Бағдарламасындағы сg 1236 «Цитология және гистология»



бет5/7
Дата07.12.2022
өлшемі33,89 Kb.
#55550
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
PHUWUHFUFLQB05122022194429

Сүйектің дамуы. Сүйек екі жолмен дамиды. Жақ және бас сүйектері ұрықтық дәнекер ұлпасынан тікелей дамиды. Бірақ сүйектердің көпшілігі мысалы, омыртқа және аяқ, қол сүйектері, бастың қарақұсы және басқа бөлімдері алғашында шеміршек тәрізді қалыптасып, кейіннен біртіндеп сүйекке айналады. Осыған байланысты сүйек ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамитын және шеміршек орнында дамитын болып екіге бөлінеді. Біріншісі дәнекер ұлпалы сүйек, екіншісі шеміршек ұлпалы сүйек деп аталады. Екі жағдайда да даму процесінің негізі бір, ал сүйек түзілуінің қайнар көзі – мезенхима.
Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы. Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бұрын басталады. Сүйек түзілетін жерде мезенхиманың клеткалары күшті бөліне бастайды. Бөлінген клеткалар тығыз топтар түзеді. Клеткалардың көбеюімен қатар олардың арасында нәзік талшықшалары бар қоймалжың заттар пайда болады. Көбеюі тоқталмаған клеткалар талшықтарды тығыздап, қысады.
Сүйек бастамасында остеоциттер мен негізгі заттар жекеленген соң, олардың үстіне мезенхимадан ерекшеленетін остеобласттар орналасады. Өйткені остеобласттардың қатысуымен сүйектің заттары түзіледі. Остеобласттардың протоплазмасы эктоплазмаға, эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма сүйектің аралық затына айналады. Эндоплазма ядро түзеді немесе жойылып кетеді. Сүйек бастамасының аралық заты өсіп, талшықтарын көбейтеді. Көбейген талшықтар остеобласттарды қоршайды. Қоршалған остеобласттар көбею қасиетін жойып, остеоциттерге айналады. Клеткаларға тән аралық заттрда сүйек қуыстары түзіледі. Сүйек дамуында клеткалар тармақтар арқылы байланысады.
Сүйек бастамасы ерекшеленуі тоқталмайтын остеобласттар арқылы өседі. Остеобласттар өзінің көбею клеткалары және мезенхимді клеткалардан түзіліп, қосылатын клеткалар арқылы өседі. Остеобласттардың ерекшеленуі нәтижесінде бастамаға аралық заттың жаңа қабаттары қосыла береді. Осымен қатар аралық затта бірінші дамитын сүйекке тән талшықтарды тығыз желімдейтін остеомукоид пайда болады. Мұнан кейін кальций тұздары жиналып, сүйектің әктенуі өтеді. Сөйтіп сүйектің жеке аралшалары қалыптаса бастайды. Олар өсіп бір-бірімен қосылып, сүйектің кемігін түзеді. Сүйек бастамасын қоршаған дәнекер ұлпасы периостқа ауысады. Периосттың сыртқы қабатын және шамалы ерекшеленген камбиалды элементтерге бай ішкі қабатын көруге болады. Сүйектің дәнекер ұлпалы қабығында қан тамырлары өсіп, тығыз тор түзеді. Омыртқалыларда жуан талшықты сүйек уақытша өсіп, кейіннен біртіндеп ыдырап пластинкалы сүйекке айналады. Сүйектің осылай өзгеруі екі түрлі клетканың: 1) сүйекті бұзатын остеобласттардың, 2) сүйекті түзетін остеобласттардың әрекетінен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет