Дәріс №7. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде мектеп және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру



бет1/3
Дата09.09.2022
өлшемі19,3 Kb.
#38710
  1   2   3

Дәріс №7. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде мектеп және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру




Адам мен қоғамның экологиялық қауіпсіздігін, мектептегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен әдістерін зерттеу әдістемесі. Мектепте жаратылыстану пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Жаратылыстану оқу пәніретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Жаратылыстану пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, жаратылыстану тарихынан тұрды. Жаратылыстану тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған жаратылыстанудан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі жаратылыстану бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы жаратылыстанудың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Жаратылыстануды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Жаратылыстану жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде жаратылыстану пәнін 2 - класс пен 4 - кластаоқытылды.
Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Жаратылыстану мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- класында пәндіоқытуға
2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды.
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және классикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға жаратылыстануды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағы лардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде жаратылыстану және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет