Сүйектің шеміршек орнында дамуы. Сүйектің шеміршек орнында дамуы күрделі процесс. Өйткені, алдымен шеміршек қалыптасады да, бірте-бірте оның орнын сүйек ұлпасы басады. Остеобласттардың ерекшеленуі аралық заттың фибрилярлы түзілістерінің пайда болуына жағдай жасайды. Бұл арада алдымен жуан талшықты сүйек түзіліп, ол кейіннен пластинкалы сүйекке айналады. Бұл процесс сүйектің түзілуімен қатар шеміршектің өсуіне және бұзылуына байланысты болады. Сүйектің шеміршек орнында дамуын жілік сүйектен жақсы көруге болады. Жіліктің орта бөлімі – диафизді, екі шеті эпифизді болады. Сыртқы шеміршек қабығымен перихондр қоршалады. Жіліктің сүйектенуі орта бөлімінен басталады. Диафизді қоршаған мезенхима ұлпасынан тұратын перихондрде остеобласттар пайда болады. Шеміршектің айналасында сүйектен тұратын сақина пайда болады. Сүйекті заттардың перихондрде жиналуын перихондрлі сүйектену деп атайды. Жас сүйекті қоршаған дәнекер ұлпалы қабықты периост деп атайды.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, компьютер немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба–кестелер.
Оқытудың әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ақпаратты лекция, пікірталас.
Әртүрлікүрделілікдеңгейдегітапсырмалар(сұрақтар)жәнеолардыбағалаудағыұпайлардыңүлестірілуі (20 ұпайға дейін):
Күрделі деңгей: 1.Шеміршек ұлпасының құрылысы мен атқаратын қызметін талдап көрсетіңіз.
2. Гиалинді шеміршек ұлпасының құрылысы мен қызметін талдап беріңіз.
Орта деңгей: 3.Серпімді шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығын түсіндіріңіз.
4.Талшықты шеміршектің құрылысын түсіндіріңіз.
Жеңіл деңгей: 5. Сүйек ұлпасы, құрылысы, түрлері, қызметін атап, сипаттаңыз.
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері(30 ұпайға дейін):
Клетканың тыныс алуына жалпы сипаттама. Клеткадағы АТФ синтезінің жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу.
Бұлшықет ұлпасы, құрылысы, түрлері және гистогенезі.