Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет4/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Заттық-дамытушы орта - заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта.


Заттық- дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістіктіұйымдастыру және баланың өз бетінше үйренуқабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерінпайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмінқұрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.
Дамытушы орта мыналарды:

  • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;

  • инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;

  • білім беру әрекетіжүзегеасырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;

  • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

  • қауіпсіз (заттардың қауіпсіздігі мен жиһаздардың орнықты орналасуы);

  • мазмұнды (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың балалардың жасына және Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес болуы);

  • бай болуы (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу, танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін соның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытуға, қимылды ойындар мен жарыстарды ұйымдастыруға, балаларға қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен эксперимент жасауға жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да) болуы);

  • қолжетімді (барлық балалар соның ішінде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін білім беру әрекеті жүзеге асырылатын барлық топ бөлмесі, кабинеттер, дәліздердегі ойындар, ойыншықтар, материалдар, құралдардың қол жетімділігі).;

  • вариативті (ойын әрекеті, шығармашылық әрекетке, оңаша болуға және басқаларға аймақтардың болуы, сондай-ақ түрлі материалдардың, ойындар, ойыншықтардың және жабдықтардың болуы);

  • көп атқарымды (балалар жиһаздарын, жұмсақ модулдерді,

театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық және басқаларды түрліше қолдану мүмкіндігі, топта балалардың түрлі әркеттерінде қолдануға болатын табиғи материалдардың, ойындарда қолданатын алмастырушы заттардың болуы);

  • өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет