Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет12/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:

іс-әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;

  • әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру;

  • балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;

  • әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру,оның мүмкіндіктерін барынша қолдану) құру.

Түрлі жас топтары перспективалық жоспарында балалардың жасына сәйкес (егер 3, 4 немесе 5 жастағы балалар болса онда осы аталған жас балалары үшін) Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес міндеттер жеке-жеке көрсетіліп, ортақ бір жоспар жасалады (1 қосымша). Ал циклограмманы жасауда осы міндеттерді шешу үшін балалардың түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ойын түрінде ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жасына сәйкес беріледі.
Арнайы жасақталған қызығушылық орталықтарында балалардың еркін ойындары мен дербес әрекеттері үшін уақыт бөлінуі керек.
Еркін ойын балалардың кез-келген еркін әрекеті, ол тек ойын сипатында ғана болмайды, басқа да әрекет түрінде болуы мүмкін (мысалы, өз қалауы мен ойлауы бойынша сурет салу, ұсақ моториканы дамыту үшін материалдарды қолдану және т.б.).
«Еркін ойын» баланың ойынға арналған материалдарды және ойындағы серіктесін өздігінен таңдауын, ойын кеңістігінде өз қалауы бойынша әрекет етуін білдіреді. Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалар еркін ойынды өздігінен басқара алмайтындықтан, педагогке баламен өзара әрекет ете отырып, оған бағыт беру, әңгімелесу арқылы жетекші сұрақтар қою және баладан толық жауаптар алу ұсынылады.
https://youtu.be/LZYSO4PE3_Q
Педагогтің міндеті — әр балаға өзінің қызығушылықтары бойынша әрекетпен айналысуға жағдай жасау, балалардың зерігуін болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет