Бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата02.12.2022
өлшемі239,83 Kb.
#54363
түріБағдарламасы
Байланысты:
Индира ҚМЖ


Пәні


Физика

Бөлім

Динамика негіздері

Сабақтың тақырыбы





Механикадағы күштер

Педагогтің аты-жөні

Есимханова Индира Дуйсеновна

Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.2- ауырлық күші, серпінділік күші және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Ауырлық күші, серпінділік күші және үйкеліс күші табиғатын түсіндіріді. Механикалық күштерді түрлендіре отырып есеп шығарады.

  • Механикалық күштерді суреттер арқылы анықтайды







Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру (2 мин)



Сыныптағы оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
“Әртүрлі пішіндермен” топқа бөлу

Бағалау критерийлері



Оқушылар әртүрлі пішіндерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Механикалық күштерді суреттер арқылы анықтайды






1-топ
2-топ

3-топ

4-топ


Сабақтың басы:
(4-5 мин)



“Ақтілек” жаттығу арқылы шардың ішіне жаңа тақырыптың термин сөздерін салып,соған жауабын жазады.

Шарды жару арқылы термин сөздерді айтып, өз пікірін білдіру

Өзін-өзі бағалау

Плакаттар

Сабақтың ортасы:
30 мин



Жаңа тақырып
«Конверт-сұрақ» әдісі арқылы түсіндіру

Тапсырма 1(ресурс 1)


Тапсырма 2(ресурс 2)

Тапсырма 3(ресурс 3)



Дескриптор:



  • Суреттен қандай күштер әсер ететінін табады

  • Механика күштерге анықтама береді

  • Формулаларын жазады

Дескриптор :

  • Үйкеліс күшінің түрін анықтайды

  • Суреттен механикалық күштің түрін ажыратады

Дескриптор

  • Денеге әсер ететін күштерді атайды

  • Теңдеу құрады

  • Белгісіз шаманы табады







Сабақты қорытындылау
5-минут

«Кім жүйрік» әдісі
Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпінділік күшіне есептер шығарды



Оқушылар берілген дискриптор бойынша есепті шығарады. Қаншалықты жылдам шығарса, соншалықты сабақты түсінгендігін көрсетеді




9-сынып оқулығы

Сабaқтың сoңы:
(2 мин)

  • Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз

Жасыл – Өзгелерге түсіндіру үшін, мен жақсы білемін
Сары – мен жақсы білемін, бірақ толық емес.
Қызыл –мен ештеңе түсінбедім,білмеймін

Өзін-өзі бағалау

Түрлі-түсті қағаздар

Ресурс №1 (Тапсырма №1)


Оқушыларды топтарға біріктіремін. Әр топқа суреттер беру арқылы механикалық күштердің ерекшіліктерін сипаттау тапсырмасын беремін. Оқушылар суретке қарай отырып, суреттегі денелерге әрекет ететін күштерді анықтап, өздеріне берілген механикалық күштердің ерекшілігін анықтайды.
1-топ



  1. Суреттегі денелерге қандай күштер әрекет етеді?

  2. Суретті сызба бойынша көрсетеңіздер

  3. Ауырлық күші қандай шамаларға тәуелді?



2-топ
1.Механикалық күштердің арасынан үйкеліс күшіне анықтама беріңіз
2.Үйкеліс күшінің түрлерін атаңыз
3.Суреттегі кітаптар үйкеліс күшінің қай түрімен байланысқан


3-топ

1.Серпімділік күшіне анықтама беріңіз
2.Суреттегі жағдайда қолмен допты сығу арқылы серпінділік күшінің қай түрін анықтап тұр
3.Серпімділік күші қандай шамаға тәуелді



Ресурс 2 (Тапсырма № 2)


Таза ауада серуендеп жүрген Анар, құрбыларының саябақта ойнап жүргенін көрді. Құрбыларына бармақшы болып, анасынан сұранды. Анасының келісімін алған Анар өзінің құрбылармен түрлі ойындар ойнады. Велосипед айдады, батутқа секірді, қайықпен жүзді.Әр ойын кезінде Анарға әрекет ететін күштерді сипаттаңыз.Ойын түріне байланысты әрекет ететін басым күшті анықтаңыз.


Велосипедтебу_________________________________________________________________________



Батутқа секіру _______________________________________________________________________


Қайықта жүзу _______________________________________________________________________


Ресурс 3 (Тапсырма 3 )

Массасы 3 кг ағаш қимасының қаттылығы 200 Н/м серіппе көмегімен көлденең орналасқан ағаш тақтасының бетімен бірқалыпты тартқандағы үйкеліс коэффициенті 0,5-ке тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар.



y
ʋ


x
O



  1. 1. Суреттегі денені бейнелейік,оған әсер ететін күштерді көрсетейік (ЕҚБ)

  2. Әсер ететін күштерге мысалдар келтірейік (ЕҚБ)

  3. теңдеуін жазайық

  4. Күштерді олар тәуелді болатын шамалар арқылы өрнектейік

  5. Алынған теңдеуден х-ті табайық




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет