толықтыруға ата-аналарды тарту
кітапты уақытша пайдалануға үйге беру
ұйымдастырылған кітап бұрышын ата- аналардың балалармен бірге қолдануына жағдай жасау
Кітап бұрышын демалыс орны және балалардың оңаша ойнауына арналған үйшікке жақын жерде орналастыру балалар үшін ыңғайлы болады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығы ұсақ моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойыншықтар, дидактикалық ойындар (санау, түс, өлшем, геометриялық пішіндер, тірі және өлі табиғат, жыл мезгілдері, кеңістікпен уақытты бағдарлау), сенсорлық дамытуға арналған дидактикалық ойын материалдары: (визуалды, аудио, тактильді), демонстрациялық геометриялық пішіндер жиынтығы, үлестірмелі геометриялық пішіндер жиынтығы, жазық геометриялық пішіндр жиынтығы, көлемді өлшеуге арналған материалдары бар өлшейтін стақандар мен қасықтар (мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында), әртүрлі пішінді заттар бейнеленген заттық суреттер, сандар кассасы, санау материалы, санау таяқшалары, сандарды зерттеуге арналған ойын кілемшесі, иінтіректері бар оқу таразысы, электронды зияткерлік ойындар, шахмат, дойбы, 20-25 бөлшекті пазлдар, 100 бөлшекті пазлдар, әртүрлі тақырыптағы лото, суретті домино, дамытушы үстел ойындары, мозайка және басқалар балалардың жасына сәйкес орналастырылады.
Бөбек жасы топтарында осы жас топтарында балаларды түспен, пішінмен, көлеммен таныстыруға, ұсақ және ірі моториканы дамытуға, кеңістікті бағдарлауға ықпал ететін сенсомоторлы орталық құру ұсынылады. Онда әр түрлі көлемдегі пирамидалар, баулармен, түймелермен, белдіктермен, құлыптармен
және үстел үсті ойыны заттары, ірі моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойыншықтар, ойыншық арбалар және басқалар орналастырылады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығы балаларға арналған жиһазбен, жұмсақ төсеніштермен жабдықталуы қажет.
Құрастыру және робототехника орталығы – ағаш немесе пластмасса бөлшектері бар конструкторлар, ірі және ұсақ құрылыс материалдарымен үстел үстінде немесе жұмсақ төсеніштің үстінде балаларға құрастыруға ыңғайлы және құрастырылатын құрылысты басқа балалардың бұзып кетпейтіндей жағдайда жасақтауға болады.
Мұндай орталықтың балалар шығармашылығын, құрастыру қабілеттерін дамытуда маңызы зор. Орталық барынша мобильді болғаны дұрыс. Құрылыс бұрышының мазмұнын түрлі қажетті заттармен (әр түрлі конструкторлар, текшелер, үлкен және ұсақ құрылыс материалдары, құрылыстың үлгілері мен сызбалары), конструкциялық элементтерден, мүсіндерден, объектілерден, технологиялық карталардан және әдістемелік құралдан тұратын конструкторлық жиынтықтармен, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған конструкциялық элементтері, сездіргілері, микроконтроллері және әдістемелік құралы бар робототехникалық жиынтықтармен, ойын алаңы, бағдарламаланатын робот- ойыншық, тапсырмалары бар кәртішкелер және әдістемелік құрал бар алгоритмдермен кодтау дағдыларын дамытуға арналған жиынтықтармен және басқалар толықтыра отырып, барлық топпен, шағын топтармен және жеке-жеке құрастыру әрекетін ұйымдастыруға ыңғайлы етіп жасақтау ұсынылады.
Табиғат және ғылым бұрышындағы материалдар мыналарды қамтиды:
1) балалар бақылайтын және күтім жасайтын тіршілік иелері (бөлме өсімдіктері, үй жануарлары, құстар); 2) табиғи нысандар (жапырақтар, бүрлер, тастар, қабықтар, тұқымдар, дәндер, бор, қауырсындар, көмір, микроскоптар, өсімдіктер гербарийлерінің жиынтығы және т.б.); 3) табиғат күнтізбесі, табиғат туралы кітаптар (оның ішінде сөйлейтін кітаптар), жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер туралы балалар энциклопедиялары; 4) «дыбыс», «су және ауа»,
«жылу» тақырыптары бойынша эксперимент жүргізуге арналған құралдар, сондай-ақ магнит, өлшейтін ыдыстар, лупа, матадан және клеенкадан жасалған алжапқыштар, тазалауға арналған мүкәммалдар (леген, шүберектер, щеткалар), суару ыдыстары, қопсытқыш таяқшалар, бүріккіш бөтелкелер, өсімдіктерге күтім жасауға арналған құралдар жиынтығы және тағы басқалар; 5) құм, ойыншықтары бар су.
Табиғат және ғылым орталығына балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін оны табиғи материалдан жасалған балалар қолөнері бұйымдарымен, табиғат экспонаттарымен, икебандармен безендіру ұсынылады.
Табиғат және ғылым орталығында педагог балалармен бақылаулар, қарапайым тәжірибелер, танымдық, зерттеу, еңбек әрекеттерін, қоршаған ортамен таныстыруды ұйымдастыруға болады. Балалармен танымдық, зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру олардың қоршаған әлем туралы түсініктерін байытуға, зияткерлік және тұлғалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Бұл орталықты қарапайым тәжірибелер жүргізу үшін балаларға арналған жиһазбен жабдықтау қажет.
Шығармашылық орталығы балалардың қоршаған ортаның әсемдігіне қызығушылығын қалыптастырады, балалардың өздігінен бейнені жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Мұнда балалар қызығушылықпен сурет салады, мүсіндейді, жапсыру жұмыстарын орындайды.
Шығармашылық әрекетке арналған материалдар мен құралдар:
қарындаштар (қарапайым, түрлі түсті), бор, фломастерлер, бояулар, гуашь, қылқалам, сызғыш, сорғыш қағаз сүлгілер, пластмасса стақандары;
бұйымдар жасауға арналған материалдар мен құралдар: ермексаз, қамыр, саз, ағаш, желім;
фигуралы үлкен трафареттер;
боямақтар;
жапсыруға арналған материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қағаз, түрлі- түсті және ақ картон, мата, желім, қайшы, скотч;
зерттеу, зерделеу және бұйымдар жасауға арналған әртүрлі табиғи материалдар;
балаларға арналған мольберт;
матадан және клеенкадан жасалған алжапқыштар;
тазалауға арналған мүкәммалдар (леген, шүберектер, щеткалар);
дидактикалық ойындар;
-халықтық-қолданбалы өнер үлгілері бар альбомдар, танымал суретшілердің иллюстрациялары;
-дыбыстық музыкалық аспаптар, әртүрлі сылдырмақтар, музыкалық ойыншықтар, қоңыраулар.
Барлық материалдар мен құралдар балаға қолжетімді жерде орналастырылуы қажет.
Балалар жұмыстары еркін қолжетімді қабырғада немесе сөреге балалар өздері орналастыра алатындай, көпшілік назарына ұсынылады.
Шығармашылық орталығына балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін оны табиғи материалдан жасалған қазақ халқы қолөнері бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен толықтыру ұсынылады.
Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында орналасқан кабинеттерді, дәліздерді және жер учаскесіндегі балалар алаңының білім беру әлеуетін арттыру, олардың барлық мүмкіндіктерін білім беру ресурсы ретінде кеңінен тиімді қолдану.
Қазақ халқының тұрмыстық заттары мен салт-дәстүрлерімен таныстыру, Отанның тарихы мен мәдениетіне баулу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту үшін мектепке дейінгі ұйымда арнайы орын немесе кабинет жасақтау. Мұны балалар ішіне ойнап отыруға ыңғайлы жартылай алдыңғы жағы ашық киіз үй макетімен және оның жабдықтарымен, қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен және басқалармен
жабдықтау. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық ойындарын («асық», «бес тас» және басқалар) ойнауға орындарды жабдықтау. Сонымен бірге осы жерде балалардың түрлі әрекеттерін, сондай-ақ «әжелер мектебі», «аналар мектебі»,
«әкелер және аталар мектебі» жұмыстарын және басқа да шараларды ұйымдастыруға болады.
https://youtu.be/EzgW1rEERC8 https://youtu.be/E_aimvc5un0
Мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде балалардың өміріне қажетті дағдыларды меңгеруі үшін бауларды байлау, түрлі құлыптар мен сырғытпаларды (замок) ашу және жабу, түрлі балаларға арналған тапсырмаларымен қалталарға жасырылған суреттерді табуға және жапсыруға және т.б. ойындар және басқаларды өзбетінше ойнау арқылы игеру үшін қабырғаларға балаға қолжетімді жерге іліп қою қажет.
https://youtu.be/WFlvA-69ElY https://youtu.be/utc_PknQrgA https://youtu.be/CpCZTNqFv3A
Сондай-ақ дәліздің қабырғаларына топтағы әрбір баланың түрлі әрекетпен айналысу кезіндегі, өзінің отбасымен бірге өткізген қуанышты сәттерінен фотосуреттерді, фото салатын жақтауға орналастырып, жиектерін түрлі жіптермен, гүлдермен және басқа да түрлі материалдармен безендіріп, іліп қоюға болады бұл балалардың мектепке дейінгі ұйымның толыққанды белді мүшесі ретінде сезінуіне осы фотосуреттерге қарап қуанышқа бөленуіне, өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасы құндылықтарына баулуда маңызы зор. Фотосуреттердің жақтауларын безендіруді балалардың ата-аналармен бірлескен әрекетінде ықпалдастықта ұйымдастыруға болады.
https://youtu.be/CpCZTNqFv3A
Балалардың балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығы, дербестігін, шығармашылық дағдыларын зерттеу іс-әрекетін жан- жақты дамыту үшін мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде мольберттерді орналастырып, шығармашылық орталығын ұйымдастыруға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |