Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет2/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамыту - қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі болып табылады.


Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы 27 мамырдағы үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 наурыздағы №137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – Модель) бекітілді[1].
Бүгінгі күні жаңа Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі
– Стандарт) [2], Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары [3] және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) [4] мазмұны қайта қаралып бекітілді.
Отандық және халықаралық тәжірибені, оның ішінде ЮНЕСКО-ның ұсынымдары мен мектепке дейінгі білім беру сапасын жаһандық зерттеулерді талдау негізінде «Ұйымдастырылған іс-әрекет - Үлгілік бағдарлама мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы» деп айқындалды [5].
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басты міндеті бала денсаулығын қорғау мен сақтау екендігін ескере отырып, балалардың жасына сәйкес барлық жас кезеңдері бойынша қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру бойынша міндеттер берілді, аталған міндеттер барлық ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы іске асырылатын болады.
Ойын жетекші іс-әрекет және балаларды дамытудың негізгі құралы екендігі және бірлескен ойын, еңбек дағдыларын, тазалықты, тәртіпті, ұйымшылдықты, балалардың ойлауын, қабылдауын, сурет салуын және басқа дағдыларды игеру ойын түрінде болуы қажеттігі Модельде айқындалған басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі балалар ойын баласы екенін ескере
отырып, оларды дамыту мен тәрбиелеуде педагогтерге ойынға басымдық беру ұсынылады. Ол үшін балалардың қызығушылықтарына сәйкес заттық- дамытушы ортаны құру және ұйымдастырылған іс-әрекетті балалардың бастамаларын, пікірлері мен тілектерін ескере отырып, оларды зеріктірмей, балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қызықты ойын түрінде өткізу көзделеді.
Мектепке дейінгі кезең - баланың өміріне қажетті дағдыларды игерту және оларды дамыту кезеңі. Педагог балалардың қызығушылықтарын, жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуетін барынша ашуға және дамытуға жағдай жасауы тиіс. Ол үшін өзінің алдын-ала Циклограмма бойынша жоспарлаған әрекеттерін орындаумен шектелмей, баланың қызығушылығына көңіл бөліп, баланың өзі таңдаған әрекет түрін ұйымдастыру қажет.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог балаларды тыңдай білуге дайын, сұрақтар қоюға қабілетті, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылықпен қарайтын, балаларға қолдау көрсететін, баламен жылы қарым-қатынас орната алатын болуы маңызды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткері, педагог, психолог- ғалым Жүсіпбек Аймауытов өз еңбектерінде «баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек, себебі балаға айтып ұқтырғаннан гөрі бала көргеніне көп еліктегіш болып келеді, сондықтан балаға жақсы әдеттер мен мінездің көрінісін іспен көрсету керек» деп, баланы тәрбиелеудегі тәрбиешінің тәрбиелі болуының жауапкершілігін айқын дәлелдеген [6]. Сондықтан баламен қарым-қатынас барысында сіздің күнделікті өзіңізді ұстауыңызды, бала бақылаушы ғана емес сіздің жақсы әдеттеріңіз бен өнегелі істеріңізді қабылдаушы және соған еліктеуші екенін ұмытпау керек.
Мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы, ағартушы-педагог, этнограф, журналист-аудармашы Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) «Мектептен бұрынғы тәрбие» [7], «Ана мен бала» [8] деген еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуына мән берген. Бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін баланы тәрбиелеп, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жас баланың айналаны білуге деген құмарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп, жетілетінін айта келе, баланың ойын дамыту үшін олардың сұрақтарын жауапсыз қалдыруға болмайды» деп жазған.
Демек бүгінгі күні өзекті болып отырған «баланың үнін есту» балаларға мейірімділікпен қарау, оларға мейірбандық таныту, олармен дос болу, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда әрбір педагогтің бойынан табылатын ізгі қасиеттер болуы қажет.
Нәзипа Құлжанова сондай-ақ өз еңбектерінде баланы жас кезінен бастап табиғат аясында тәрбиелеудің эстетикалық әсерін айта келіп, «Бала даланың
кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын тоғай арасында сайрандай жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп, өркендемек» деп, табиғаттың баланы жан-жақты дамытудағы маңыздылығына ерекше тоқталып, «Әр балабақша жанында биологиялық бұрыш, тәжірибе участогы болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тотықұсты, кірпікшешенді, балықты өсіруді білсін, аулаға көкөніс, гүл отырғызып, су құюды үйренсін, сазбалшықтан ойыншықтар жасап үйренсін» деген сөздері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, баланы дамыту мен тәрбиелеуде заттық-дамытушы ортаны жасақтауға үлкен мән беру қажеттігін айқындап отыр [7]. Нұсқаулықта заттық-дамытушы ортаны құруға ұсынымдар мен оны ұйымдастыру бойынша бейнероликтер сілтемесі берілген.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тек топ бөлмесінде балаларды үстел басына отырғызып өткізумен шектемей, жатын бөлмеде төсеніштің үстіне отырғызып (жатып), таза ауада (ауа-райының жағдайларына байланысты), сондай-ақ күннің бірінші және екінші жартысында балаларға жайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.
Ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамытуда:

  • мергендікке, шапшаңдыққа, ептілікке, денесінің дұрыс қалыптасуына ықпал ететін ұлттық ойындарды (ақ серек, асық ойыны, бес тас, атқа мінгізу, ат жарыс, көкпар және т.б.) ойнату;

  • ерте жас тобынан бастап, бесік жырын, ертегілерді, аңыздарды, дәстүрлі әндер мен күйлерді тыңдату;

  • қазақ халқының айнала қоршаған ортаға, табиғатқа қатысты «обал болады», «сауап болады» ұғымдары туралы кең насихаттау;

  • қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, салт-дәстүрлерімен таныстыру;

  • жүннен, жіптен сурет салуға, ою-өрнектерді мүсіндеуге, жапсыруға баулу;

  • ел аумағындағы шексіз далалар, жартасты таулар, әсем табиғат, өзендер мен көлдер, тарихи сәулет ескерткіштеріне қызығушылықтарын арттыруға баса назар аудару қажет.

Нұсқаулықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда және балалардың жеке және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды жан-жақты үйлесімді дамыту мен әлеуетін ашуда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен педагогке қажетті мынадай материалдар:

  • заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша бейнероликтер сілтемелері;

  • ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізу педагогтердің озат тәжірибелері;

  • балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыру бойынша бейнероликтер сілтемелері;

  • ұлттық, қимылды ойындар;

  • балаларға оқып беруге шығармалар және аудио ертегілер;

  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен балалар әдебиеті жылына арнайы ұйымдастырылған «Балапаным биік ұш» мүшайра материалдары;

  • балалардың театрландырылған әрекетін ұйымдастыру бойынша бейнероликтер топтамасы;

  • мектепке дейінгі ұйымда мобильді кітапхананы құруға аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) қажетті материалдар;

  • мектепке дейінгі ұйым музыканттарымен әзірлеген балалар әндері ноталарымен, музыкалық сүйемелдеуімен аудиоматериалдар сілтемелері берілген.

Аталған Нұсқаулық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыруда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет