Бағдарламасындағы сg 1236 «Цитология және гистология»



бет1/7
Дата07.12.2022
өлшемі33,89 Kb.
#55550
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Ф-ӘД-001/046
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ


БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


6В01562–Химия-биология Білім беру бағдарламасындағы
СG 1236 «Цитология және гистология» пәні бойынша лекция жинағы
Түркістан-2022

Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.

Лекция жинағын дайындаған: б.ғ.к., доцент м.а. Сейтметова А.М.





Лекция жинағы «Биология кафедрасының» №___хаттама «___»____ 20___ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі: ________________ техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғ.И.

Лекция жинағы Жаратылыстану ғылымдары факультетінің №____хаттама
«____» _____20___ж.
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.

Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы__________техн.ғ.к., доцент м.а. Ибрагимова Э.Қ.



12 Лекция тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары – құрылысы, қызметі, химиялық құрамы, дамуы мен регенерациясы


Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.Шеміршек ұлпасының молекулалық құрылысы, олардың түрлерін, негізгі қасиеттерін, шығу тегін, ағзада кездесетін жерлерін, қызметтерін, регенерациясын біледі.
2.Ағзаға тән функциялар мен физиологиялық процестердің, яғни сүйек ұлпаларының құрылысы, қызметі, түрлері және дамуы, ерекшеліктері жайындағы қажетті жаңа ғылыми ақпаратты іздеу арқылы алған білімдерін қолданады.
3.Ұлпаларды зерттеу тәсілдері мен дағдыларын қалыптастырады.
Лекция мазмұны:
Шеміршек ұлпасы қаңқалық ұлпалар құрамына кіріп, организмде механикалық қызмет атқарады. Шеміршектің құрамындағы негізгі заты тығыз болып келеді де оның беріктілігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шеміршектің серпімділігі де сақталады. Шеміршектің осындай құрылысы сүйектердің бір-бірімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Шеміршектер әсіресе төменгі сатыдағы жануарлар ұрықтарының денесінің тірегін құрайды. Ересек адам организмінде шеміршектер сүйек буындарының үстін қабаттап, қабырғалардың ұштарын, кеңірдектің, жұтқыншақтың, бронхының және құлақ қалқанын құрайды. Шеміршек ұлпаларының аралық заты өте тығыз болатындықтан қан мен дәнекер ұлпалардың клеткалары және жүйке мен қан тамырлары шеміршектің ішіне өте алмайды. Сондықтан шеміршектің қоректенуі – перихондрий (peri – айнала, chondros – шеміршек) арқылы диффузды жолмен орындалады. Аралық затының құрылысына байланысты шеміршектер гиалинді, серпімді және талшықты болып үш түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет