Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет105/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152

Мақта қыз бен мысық


(ертегі)
Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз:«Келмесең келме» деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

  • Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

  • Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:

  • Апа, апа, құйрығымды берші, – дейді.Мақта қыз:

  • Менің қатығымды төле! –дейді.Мысық сиырға барады.

  • Сиыр, маған қатық берші, – дейді.Сиыр:

  • Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

  • Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.Ағаш:

  • Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

  • Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.Қыздар оған: Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.Мысық дүкенге барады.

  • Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.Дүкенші:

  • Маған жұмыртқа бер! – дейді.Мысық тауыққа барады.

  • Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.Тауықтар:

  • Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық:

«Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқантышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

  • Жаныңның барында айт. Үйіңде не бар? – дейді.Тышқан қорыққанынан:

  • Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.Мысық:

  • Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді, мысық тарыны апарып
тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызғабереді, Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет