Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет38/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   152

Ұшақтар


Балалар ұшақтардың рөлін орындайды. Олар залдың әр жеріне тұрады. Педагог: «Ұшуға дайындал!» деген белгі берген кезде, балалар қолдарын қозғалтып, «ұшақты оталдырады». «Ұшамыз!» деген белгі берілгенде қолдарын алға созып, залды айналып шашырап жүгіреді. «Қонамыз!» деген белгі берілген кезде, ұшақтар тоқтайды, жерге қонады (балалар бір тізесін бүгіп отырады). Ойын 5-6 рет қайталанады.


Аңшы мен қояндар


Аңшыны балалардың арасынан сайлайды. Қалған балалар – қояндар. Залдың бір жағында аңшының орны, екінші жағында – қояндардың іні. Аңшы залды айналып жүреді, қояндардың ізін аңдиды, содан кейін орнына қайтып оралады. Қояндар бұтаның арасынан шығып, әртүрлі бағытқа қарай қос аяқтап секіреді (оң, сол аяқпен). «Аңшы» деген белгі берілген кезде – қояндар үйлеріне қашып кіреді. Ал, аңшы оларға доп лақтырады (қолында 2-3 доп болады). Доп тиген балаларды өз үйіне алып кетеді. Аңшы аңға шыққан сайын ауысып отырады (бірақ қолға түскендерден сайланбайды).


Кеттi, кеттi орамал!


Ойынға қатысатын балалар шеңбер құрап отырады және бір-біріне иығын тірейді. Тізелерін аздап бүгеді. Жүргізуші шеңбердің сыртында қалады. «Кетті, кетті орамал!» деген сөздерді қайталап, орамалды тізенің астынан береді. Жүргізуші орамалдың кімнің қолында екенін айтуы тиіс. Егер жүргізуші орамалдың кімнің қолында екенін тапса, сол ойыншымен орын алмасады.

Ұшты, ұшты


Жүргізуші белгілі бір құстың атауын атайды, «ұшты, ұшты» деп қайталайды және қолын бұлғайды. Ойыншылар қимылдарды қайталайды. Бір рет, екі, үш... бір кезде жүргізуші «Сиыр!» деп қалады. Оның қармағына ілініп, қолын сермеп қалған бала ойыннан шығады немесе ойыншылардың тілегін орындайды.
«Сақтанып», құстың аты айтылғанда қолын көтермей қалған немесе кешігіп қалған балаларға да сондай шара қолданылады.


Бос орын


Балалар шеңберді айналып малдас құрып отырады. Қолына қамшы ұстаған жүргізуші ойыншылардың бірінің қасына тоқтайды және қамшыны соның артына қойып кетеді. «Бұл жер тар, өз орныңды тап!» деген сөздерді айтады. Ойыншы қамшыны алады және жүргізушіні қуа жөнеледі. Егер оны ұстап алса, қамшымен ақырын ұрады. Ал жүргізуші сол ойыншының орнына отырып алуы тиіс. Егер отырып алса, ойыншы ойынды жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет