атомының  электрондық  құрылысының   ерекшеліктері.   Көміртектің

аллотропиясы. Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері.

Көміртектің   оксидтері.   Көмір   кышқылы   және   оның  тұздары.

Парник эффектісі және оның мүмкін болатын зардаптары.

                                                                             



Кремний,  алынуы,   физикалық  жэне   химиялық  қасиеттері,

қолданылуы.  Жер   кыртысы   түзілуіндегі   кремнийдің   ролі.  Кремний

қышқылдары, табиғи және жасанды силикаттар.

Үшінші  топ  элементтерінің  жалпы  сипаттамасы.  Бор  косылысты

тыңайтқыштар. Ауыл шаруашылығында бор косылыстарының колдануы.

Металдар. Металдардың физикалық жэне химиялық қасиеттері бойынша

жіктелуі.   Металдарды   алу   әдістері.   Металдардың  құймалары   және

олардың қолданылуы.

Германий  топшаның   элементтері.  Германий,  қалайы   және

қорғасынның маңызды қосылыстары.

Алюминий,   алынуы,   физикалық   және   химиялық  қасиеттері,

қолданылуы. Алюминийдің комплексті қосылыстары мен кос тұздары.

Екінші  топ  элементтерінің  жалпы сипаттамасы.  Берилий,  магний  және

сілтілік-жер  металдары,  олардың  алынуы,   физикалық  және   химиялық

қасиеттері, қолданылуы. Судың кермектігі. Судың уақытша және тұрақты

кермектігі.   Кермектіктің   сандық  сипаттамасы.  Судың   кермектігін   жою

жолдары.

Бірінші  топ  элементтерінің  жалпы   сипаттамасы.  Сілтілік

металдардың   маңызды  қосылыстарының  алынуы,   физикалық  және

химиялық


 қасиеттері,

 қолданылуы.   Ауыл   шаруашылығында

қолданылатын  сілтілік   металдардың   қосылыстары.   Изотондық  және

гипертондық ерітінділер.

d-элементтерінің жалпы сипаттамасы.

Алтыншы   топтың  косымша   топшасы   элементтерінің   жалпы

сипаттамасы.   Хром,   молибден   және   вольфрам,  олардың  алынуы.

физикалық  және  химиялық  қасиеттері,  қолданылуы.   Хром,   молибден

және  вольфрамның   оттекті   қосылыстары.  Хром  қышқылы.   хроматтар

және   полихроматтар.   Хроматтар   мен

 бихроматтардың

 сулы


ерітінділеріндегі қышқылдық-негіздік тепе-теңдік.

Жетінші   топтың  қосымша   топшасы  элементтерінің  жалпы

сипаттамасы.  Марганецтің   қосылыстарьның  алынуы,   физикалық  және

химиялық  қасиеттері,  қолданылуы. Марганец пен оның  аналогтарының

тотығу     дәрежелері     әртүрлі     қосылыстарының  қышқылдық-нсгіздік

және тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру.

Сегізінші  топтың  қосымша  топшасы   элементтерінің   жалпы

сипаттамасы.   Темір   үштігі   элементтерінің   физикалық   және  химиялық

қасиеттері. Арнайы және тотықпайтын болаттар. 

Мырыш   топшасы.   Мырыш   топшасы  элементтері  мен   олардың

маңызды   қосылыстарының   физикалық  және  химиялық  қасиеттері,

қолданылуы.       Мырыш,       кадмий       жэне      сынаптың       комплексті

қосылыстары.

Лантоноидтар.   Актиноидтар.   Радиоактивтілік.   Радиоактивтік

ыдыраудың түрлері.

6 Тақырып. Сапалық химиялық талдау.

Аналитикалық   реакцияларға   қойылатын   талаптар.   Реакцияның

толық жүруінің сипаттайтын шамалар (тепе-теңдік константасы). Негізгі

                                                                             



және  жанама   реакциялар.   Жалпы   (аналитикалық)   және   тепе-теңдік

концентрациясы. Аналитикалық  химияда қолданылатын реакциялардың

түрлері.   Тұнбаға   түсіру,  экстракция   және  ионалмасу   (хромотография)

әдісімен заттарды бөлу, сүзіп алу және концентрлеу.

Талдауға   арналған   заттың   сапалық   құрамын   анықтап,   белгісіз

заттардың   құрамын   идентификациялау.   Сапалық   талдаудың

ауылшаруашылық   өндірісіндегі   ерекшеліктері   және   қоршаған   ортаны

қорғау мәселелерін шешудегі орны.

Макро-,  жартылай  микро-,   микро-  және   ультрамикроталдаулар.

Сапалық 


аналитикалық 

реакциялардың   ерекшеліктері:   өзіндік,

талғамдық, сезімталдық  реакциялар және  олардың орындалу шарттары.

Заттардың сапалық белгілері: фазалық күйі, кристалдардың түрі, түсі.

Бөлшектік   және   жүйелік  талдау.   Электролиттер  ерітінділерін

сапалық       талдау,         яғни         иондарды         анықтау.         Иондардың

аналитикалық  жіктелуі. Топтық  реагенттер.  Жартылай микроталдаудың

техникасы   (негізгі   шаралар).   Тамшылық   жоне   микрокристалдық

реакциялар.  Катиондарды   сульфидтік   әдіспен   жіктеу.  1-3   топтың

катиондарын   ашу.  Натрий,   калий,  аммоний,  магний,  кальций,   барий,

алюминий,  темір,  марганец,   мырыш,   мыс,   кобальт   катиондарыиа  тән

негізгі реакциялар.

Катиондар коспасын жалпы талдау жолы. Алдын-ала сынау, жеке

катиондарды ашу. Жүйелік талдау жолы.

Аниондарды ашу.  2-ші топтың  топтық  реагенттері, олардың әсері,

топтық реакциялардың орындау жағдайлары. Сульфат, силикат, карбонат,

фосфат,   хлорид,   нитрат,   нитрит   аниондарына   тән  негізгі   сапалық

реакциялар.

Құрғақ заттың катион және анион құрамын жүйелік анықтау.

7 Тақырып. Сандық талдау

Талдау   әдістерінің   жүйелік   қателіктері   (операциялық,

инструменттік).   Кездейсоқ   қателіктер.   Таддауды,   көп   мөлшерде

орындағанда   болатын   кездейсоқ   кателіктердің   дұрыс   таралу   заңы.

Орташа,  стандартты  ауытқулар.   Өлшеу   нәтижелерін   статистикалық

жобаға келтіру. Параллельді анықтаулардағы аз саңдардың көрсеткішін

өңдеу.

Гравиметрлік  талдау.  Әдістің   маңызы.   Тұнбаның   түсетін   және



өлшенетін   түрлеріне  қойылатын   шарттар.   Аз   еритін   заттарды   тұнбаға

түсірудің   сандық 

мөлшері.   Гравиметрлік   әдістердің   дәлдігі.

Аналитикалық 

таразылар.   Гравиметрлік   талдаудағы   есептеулер.

Титриметрлік  талдау.  Титриметрлік  талдау  әдістерінің жіктелуі Титрлеу.

Эквиваленттік нүктеге және титрлеудің соңғы нүктесі. Стандартты және

стандартталған   ерітінділер.   Біріншілік   стандарттар   жэне   оларға

қойылатын   шарттар.   Титриметрлік   талдаудың   дәлдігі.   Титриметрлік

талдаудағы  есептеулер.  Кышқылдық-негіздік   титрлеу   әдісі.   Титрлеудің

қисықтары.   Индикаторлар   теориясы.   Редоксиметрия.   Тотығу-

тотықсыздану  титрлеу  әдістері.   Перманганатометрия.   Иодометрия.

Комплексонметрлік  титрлеу  әдістері.   Хелатометрия.   Аминполикарбон

                                                                             



қышқылдарын   титриметрлік   талдауда   колдану.   Металлхромдық

индикаторлар мен оларға  қойылатын талаптар.

    Этилендиаминтетрасірке     қышқылы  және   оның   динатрий   тұзы

(комллексон-Ш,

 

ЭДТА)


 -

 хелатометрлік

реагенттер.

Физика-химиялық  талдау  әдістері.  Спектроскопиялық

әдістер.   Ерітінділердің   адсорбциялық   фотометриясы.   Жарық   сіңіру

заңдылықтары (Бугер-Ламберт-Бер заңы). Оптикалық тығыздық, жарық

сіңірудің   молярлық

 коэффициенті. 

Спектрофотометрия   және

колориметрия.  Ерітінділердің   концентрациясын   анықтау   әдістері:

графикалық   және   есептік.   Жалынды   эмиссиялық   фотометрлеу  әдісі.

Ренттенофлуоресценция,   инфракызыл   сәулеленудің   спектроскопиясы,

поляриметрия,  рефрактометрия,  люминисценттік  талдау. Осы  әдістердің

принциптері және олардың қолданылатын аймақтары.

Хроматография  -  заттарды   бір-бірінен  бөлу  және  талдау  әдісі.

Хроматографиялық 

әдістердің

 

жіктелуі.



 

Хроматографияны

ауылшаруашылық талдауларда қолдану.

8 Тақырып. Органикалық химияның негіздері

Көміртек   қосылыстарының   ерекшелігі,   олардың   алуан   түрлілігі,

тірі   табиғат  пен  адам   тіршілігіндегі   маңызы.   Радикалдар   мен   типтер

теориясы.  А.М.Бутлеровтың   органикалық   косылыстарының   химиялық

құрылыс   теориясының   негіздері.   Оргагикалық   химиядағы   гомологтар

мен   гомологтық   қатарлар.  Көмірсутек  радикалы.  Химиялық  функция.

Негізгі   функционалдық   топтар.   Изомерлердің   түрлері.   Көміртек

қаңқасының изомериясы, орын басушылардың орнының өзгеруіне сәйкес

изомерия.  Құрамында  қос   байланыс   бар  қосылыстар  мен  алициклдер

мысалдарында   цис-,  транс-  изомерлер.   ИЮПАК  номенклатурасы   -

органикалық қосылыстардың ресми номенклатурасы.

Атомдық   және   молекулалық   орбитальдар.   Гибридтелу.  s-  және   р-типті

атомдық  орбитальдар.  

- мен  



-  байланыстардың айырмашылығы.  sp-

гибридтелу.   Индуктивті   және  қабысу   эффектілері.  Байланыстардың

гомолиттік және гетеролиттік үзілуі. Байланысу энергиясы. Марковников

ережесі   және   оны   түсіндіру,   карбокатион   және   карбоанион  туралы

түсініктер.  Бензол  сакцнасындағы  ароматтық  байланыстар.   Хюккель

ережесі,  резонанс  туралы      түсінік.       Электродонорлық      және

электроакцепторлық орынбасарлар. Гетероциклдердің ароматтылығы.

Бензол    сақинасындағы    орын    басушылардың    бағытталуы,

электрофильді және нуклеофильді реагенттер. Реакция механизмі туралы

түсінік. Радикалды, нуклеофильді және электрофильді       орын       басу

реакциялары.    Ауыспалы    күй, энергетикалық қисық.

Көміртек   атомының   асимметриялық  теориясы  (Вант-Гофф   және

Лебель). Хиральдік. Оптикалық активті заттар. Антиподтар. Рацематтар.

Екі   асимметриялық   көміртек   атомдары

 бар


 қосылыстардың

стереохимиясы.   Диастереомерлер.   Мезоформдар.   Проекциялық

формулалар және оларды қолдану ережесі. Рацематтарды бөлу әдістері.

Толық   және   жартылай   асимметриялық 

талдау.

 Динамикалық



стереохимия. Алициклді қосылыстардың конформациясы туралы түсінік.

                                                                             



Негіздік       және      қышқылдық:       электрондық       және       кеңістіктік

факторлардың әсері. Пирсон принципі.

Таутомерия:     кето-енолды,     лактим-лактамды     және     сақиналы-

тізбекті.

Көмірсутектер.   Алкандар.   Алкандардың   гомологтық

 қатары,


құрылымдық   изомериясы   мен   номенклатурасы.  Алкандарды  Вюрц

реакциясы

 

бойынша


 

галогентуындыларынан,

 қанықпаған

көмірсутектерден және карбон қышқылының тұздарынан алу. Физикалық

және химиялық қасиеттері. Алкандарды галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу,

сульфохлорлау, тотықтыру және дегидрлеу. Мүнайдың құрамы жөніндегі

түсінік.   Көмірсутектердің   крекингі   және   оның   маңызы.

Микроағзалардың  биологиялық   массасын   арттыру   үшін  алкандарды

қолдану.

Алкендер.  Алкендердің   гомологтық   қатары,   (құрылымдық  және

кеңістіктік)  изомериясы   мен  номенклатурасы.  Алкендерді   спирттерден,

галогентуындыларынан,   алкандарды

 дегидрлеу

 және   ацетилен

көмірсутектерін  гидрлеу  арқылы  алу.   Физикалық  және   химиялық

қасиеттері.   Алкендердің   сутекті,   галогендерді,   галогенсутектерді  және

суды  қосып   алуы.   Электрофильді   және   радикалды   қосып  алу

реакциялары жөніндегі түсінік. Алкендердің тотығу   және   полимерлену

реакциялары.  Полимерлердің  ауыл шаруашылығында қолдануы.

Алкиндер.   Алкиндердің   гомологтық  қатары,   изомериясы   және

номенклатурасы.  Ацетиленді  кальций  карбидінен,  метанды   крекингтеу

арқылы алу. Физикалық және химиялық қасиеттері. Алкиндердің сутекті,

галогендерді, галогенсутектерді, суды және циансутек қышқылын косып

алуы. Алкиндердің қышқыдық қасиеттері. Орын басу реакциялары.

Алкадиендер.   Жіктелуі  мен   номенклатурасы.  ],3-бутадиенді  этил

спиртінен алу. 1,3-бутадиеннің полимерленуі. Табиғи және синтетикалық

каучуктер жөніндегі түсінік.

Арендер.   Бензолдың  құрылысы.  Бензол  қатары  арендерінің

изомериясы   және  номенклатурасы.  Бензолдың  гомологтарын  алкилдеу

реакциясы  арқылы  алу.   Физикалық  және   химиялық  қасиеттері.

Электрофильді орын басу реакциялары: галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу,

алкилдеу   және   ацилдеу.   Бензол   сақинасына  қосып  алу   реакциялары:

гидрлеу, галоген қосып алу. Инсектицидтер.

Терпендер мен стероидтар. Каротиндер, витамин А.

Көмірсутектердің

 галогентуындылары,

 олардың

 ауыл


шаруашылығында қолданылуы.

Спирттер. Спирттердің жіктелуі. Каныққан бір атомды спирттердің

изомериясы   мен   номенклатурасы.  Спирттерді   галогентуындыларын

гидролиздеу,   алкендерді   гидратациялау   және   оксоқосылыстарды

тотықсыздандыру   арқылы   алу.   Физикалық   жөне   химиялық  қасиеттері.

Алкоголяттардың   түзілуі,  фосфор  галогенидтерімен   әрекеттесуі,   жай

және күрделі эфирлер түзілуі.  Спирттердің  тотығуы, дегидрленуі және

дегидратациясы.   Көп  атомды   спирттер.  Этиленгликоль.  Глицерин.

Фенолдар.  Радикал   мен  функционалды   топтың   өзара   әсері.   Фенолды

                                                                             



сульфоқышқылдардан,   галогентуындылардан   алу.   Феноляттардың

түзілуі; галогендердің, азот және күкірт қышқылдарының әсері, фенолды

гидрлеу. Гербицидтер туралы түсінік: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы.

Альдегидтер   мен  кетондар.   Альдегидтер   мен   кетондардың

номенклатурасы   мен   изомериясы.   Альдегидтер   мен   кетондарды

спирттерді тотықтыру,  дигалогентуындыларды гидролиздеу аркылы алу.

Физикалық  және  химиялық  қасиеттері.  Цианды   сутекпен,  этанолмен,

гидроксиламинмен,   гидразинмен   және   аммиакпен   реакциялар.

Альдегидтер мен кетондардың гидрленуі мен тотығуы. Конденсациялану

реакциялары.   Формальдегид.   Формалин.  Сірке   альдегиді.  Ацетон.

Техникада, ауыл шаруашылығында қолдануы.

Карбон


 қышқылдары,

 Жіктелуі.   Қаныққан

 монокарбан

кышқылдардың  изомериясы   мен   номенклатурасы.  Қышқылдарды

альдегидтерді тотықтыру, нитрилдерді гидролиздеу, алкандарды

тотықтыру   аркылы   алу.   Физикалық   және   химиялық  қасиеттері.

Тұздардың, галогенангидридтердің, ангидридтердің, күрделі эфирлердің,

амидтер   мен      нитрилдердің   түзілуі.   Ароматты қышқылдар. Бензой

қышқылы.  Жоғары  май  қышкылдары.  Қанықпаған қышқылдар. Олеин,

линол   және   линолен   қышқылдары.   Сабындар.   Дикарбон   қышқылдары,

қаныққан дикарбонқышқылдардың номенклатурасы. Олардың химиялық

қасиеттерінің   ерекшеліктері.   Оксиқышқылдар.   Оптикалық  изомерия.

Асимметриялық   көміртек

 атомы   —

 хиральдіктің   центрі.

Энантиометрлер,   рацематтар,   рацематты   қоспалар.   Фишердің

проекциялық формулалары.

Аминдер.   Жіктелуі,   изомериясы   және

 номенклатурасы.

Оларды


галогентуындылардан,

нитроқосылыстарды

тотықсыздандыру   арқылы   алу.   Зинин   реакциясының   маңызы.  Анилин.

Физикалық  және   химиялық  қасиеттері.   Анилинді   алкирлеу   және

ацилирлеу,   азотты  қышқылдың  әсері.   Аминоспирттер.   Коамин,   холин

және   олардың   биологиялық   ролі.   Липидтер.   Сабындалатын   липидтер.

Майлар.   Табиғатта   таралуы,  құрамы   мен   кұрылысы.   Майлардың

жіктелуі.   Сұйық   майлардың  қатты  майлардан   айырмашылығы.

Химиялық  қасиеттері: сабындануы және гидрогенизациясы. Майлардың

ашып  кетуі.   Сұйық   майларды  қатты   майларға   айналдыру.   Техникалық

өңдеу және қолданылуы. Липидтер және майлардың маңызы.

Сабындар   мен   детергенттер.   Сабындардың  жуғыш  қасиетін   физика-

химиялық түсіндіру. Жасанды жуғыш заттар, олардың қалдықтарын жою

мәселесі. Балауыздар.

Күрделі  липидтер.  Фосфатидтер,   лецитиндер,   кефалиндер.

Табиғатта   таралуы,  құрамы   мен  құрылысы,   олардың   биологиялық

маңызы. Гликолипидтер туралы түсінік.

Көмірсулар.   Көмірсулардың   жіктелуі.   Моносахаридтер.   Олардың

номенклатурасы,  құрылысы,   стереоизомериясы,   физикалық   және

химиялық   касиеттері.  Пентозалар  (рибоза,  ксилоза)  мен  гексозалардың

(глюкоза, манноза, галактоза, фруктоза) маңызды өкілдерінің құрылысы.

Моносахаридтердің   тотығуы   мен   тотықсыздануы.   Аскорбин  қышқылы.

                                                                             


Дисахаридтер:  мальтоза,   сахароза,  целлобиоза,  лактоза.   Мальтоза   мен

сахарозаның  құрылысы,  гидролизі.  Полисахаридтер.   Гомо-  және

гетерополисахаридтер. Крахмал, гликоген мен целлюлозаның (клетчатка)

құрылысы.  Олардың   гидролизі.  Гетерополисахаридтер:   гиалурон

қышқылы,   хондроитин   сульфаттары,   гепарин.  Аминқышқыддары.

Жіктелуі,  изомериясы  және  номенклатурасы.   Оларды   ақуыздарды

гидролиздеу,   галогеналмаскан

 қышқылдардан,   альдегидтер   мен

кетондардан  алу.  Физикалық  және  химиялық  қасиеттері.     Амфотерлік

және   биполярлы   иондардың   түзуі.

Карбоксил   және   амин   топтары   бойынша   реакциялар.   Пептизация

реакциясы. Пептидті байланыс. Пептидтер.

Акуыздар.

 Біріншілік,   екіншілік,   үшіншілік   ақуыздар

молекулаларының

 құрылысы.

 Акуыздардың   құрамына   кіретін

аминқышқылдары.  Байланыс  түрлері   (амидтік,   дисульфидтік,   сутектік,

тұздық).   Құрылысын   анықтауда   қолданылатын   сапалық  реакциялар.

Ақуыздардың   алуан   түрлілігі,   табиғаттағы   маңызы.   Физикалық  және

химиялык, қасиеттері. Тұнбаға түсіру, изоэлектрлік нүктесі. Кышқылдық

және ферментативтік гидролиз. Ақуыздардың жіктелуі. Алмасатын және

алмаспайтын аминоқышқылдар. Жасанды тамақ мәселесі.

Гетероциклді  қосылыстар.   Бір   немесе   бірнеше   гетероатомды

гетероциклдер.  Пиррол,   пиридин,  имидазол.  Хлорофилл   мен  геминнің

құрылысы.  Алкалоидтар  туралы  түсінік.   Нуклеопротеидтер,  нуклеин

қышқылдары. Жалпы жіктелуі (ДНҚ,  РНК). Нуклеин  қышқылдарының

біріншілік   құрылысы.  Нуклеопротеидтер,  нуклеозидтер.  Нуклеин

қышқылдарының  екіншілік   құрылысы.  Нуклеин  қышқылдарының

биологиялық   маңызы.   Генетикалык  код   туралы  түсінік.   Коферменттер

туралы түсінік.

9 Тақырып. Химиялық термодинамиканың негіздері

Энергияның сақталу заңы. Жүйе мен сыртқы  орта. Энергия  және

оның   түрлері.   Термодинамиканың   бірінші   бастамасы.   Қысым   тұрақты

болған   жағдайдағы   ішкі   энергияның   өзгерісі.

 Энтальпия.

Термодинамиканың   бірінші   бастамасын   химияға   қолдану.   Химиялық

реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы. Термодинамиканың екінші

бастамасы.   Энергия  айналымдарының  бағыттылығы.  Қайтымды   және

қайтымсыз процесстер. Гиббс  энергиясы.  Гельмгольц  энергиясы.  Еркін

энергия және химиялық реакциялардың бағыты. Байланысқан энергия.

Энтропия.

 Энтропияның

  статистикалық

  түсіндірмесі.

Термодинамиканың үшінші бастамасы. 

10 Тақырып. Беттік құбылыстар

Беттің еркін энергиясы. Беттік керілу. Ерітінді бетіндегі адсорбция.

Гиббс   теңдеуі.   Беттік   қабатта   молекулалардың  бағдарлануы.   Беттік

активті заттар. Беттік керілудің изотермасы. Траубе ережесі. Жұғу және

оның өлшемі. Пестицидтер әсерінен жұғудың маңызы.

Қатты дене-сүйық және  қатты дене-газ шекарасындағы  адсорбция.

Физикалық   және   химиялық  адсорбция.   Адсорбция   изотермасы.

                                                                             



Фрейндлих,   Ленгмюр  және   БЭТ  теңдеулері.   Ребиндердің  полярлықты

теңестіру ережесі. Алмасу адсорбциясы. Иониттер. 



11 Тақырып. Коллоидтық жүйелер

Коллоидтық  жүйелердің  практикалық  маңызы. Заттың  коллоидтық

күйінің   ерекшеліктері.   Коллоидтық   жүйелердің   табиғаты.   Коллоидты

ерітінділерді  алу  және   тазарту   жолдары.  Диализ,   электродиализ   және

ультрафильтрация.   Коллоидтық  жүйелердің  молекулалық-кинетикалық

қасиеттері.   Броундық   қозғалыс.  Диффузия.  Осмостық   қысым.   Доннан

тепе-теңдігі.  Седиментация   және  ультрацентрифугирлеу.  Коллоидтық

жүйелердің   оптикалық  қасиеттері.   Жарықтың   шашырауы,   Рэлей   заңы.

Тиндаль   құбылысы.  Ультрамикроскопия.   Коллоидтық  бөлшекгерді

зерттеуде   электрондық  микроскопия   мен   рентгенография.  Коллоидтық

жүйелердің   электрохимиясы.  Қос  электрлік  қабат.  Золь   (мицелла)

бөлшегінің  құрылысы.   Термодинамикалық  және  электрокинетикалық

потенциал.   Электрофорез   және   электроосмос.  Кинетикалық  және

агрегативтік   тұрақтылық.

 Коагуляция   және

 оның


 факторлары

Электролиттермен   коагуляция.   Шульц-Гарди  ережесі.   Коагуляцияның

кинетикасы.   Коллоидтық  жүйелердің  өзара   коагуляциясы.   Коллоидтық

жүйелерді коагуляциядан қорғау. Пептизация.  



12 Тақырып. Жоғары молекулалык, қосылыстар (ЖМҚ)

ЖМҚ   ісінуі   мен   еруі.   Ісінудің   түрлері.  Термодинамикалық

тұрақтылық.   ЖМК   ерітінділерінің   спецификалық   ерекшеліктері.   ЖМҚ

тұтқырлығы.  Қан   мен   биологиялық   сұйықтардың   тұткырлығы.

Полиэлектролиттер.   Изоэлектрлік   нүкте.   ЖМК   тұрақтылығының

бұзылуы.  Қабаттала бөлінуі, ерігіштендірмеу, коацервация.  Коллоидтық

электролиттер.

Топырақтағы   органикалық   заттың  коллоидтык  күйі   және   оның

қасиеттері.   Гельдер   мен   сірнемелер.   Омырылғыш   гельдер.

Полиэлектролиттер мен акуыздардың гельдері.



13 ТақырыпФотохимиялық реакциялар

Фотохимиялық  реакциялар.  Гротгус-Дрепер   және   Ламберт-Бер

заңдары  -  фотохимияның  негізгі   заңдары.   Сіңірілген   кванттардың

энергиясы.   Эйнштейннің   фотохимиялық   эквиваленттік   заңы.   Кванттық

шығу туралы түсінік. Фотохимиялық реакциялардың жылдамдығы.

14ТақырыпЭкологиялық химия

Қоршаған ортаның ластануының  табиғи және жасанды себептері.

Химиялық өнеркәсіптің дамуы мен ауылшаруашылық интенсификациясы

нәтижесінде  атмосфера,   гидросфера   және  литосфераның   жоғарғы

горизонттарының  құрамының   өзгеруі.   СО

2

,  СО,  күкірт   оксидтерінің,



фторлы қосылыстардың концентрациясының өсуі. Мыс, қорғасьш, сьнап

және басқа уытты заттардың қосылыстары.



4.3 Лабораториялық жұмыстардың мазмұны



п/п

Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

                                                                             



1 тақырып 

Бейорганикалық   қосылыстар   кластары.  Алынуы   және

химиялық   қасиеттері.   Мырыш   эквивалентісінің   молярлық

массасын анықтау.

2 тақырып

Химиялық  реакциялар  жьлдамдығы  мен  химиялық   тепе-

теңдікке әр түрлі факторлардың әсері.

3 тақырып

Тотығу-тотықсыздану   реакциялары.   Тотықтырғыш   және

тотықсыздандырғыш ретінде жай және күрделі заттар. Тотығу-

тотықсыздану   реакцияларының   жүруіне   ортаның   әсері.

Берілген концентрациялар бойынша ерітінділер дайындау.

5 тақырып

Биогенді элементтер. s-, р-элементтердің химиялық қасиеттері

6 тақырып

Сапалық   талдаудың   негіздері.   Маңызы   зор  S-,  р-,  d-

элементгерге тән сапалық реакциялар

7 тақырып

Химиялық   сандық   талдаудың   әдістері.  Гравиметрия.  Тұздың

ылғалдығын анықтау.

8 тақырып

Оттекті   органикалық   қосылыстар.   Спирттер.   Фенолдар.

Альдегидтер.   Кетондар.  Карбон   қышқылдары.   Алынуы,

химиялық қасиеттері, сапалық реакциялары.

9 тақырып

Тұздың еру жылуын анықтау. Химиялық реакциялардың жылу

эффектілерін анықтау. 

10 тақырып Беттік   құбылыстар.   Сталагмометрия   әдісімен   сұйық/газ

шекарасындағы беттік керілуді анықтау.

11 тақырып Коллоидтық   ерітінділерді   алу,   тазарту   және   олардың

тұрақтылығы

4.4 Практикалық сабақтарының мазмұны

1  Тақырып. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары.  Зат мөлшері.

Заттар массасының сақталу заңы. Авогадро заңы. Эквиваленттер заңы.

Атом құрылысы - Атомның электрондық формулалары. Атом құрылысы

тұрғысынан   Д.И.   Менделеевтің  периодтық   заңы  мен   периодтық   жүйесі.

Химиялық  байланыс  түрлері.   Атомдық   орбитальдардың  гибридизациясы

және молекулалардың кеңістіктік пішіні.

2  Тақырып.  Химиялық  кинетика.  Массалар  әсер  ету заңы. Вант-Гофф

ережесі. Ле-Шателье принципі.

3  Тақырып.  Электролиттік  диссоциация.  Иондық   теңдеулер.   Алмасу

реакцияларының жүру шарттары. Судың диссоциациясы. Сутектік көрсеткіш.

Тұздар   гидролизі.  Тотығу-тотықсыздану  реакциялары.  Коэффициенттерді

орналастыру.

 

Тотықтырғыштар



 

мен


 

тотықсыздандырғышгар

эквивалентгерінің молярлық массасын есептеу.

4  Тақырып.  Электрхимия.  Электродтық  потенциал.  Гальваникалық

элементтер.

7 Тақырып. Ерітінділер концентрациясы. Еріген затгың массалық үлесі.

Молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы, титр.

Талдау иәтижелерін өңдеу. Талдау қателіктері. Орташа арифметикалық шама,

абсолютті, салыстьгрмалы қателіктер.

                                                                             



8  Тақырып.   Көмірсутектердің   жіктелуі,  номенклатурасы,   физикалық

және химиялық қасиеттері.

Оттекті   органикалық  қосылыстар.  Спирттер,  фенолдар,  альдегидтер,

кетондар,   карбон  қышқылдары.  Номенклатурасы,   изомериясы,   алынуы,

химиялық қасиеттері.

9  Тақырып.    Термодинамика.          Термодинамиканың           бірінші

бастамасы.

Энтальпия.   Термохимия.   Химиялық   реакциялардың   жылу эффектілерін

есептеу. Термодинамиканың    екінші    бастамасы.    Энтропия.    Гиббс

энергиясы.  Химиялық   реакциялардың   бағыты.  Энтропия   және  Гиббс

энергиясы өзгерісін есептеу. 

11  Тақырып.  Коллоидтық жүйелердің электрхимиясы.  Золь (мицелла)

бөлшектерінің құрылысы.

4.5 СӨЖ    мазмұны

 СӨЖ түрі



 Есеп беру формасы

Бақылау


 түрі

 Сағат


көлемі

1 Дәрістік

сабақтарға

дайындық


Сабақтарға

қатысу


10

2 Лабораториялық

сабақтарға

дайындық


Қажетті   кестелерді

және т.б. дайындау.

ЛЖ рұқсат алу 

20

3 Үйге берген 



тапсырманы 

орындауға

Жұмыс дәптері

Сабақтарға

қатысу

40

4 Практикалық 



сабақтарға 

дайындау


Есеп 

Қорғау


30

5 Қосымша 

материалды 

талқылау


Конспект

Конспект


тексеру

20

6 Бақылау іс – 



шараларға 

дайындық


МБ 1, МБ 2,

аралық бақылау

және т.б. 

60

  Барлығы:



180

Студенттерге өздігінен оқуға ұсынылатын тақырыптар

1. Периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеруі (тік және

көлденең   қатарлар   бойынша   периодтылық,   диагоналды   ұқсастық).

Тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің периодты өзгеруі.

                                                                             


Периодтық  заң   және   биогенді  элементтер.   Периодтық  жүйенің

дамуының болашағы.

2. Күй функциясы және биологиялық  процестер.  Ауышаруашылық

дақылдары   тіршілік   етуінде   жүретін   процестерді   зерттеуде

калориметрлік талдауды қолдану.

Ферментативтік  катализ.  Каталитикалык   процестердің   механизмі

туралы түсінік. Тізбекті реакциялар. Н.Н.Семеновтың жұмыстары.

3.  Биологиялық   жүйелердегі   осмостың   ролі.  Плазмолиз   бен

цитолиз.  Агрономияда   криометрия,   эбулиометрия   мен   осмометрияны

қолдану.


Комплексті   қосылыстардың   биологиялық   ролі.  Гемоглобин   мен

хлорофилл - комплексті қосылыстардың бір түрі. Гемоглобиңде оттегінің

темір   ионына   қосылуының   ерекшеліктері.   Биобейорганикалық

қосылыстар  туралы  түсінік,   олардың   тірі   ағзалардағы   ролі.  Комплекс

түзу мен комплексті қосылыстарды агрономияда қолдану.

4.  Гальваникалық  элементтерді   іс   жүзінде   қолдану,   тірі   ағзада

жүретін тотығу-тотықсыздану процестері.

5.  Темір   үштігі   элементтерінің  тотығу   дәрежесі  әртүрлі

қосылыстары.  Темір,  кобальт және  никельдің  комплексті қосылыстары.

Темір,


 кобальт,

 никельдің   және   олардың

 құймалары   мен

қосылыстарының қолданылуы.

Платиналық  металдар   мен  олардың   маңызды   қосылыстарының

қолданылуы.

Мыс топшасы. Мыс,  күміс,  алтын және  олардың  қосылыстарының

физикалық,   химиялық  қасиеттері,  қолданылуы.   Мыс,  күміс  және

алтынның комплексті қосылыстары.

Микроэлементтердің өсімдік шаруашылығындағы ролі.

6.  Буферлік   ерітінділер   жөніндегі   түсінік.   Буферлік   жүйелердің

биологиялық ролі.

7.

 Ауыл


 шаруашылығында   саңдық   талдаудың   маңызы.

Ауылшаруашылық өнімдерін кеңінен талдау жүргізуге қазіргі қойылатын

талаптар: тез, қатесіз, дәл анықтау және әдіс өнімділігі.

Талдаудың   дұрыстығы   мен   қайталануы.  Талдау  қателіктерінің

жіктелуі.

Потенциометрия.   Потенциометрлік

 титрлеу.

 Ионселективті

электродтар. Потенциометрияны агрохимиялық таддауларда қолдану.

Кондуктометрия.   Кондуктометрияны   топырақтану   және

агрономияда қолдану.

8.  Биологиялық   активті   органикалық   қосылыстар   мен   ауыл

шаруашылығы.   Биологиялық   тепе-теңдік   және   адам   қызметі.

Пестицидтер, олардың жіктелуі. Инсектицидтер, әсер ету түрі бойынша

олардың   жіктелуі.   Резистенттілік.   Инсектицидті   гормондар.

Фунгицидтер.   Тұтас   және   талғамды  эсер  ететін   гербицидтер.   Тиразин

тобы.   Өсімдік   өсуінің   реттегіштері:   индолилкарбон   қышқылдары,

хининдер, гибберелиндер. Инсекторепелленттер, инсектоаттрактанттар.

9. Термодинамиканы биология мен агрономияда қолданылу.

                                                                             



10.  Топырақ  пен  өсімдіктердегі   адсорбциялық  процестер.

Топырақтың  сіңірушілік  сыйымдылығы  (ТСС).  Топырақтың  ионалмасу

қасиеттері.

11. Ауыз су және алынды суды тазарту үшін коагуляцияны қолдану.

Суспензиялар, эмульсиялар және көбіктер

12. ЖМҚ аулшаруашылығының ролі

13.

 Өсімдіктермен   органикалық   заттардың   синтезі   және



сенсибилизатор  ретінде  хлорофилдің ролі. К.А.Тимирязевтің  еңбектері.

Біздің планета үшін фотосинтездің маңызы.

14.   Су   -  жердің   табиғи   ресурстарының   бірі.   Ауылшаруашылық

өнеркәсіптеріндегі   ағын   судың   құрамы   жөнінде   түсінік.  Табиғат  пен

қоршаған ортаны қорғау.

Әдебиеттер

 

Негізгі әдебиеттер

1. Ахметов Н.С. Неорганическая химия / М.: Высшая школа, 2003г. 

2. Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной  органической химии.

3. Глинка   Н.Л.   Общая   химия.   /   Под   ред.   к.х.н.   В.А.   Рабиновича.   –

Издательство "Химия"– М. 1988.-719с.

4. Иванов   В.Г.,   Гева   О.,Гаверова   Ю.Г.   Практикум   по   органической

химии.- М.: Академия,2002.

5. Глинка Н.Л. «Задачи и упражнения по общей химии». – Л.: Химия,

1988. 

6. Мырзалиева С. К. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы



оқу  тұралы.-Алматы:Print-S, 2005.

7. Третьякова Ю.Д. Неорганическая химия в 3т.: учебн. для студ. вузов.- 

М.: Академия, 2004г. 

8. Шоқыбаев   Ж.  Бейорганикалық және аналитикалық химия.-Алматы: 

Бiлiм, 2003.

Қосымша әдебиеттер

9. Дрюк А, Малиновский М.В. Курс органической химии

10. Общая химия. / Под ред. В.Ф. Тикавого. – Минск: Университет, 2003г.

11. Подьчева Е.А. и др. Практикум по химии – Алматы: Мектеп, 1987г. 

12. Павлова Н.Н., Фролова В.И. Практикум по общей и неорганической

химии – М.: Дрофа, 2002г.

13. Писаренко А.П. Курс коллоидной химии

14. Яшкарова Г., Омарова Н. М., Бейорганикалық  химиядан  зертханалық  

жұмыстары әдiстемелiк тұралы. -Семей: Шәкәрiм атындағы  Семей 

мем. ун-тi, 2007.

                                                                             


   

Пәннің жұмыс бағдарламасын                                                                                Нысан

                келісу парағы                                                                                        ПМУ ҰС Н 7.18.3/33

«Химия» пәннің жұмыс бағдарламасын келісу парағы 

2009- 2010 оқу жылына

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Мамандандырушы 

кафедра

Кафедра меңгерушісі

А.Ж.Т. 

Қолы 

Келісімдеген

күн

1

2

3

4

                                                                             



Document Outline

  • ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
    • Оқу ісі жөніндегі проректор
  • ОӘК төрайымы ____________ Буркитбаева У. Д.
    • КЕЛІСІЛДІ
    • Факультет деканы __________ Ахметов К. К. «__» __________ 200__ж
      • Пәннің жұмыс бағдарламасын Нысан
      • «Химия» пәннің жұмыс бағдарламасын келісу парағы
    • КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет