Мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбыстарды анықтайды; дыбыс пен әріпті таниды,оларды бір – бірімен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды; дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді.
Көркем жазу талаптарына сай жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғары және төмен сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады.
Сабақтың мақсаты
сурет бойынша сөйлем құрайды
сөздерді буындап, қосып оқиды
әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады
көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, жазады
Құндылықтар
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;