Оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары: Төл дыбыстарды меңгерту



бет1/3
Дата22.07.2023
өлшемі120,26 Kb.
#104626
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
тил дамыту жаттыгулары

Оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары:

Төл дыбыстарды меңгерту

  • Төл дыбыстар кездесетін тыңдалым материалдарын мейлінше көп ұсыну.
  • Жаңа сөздерді үйреткен кезде міндетті түрде айтылуына назар аудару, оқушылармен жұппен, топпен, сыныппен бірге қайталау жаттығуларын ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда транскрипциясын ұсыну.
  • Оқушылардың сөздерді дұрыс айтылуын жаттықтыру үшін жаңылтпаштарды жиі қолдану (ойын, сергіту сәті, т.б.)
  • Бір жағында суреті, екінші жағында сөзі берілген карточкаларды қолдану. Оқушыға суретін көрсетіп, не екінін түсіндіресіз. Сөзді көрсетіп, бірнеше рет ауызша қайталатасыз.
  • Төл дыбыстары кездесетін өлеңдерді, шумақтарды, өтірік өлеңдерді белгілі бір ритммен айту. Әндетіп айту не қимылмен қозғалып айту.
  • Әжем бесік тербетіп,

    Әлди әнін салады.

    Әй-әй сәби ер жетіп,

    Әже еңбегі жанады.

Төл дыбыстарды меңгерту жаттығуларының үлгілері:

  • Ұқсас жұптар. Сөздердің бір ғана дыбысын өзгертіп, ауызша қайталатып, жаттығулар жұмысын ұсыну: көл-кел, күл-гүл, қала-дала, іні-ана, т.б. Бір сабақты бір төл дыбысына арнап отыру.
  • Артығын алып таста. Төл дыбыстың біріне құрылған сөздер қатарын ұсыну, ішіне басқа дыбысқа құрылған сөзді кіргізу. Оқушы жалпы ерекшелікті байқап, ішінен артығын алып тастайды.
  • Тыңда және тауып ал. Тақтаға немесе карточкаларға бір әріптен ғана өзгешелігі бар сөздердің жұптары жазылады. Сынып белгілі бір төл дыбыс бойынша екі топқа бөлінеді. Мысалы: «ә» және «ө». Екі қатар болып тұрады. Мұғалім бір төл дыбысты айтқан кезде, кезек-кезек шығып, өз сөздерін тауып алады және айтады.
  • Баскетбол ойыны. Оқушыларға екі топқа бөлінеді. Әр топтың өз кәрзеңкесі болады. Мұғалім ұқсас жұптарды (төл дыбыстары бойынша) қағазға жазып, бүктеп бір қорапқа салып қояды. Екі командадан екі оқушы кезек-кезек шығып, бүктеулі қағаздарды таңдап, ішіндегі сөздерді оқиды. Дұрыс оқыған оқушы қарсылас команданың кәрзеңкесіне лақтырады. Ал оқи алмаса, қорапқа кайтадан бүктеп салады. Сөздерді ең көп әрі дұрыс оқыған команда жеңеді.
  • Дыбыстар биі. Сыныппен бірлесіп, әр төл дыбысына белгілі бір қимылды ойлап табамыз. Мысалы, «Ә» дегенді оң қолды көтереді, «Ө» дегенде сол қолды көтереді. Барлық төл дыбысқа қимыл белгіленген соң, музыка қосылады. Оқушылар дыбысты дауыстап айтып, қимылмен көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет