Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет108/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152

Күшік пен қасқыр


(ертегі)
Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
-Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
-Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, - депті күшік.
Қасқыр:
-Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, - депті.
Екеуі келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
-Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығымқандай екен? – депті.
-Сенің көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жылмиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, - депті күшік.
-Мен не қылар екем, соны қара,- депті де қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысып, тұншықтырып өлтіріпті.
-Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – депті де, қасқыр кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:
-Ей, мен сені жеймін! – депті.
-Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, - депті мысық.
-Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, - депті күшік.Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
Күшік:
-Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті.
-Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпиып тұр, аузың аңқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбырап тұр, - депті мысық. Сонда бұған күшік:
-Енді мен не қылар екем, көр!- депті.
Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
-Ей, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жеймін! – депті.


Күшік пен мысық


(ертегі)
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің қара күшігі, бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала
мысықты тұра қуды. Мысық қашып барып алма ағашқа шығып кетті.Күшік ағаш түбіне келіп:
-Әу-әу-әу,әу-әу-әу! – деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.
Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, тұмсығын тыржита айбат шекті.
Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті!
Күшік қаңқ ете қалды да, «мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді. Оленді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған.
Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «және ұрады екен» деп ойлап, күшік жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.
Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.
Т.Жексенбай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет