11 тақырып Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері.
Технологиялық жетістіктер мен іс-әрекеттерді зерттеу. Кәсіби
педагогиканың нақты мәселелерін зерттеуде қолданылатын әдістер
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу
әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл
бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт
философия- лық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана
зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек
шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ.
бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық
ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жұргізген
ғалымдардың белсенді ұлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп,
ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бұгінге дейін танымал Я.А.
Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П.
П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар
болды. XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне
ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.
Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртұрлі әдістердің бұтін бір
жұйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау,
әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық
жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тәжірибені ұйрену және
қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жұргізу, тестен өткізу,
рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалык
идеяларды теориялық талдаудан откізу және т.б. әдістер.
Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің
қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен
танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді
ұйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғалым сабаққа
қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалім сабақ материалын қызықты
тұрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тындайтынын аңғарады. Одан
әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белеснділікпен
көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады;
жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя
отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б.
Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін
байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжам-
дарын қортындылауға мұмкіндік береді. Оның мән-мағынасы келесідей
болуы ықтимал:
1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты;
2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі
біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша, нақты теориялық ой-
пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете
зерттеліп, тексеріледі.
Әңгімелесу эдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен
қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс
берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған
ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген
оқушылардың сабаққа деген әртұрлі мінез-құлықтық қатынасын алар
болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін
мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен
әңгімелесуді бірден-бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін
тұсіндіріп беруге мұғалімді ойыстырып, оның пікірін білуге ұмтылады.
Белгіленген сұрақтар бойынша, мұғалім мен оқушы пікірлерінің өзара сай
келуі немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркінін
айқындауға себебін тигізері, әлбетте сөзсіз.
Мектептік құжаттар мен оқушылардыц шыгармашылық
өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу
барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-
құжаттарын көздеп отыру ұлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың
кұнделікті сабақ бағаларының олардың жалпы ұлгеріміне ықпалын білу
үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдерімен танысып
шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман
карточкесімен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Ұй тапсырма
дәптерлерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жұмыстарды
орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін
шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дұниеге,
қоғамға көзқарасын болжауы мұмкін және т.б.
Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып,
алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың
педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртұрлі: жетіскен
білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін аныктау экспериментті зерттеу
жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың
жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы
барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы
эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана
отырып, ғалым- оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты
білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік
бақылауының мұмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие
болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту-қайта
жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша
оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді
тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже ұнамды болып шықса, алынған
көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында
қолданылуы жөнінде қажетті қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған -
эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы
көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау
экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа
мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер
ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негіздесе, зерттеуші ең
соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, оларды педагогиканың
теориялық және методикалық қорына өз жаңалығы етіп қосады.
Озат педагогикалык тәжірибені ұйрену және жинактау. Бұл әдіс
оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен
мұғалімдердің тәжірибесін ұйрену және оны теориялық пайымдауға
негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер кұнделікті сабақ тәжірибесімен
эмпирикалық тұрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады,
бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті
зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке
жетпей, қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы
педагогикалық практика теориялық ой-пікірі ме, әдістемелік
қорытыңдысына жетпейді. Оқыту-тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық
пайымдау мен талдауға тұссе ғана педагогикалық ғылым жұйесінде
орнығуға мұмкіндік алады.
Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері.
Жоғарыда
қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулі
кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді
ғана дамытуы мұмкін, яғни зерттеу қорытыңдысы болмашы сандағы
мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда
кейбір мәселелердің шешімі ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте
педагогтар әлеуметгік зертгеу әдістерін (анкета жұргізу, рейтингтік
бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп
сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады.
Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың
түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші -
ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты,
әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі оз орнында құнды.
Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау
жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен
білім мәселелері бойынша жоғарыдан тұскен "даналық" көрсетпелерге
тұсіндірме беріп, олардың "тек дұрыс" екенін негіздеумен болды. Бұл
теориялық ой-пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой
ұмтылысын тұсаулап тастады.
Қазіргі кезеңде, егеменді ел - Қазақстан Республикасы аясында
педагогика ғылымында догматизм мен жеке пікір ұстемдігіне тойтарыс
беріліп, шын мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті
жағдайлар жасалып, халыққа білім беру саласының бұтіндей қайта
тұзілуіне, біздің қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық
даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар
ашылуда.
12 тақырып Оқу материалының кұрылымын өндеу.
Білім беру мазмуны.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты
дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке
дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер
жұйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде "нені оқыту
керек" сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін
оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жұйесін
меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын
ағымдағы және болаціақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге,
оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат- тарын ескереді. Айта кететін
жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси
күштер мектеп арқьшы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-
техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі,
Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер
мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани әрлеуге дайын
болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз
әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның
мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы,
радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе,
заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда. Оқу
мазмұнына кіретін мәліметтер жас мұмкіндіктеріне де байланысты.
Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін
түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу
мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дұниежұзі бойынша оқу
мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму
ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қайда, қандай
көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш
сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе,
орта сыныптарда жұйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу
бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында
нақтыланады.
Оку жоспары, багдарламалар, оқулықтар
Оку жоспары - оқу жылының, тоқсандардың, демалыс қүндерінің
мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы
бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бұкіл оқу мерзімінде және
апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін
мемлекетгік құжат.
Типтік оқу жоспары - оқу министрлігінде жасалынып барлық орта
мектептсрге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне
орай да жасалынады. Шағын комплектті, сегіз жылдық, ұлттық
мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз
байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық зандылықтарға,
бірізділік және жұйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным
ерекшеліктеріне, санитаряық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке
пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара
логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетгі және
таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу
бағдарламасының құрамы:
- аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне,
біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау
жолдарын, оқытудың тұрлері мен әдістері туралы нұсқауларды,
бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын
тұсінік хат;
- пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
- негізгі дұниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
- әр тақырыпқа қажетгі сағат мөлшері;
- пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
- әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша
бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік
аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне
байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлтгық идеяға бағытталған
бағдарламалар дұниеге келуде. 2007 жылы қабылданған "Білім туралы"
заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру,
гуманитарияландыру, ұлттық және жалпы адамзатгық құндылықтарды
меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен
оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
- оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
- курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу
әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен
жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады. Жақсы оқулық
оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Оқулық — оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жұйелі
тұрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талантар:
- оқу бағдарламасына сәйкес болу;
- оқушылар ұшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталу;
- тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған
сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді тұрде, толық
меңгеруін қамтамасыз етуі керек. Оқулыққа қойылатын талаптар кұрделі
болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу
құралдары жарыққа шығуда. Дәстұрлі кітаптармен қатар аудио-,
видеокассеталар және компакт дисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып
жұр.
13 тақырып Кәсіби жарамдылығын бағалау. Мамандықтарды
талдау. Кәсіби педагогиканың нақты мәселелерін зерттеуде
қолданылатын әдістер.
Болашақ мамандарды жаңалық жаршысы ретінде оқытудың тиімді
тәсілдерін, озық тәжірибелерді сараптап, шығармашылық ізденіс үстінде
болу керек. Қызығу, әр қырынан алып қарауға болатын күрделі үғым,
адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-эрекетін
қуаттандыратын психикалық ерекшелік.
Болашақ
мамандарды
даярлауда
кәсіби қызығу
басқа
қызығулардан практика кезеңінде және оқу барысында туындайтын
қиындықтарды жеңіп шығуға ерікті, саналы дайындығы болуымен
ерекшеленеді.
Қоғам талаптарына студенттің өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне
сәйкес келетін кәсіби қызығу жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу
кұралы болып табылады және өз еңбегіне қанағаттануын көрсетеді.
Кәсіби кызығу педагогикалық мүмкіндіктердің калыптасуымен
дамуына елеулі әсерін тигізеді. Онда педагогикалық қызмет талаптарына
жауап беретін қатынастар, қасиеттер, психикалық үрдістер жүйесін
өзінде біріктіреді. Осының салдарынан болашақ мамандарының кәсіби
қызығуы педагогикалық мүмкіндіктердің өзіндік индикаторы ретінде
дәрежеленуі мумкін. Сол себепті педагогикалық кызметке кәсіби
қызығуды оқып тану болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастыру
үрдісін басқаруда маңызды орын алады. Болашақ маман даярлауда оқыту
мазмұны мен формаларын, оқу құралдары мен әдістерін іріктеуде
дидактикада көздеу ұстанымын негізге алудың да маңызы зор. Оқу
үрдісінде болашақ маманның теориялық даярлығын жетілдіруде кәсіби
мақсатты көздеу ұстанымын ескерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Білім
мазмұнын анықтауда, тіл салалары туралы ғылыми курстарды
меңгертуде оқу материалдарының студенттің әдістемелік-кәсіби
шеберлігін жетілдіруге бағытталып құрылғаны жөн. Осы тұрғыда
пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқытудың ролі ерекше.
"Мектептер үшін кәсіптік оқыту" мамандығын тандаған студент
-болашақ технология пәнінің мұғалімі. Бұл мамандықтың негізгі
ерекшелігі - оқушьшы шығармашылыққа, еңбекқорлыққа үйрету.
Осымен байланысты 1 курсқа қабылданған студенттің өзінің болашақ
мамандығы туралы толық мәлімет алуының маңызы зор. Ол көрсеткен
шаралардың ішінен мамандыққа даярлау бағытында жүргізілетін мына
негізгі жұмыстарды атап көрсетуге болады: кәсіби қызметке
араластыру (студенттердің мсктепке екі жетілік үздіксіз практикаларға
шығу), кәсіби қызмет туралы пікір-таластар ұйымдастыру; баяндамалар
жасау; кәсіби бағдар беруде кітапханамен байланыс; пәндердің болашақ
кәсіпке бағытталған байланысы; ұстаздармен, ғалымдармен кездесулер
ұйымдастыру.
Педагогикалық практиканың мазмұны барлық негізгі мәні
айқындалған педагогикалық процесс болуы керек. Тек осындай
жағдайда ғана практика болашақ мүғалімді педагогикалық процестің
әдістанымымен, оқу-тәрбие жұмысының принциптерімен, білік,
дағдылармен каруландыра алады.
Жоғары оқу орнында білім мазмұнын құрайтын негізгі буындардың
бірі - арнайы пәндер топтамасы. Арнайы пәндердің кәсіби бағытта
оқытылуы болашақ маманның жалпы даярлығын қалыптастырудағы
ролі мүмкіндіктерін ашу - жоғары мектеп дидактикасының негізгі
мәселелерінің бірі. Арнайы пәндерді кәсіби бағытта оқытуды ғылыми
негіздеу студенттің болашақ қызметіне-жалпы
көзқарасын
қалыптастырады.
Кәсіптік оқыту мамандарын даярдлауда, олардың теориялық
даярлығын жетілдіру жолында білім беру мазмұнын іріктеуде негізге
алатын тірек ұстаным - оның ғылымилық жағынан нақтылануы. Білім
беру мазмұнын анықтайтын оқу жоспары, бағдарлама, окулықтар мен
оқу құралдары ғылымның қазіргі дамуына сәйкес құрылуы қажет. Оқу
материалдары ғылыми деректер мен заңдылықтарға негізделіп, жоғары
ғылыми деңгейде болуы шарт. Оқу үрдісінде ғылымилық ұстанымды
негізге алу студенттің болашақ мамандығына сәйкес бекітілген,
нақгыланған, ғалымдар мойындаған материалдардың болуын қамтамасыз
етеді.
Жоғары оқу орнында мамандық саласы бойынша мұғалімдер
даярлауда студенттердің игерген теориялық білімін практикада
қолдана білуге дағдыландыруда дәрісханада жүзеге асатын оқу
формалары - тәжірибелік семинар мен зертханалық жұмыстардың
маңызы зор. Дәріс оқу негізінде студенттерге теориялық білім беріледі,
ал семинар жэне зертханалық – тәжірибелік сабақтарда тереңдетіліп іс
жүзінде қолданылады. Мұндай сабақтардың құндылығы -студенттің өз
бетінше ізденіп, жұмыс істеуіне мүмкіндік беруінде. Студент дәріс
немесе тек оқулықтар негізінде ғана емес, косымша ғылыми-
эдістемелік анықтамалық әдебиеттерді оқу арқылы білімін бекітіп
тереңдете алады. Семинар сабақтарының түрлендіріліп өткізілуі
(семинар-аукцион, семинар-дебат, семинар-шоу т.б.) студенттің
шығармашылық белсенділігін арттырады. Тәжірибелік сабақтарда
орындалатын әртүрлі нұсқалы тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі.
Сонымен қатар, студент "мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі"
түсінігі мен қамтамасыз етілуі қажет. Мұғалімнің
кәсіптік
элеуметтендірілуі - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық
тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен
құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені белсенділікпен
жүзеге асырылуы, Қазақстан Республикасы білім мен ғылым
министірлігінің бекіткен білім стандартына және оқу жоспарына сәйкес
мұғалімнің сабаққа даярлануы анықтамасын білулері студенттің
теориялық білімін практикамен үйлесімді ұштастыруға жағдай жасайды.
Оқыту үрдісінде тіл білімдік білімді студенттердің саналы
игерулері, белсенділік көрсетулері - шебер маман даярлаудың алғы
шарттарының бірі. Студенттердің оқу пәндерін игеру барысында оның
мақсат, міндеттерін білуі, өзі алдына мақсат қойып, оны шешудің амал –
тәсілдерін таба білуі, оның таным шегінің кеңеюіне жағдай жасайды.
Осы тұрғыда Л.В. Занков оқыту процесінде білімді саналы түрде
игеруде алдымен теориялық білім берудің басым болу ұстанымын
жүзеге асырудың маңызы зор екендігін айтады. Студенттің білімді
саналы игеруі, оның оқу белсенділігінің қаншалықты жоғары, төмен
болуымен де байланысты.
Дәрістер мен практикалык, зертханалық сабақтарда жағымды
мотивация туғызу, студенттің ынта-ықыласы, танымдық сұранысын
ескеру, проблемалық жағдаяттар жасай отырып, жаттығу тапсырмаларды
өз бетімен орындай білуге үйрету, оқьггудың адам психологиясына
негізделген ұжымдық түрі "интерактив" әдістерді (дебат, пікір-сайыс, ой-
толғау, "дөңгелек үстел", рольдік ойындар,
мультимедиялық
бағдарламалар) қолдану барысында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге
болады.
Білім саласындагы гуманизациялау ұстанымы негізінде оқу
процесінде студенттің жеке ерекшелігін ескеру, олардың ынта жігерін
қолдау, білімге кұштарлығын ояту, мақтау-мадақтау, ұстаздың өз пәніне
деген сүйіспеншілігі нсгізге алынуы керек. Оқу процесінде мұны жүзеге
асырудың жолдары: оқытуда студенттің жеке-дара ерекшелігін ескеру,
студенттердің ынта-жігерін қолдап мадақтап отыру, оның жеке басына
деген құрмет көрсету, оқу материалын студент өз бетінше, өзіне
лайықтысын таңдап алатындай жағдайда болуы.
Оқытудың мазмұны мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспары мен
үлгі оқу бағдарламаларында анықталады. Оның мазмұны қоғам
талаптарына сәйкес жоғары білікті маман даярлауға бағытталған.
Осымен байланысты жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде болашақ
технология маманын даярлауда мына басты міндеттер шешімін табуы
тиіс:
- технологияны оқытудың ең жетік жолдарын меңгерген
кәсіптік оқыту маманын даярлау;
- кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, рухани мәдени
құндылықтарды меңгерген, жан - жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу;
болашақ мұғалімнің қоғамдағы элеуметтілік белсенділігін арттыру;
студенттердің жалпы педагогикалық, әдіскерлік шеберлігін арттыру; өз
бетінше білім ала білу іскерліктерін калыптастыру; педагогикалық
шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын қалыптастыру
үшін өзі тандаған мамандығына сәйкес арнайы ғылыми пәндерден терең
жан-жақты білімі болуы қажет. Білім беру саласындағы негізгі
құжаттарды - білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдарлама, оқулық,
оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ озық педагогикалық
тәжірибелерді меңгеруі тиіс.
14 тақырып Ғылыми-зерттеулер нәтижелерін жинақтау және
қорытындылау. Зерттеу нәіижелерін графикалық немесе кестелер
түрінде көрсету.
Графиктік көрнекіліктер.
Кестелер, көрнекі плакаттар,
оқушыларды күрделі аспаптардың құрылысымен, машинялармен,
техникалық құбылыстардың жумысымен және сыртқы пішінімен
таныстыру үшін қолданылады. Мектептегі тәлімдік сабақтарда қяоыргяга
ілетін және тярвтып беретін графиктік қуралдар колданылады. Плакаттар
деп аспаптардың жано техникалық қондырғылардын құрылысы мен жұмыс
принципін түсіндірілетін схеманы, сондай-ак аспаптың, немесе
қондырғының сыртқы пішінін сызып сипаттауды айтамыз. Бұл
оқушылардын оқып үйренетін заттары жайында азды-көпті нақты түсінік
алуына мүмкіндік береді. Олар арнайы айшыкты бояулярмен безендіріліп,
үлкен масштабты орындалуы тиіс. Әсіресе, окушыларға қандай да бір
өлшеу аспаптарын колдану керектігін кестелер ерекше топ құрайды. Олар
окушыларга осы аспаптарда өлшеуді орындау кезінде өздерінің іс-әрекетін
бакылап отыруға көмектеседі.
Диаграммалар. Зерттеушілер диаграммалардың тік төртбурыш,
сектор, параллелепипед тәріздес түрлерін жиі колданады. Сыэықтық
диаграммалар шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті график
түрінде анықтау үшін колданылады. Мұнда тәуелсіз айнымалы шаманың
сан мәні абсцисса осінiң бойына салынады. Оларсыз өмірді елестету
мүмкін емес, Сондыктан ояа) ды пайдалана білуге үйрету ең басты шарт.
Графиктермен жумыс істеу зерттеушілердің ойлауын дамытуға ықпалын
тигізеді, оларды кубылыстярды сан жағынан зерттеуге жетелейді. Зерттеу
процесінде графиктерді қолдану және оқушылардың түрлі графиктік
жұмыстарды орындауы, қубылыстар мен процестердің арасындағы сандық
тәуелділігті неғурлым терең түсінуге себебін тигізеді.
Суреттер мен сызбалар. Зерттеу нәтижесін түсінуге көмектесетін
сызба, немесе суреттермен қабат жүргізілмесе, мүлде түсініксіз, мән-
мағынасыз болып шығар еді. Бұл, мысалы, үй салуды сызбасыз
түсіндірумен пара-пар. Суреттер, сызбалар нақты болмыстың, немесе
қүбылыстың қағазда кескінделген бейнесі. Суреттер мен сызбаларды
сипаттай білуі, ол зерттеушілер ой оралымдығын көрсетеді. Олай болса,
суреттер мен сызбалар зерттеп отырған кубылыстар мен зандарді оқып
үйренуге жәрдемдесіп, оқушылардың, ойлау өрісін кеңейтеді.
Зерттеуде сурет тәжірибенің алдында, онымен жарыста, немесе одан
кейін салынады. Барлық жағдайларда да зерттеушілер суреттер мен
сызбаларды түсіндіруімен қабат орындауы қажет. Сөйтіп, олар сурет пен
сызба сырын меңгеріп, және тәуелдікті тусіндіруге белсене қатысады,
сонын арқасында зерттелінген кубылыстың динамикасын сондай-ақ
графиктік сызбалық әдістерді еркін игеруге тырысады. Зерттелінген
құбылыстың динамикасын көрсету үшін - суреттер жиынын, не тек бір
суреттің өзін пайдаланылады. Сөйтіп, тәжірибені сурет, не сызба арқылы
сипаттап беруге болады.
Зерттеу материалынын логикалык курылымын граф түрінде
келтіру. Зерттеу материалынын логикалык құрылымын логикалык қаты-
настар түрінде нобайлаудын кейбір кемшілігі, одан неғурлым көрнекі,
бейнелеуі әсерлі, әрі өз ой желісін қатан сактайтын басқа тәсілдерді қажет
етті. Мүндай мүмкіндік зерттеу материалынын граф түрінде кескіндеу деп
есептеліп жүр. Біз, әрине, графтар теориясына токталмаймыз. Оны оку
материялнн жобаляуға қатысты кырынан ғана карастырамыз. Графтың
зерттеу материалының логикалык күрылымының артыкшылығын дәлелдеп
жатудын қажеті жоқ. Әсіресе, әр турлі белгілері (таңбалар, схемалар,
графиктер, сызбалар, диаграммалар, т.б.) көп зерттеу кезінде графтарды
пайдалану өз табысын әкелетіні сөзсіз. Шынында, белгілі ғалым
Н.Ф.Талызина айтқандай, схема ұғымды зерттеу нәтижесін зат түрінде
елестетуге көмектеседі. Графтарды пайдалану, бейнелік көрнекіліктің
ерекшелігін көрсетеді. Осы графтар теориясының туындысьі ретінде пайда
болған алгоритмдер теориясы табиғат ғылымдары жүйесінде ғана емес,
тіпті, психология мен дидактикада кең колдану тапты. Керек болса,
графтар алгоритмдердің қосымша құраушысы ретінде қарастырылып
келеді. Ал дидактикада графтар теориясының маңызы алгоритмдерден
жоғары болмаса төмен емес.
15 тақырып Педагогикалық зерттеу нәтижелерін безендіру және
тарату бағалау. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі
нормативті талаптар.
Педагогикада ғылыми мәлімет беру формаларын қамтитын арнайы
ұғымдар бар – «глоссарий» деген. Бірнеше ұғымдардың мазмұнын ашайық.
Ғылыми есеп – ғылыми-зерттеу жұмысы барысында орындалған
көлемі, мазмуны мен нәтижесі туралы есеп.
Реферат деп зерттеліп отырған тақырып бойынша мәлімет жинап
қысқаша түрде қағаз бетіне түсүрілген жазбаны айтады.
Аннотация - зерттелген жұмыстың мазмұнының қысқаша мәліметі
деп түсінуге болады.
Редакциялау- деп зерттеу процессінің бір кезеңінде пайда болатын
іс-әрекетті айтады. Ол зерттеу өз мәресіне жеткенде нәтижесін қағаз бетіне
түсіруіне қажеттілік пайда болғанда, жазбалардың ғылыми
басылымдарына қойылатын талаптарына сәйкес болуын көздейтін жұмыс.
Қолжазбаны баспаға дайындау – орындалған ғылыми-зерттеу
жұмыстың нәтижесі басылымдарда жариялануын талап етеді. Баспа шарты
бойынша шрифт, парақ параметрлеріне, кесте орнатуына, формулаларды
жазуына т.б. элеменнтеріне қатаң талап қойылады.Сол себептен автор
қолжазбаны баспаға дайындайды.
Депонирленген кұжат – жариялау баспаның бір түрі. Ұсынылып
отырған жазбаға арнайы мекеме нөмірлеп, басқа шығу мәліметтер белгісін
қадағаналып – зерттей нәтижесі – сол мекемеде сақталынадаы№.
Көпшіліке қысқаша мәлімет түрде Бюллетенде жарияланаы. Егер әркім сол
жұмысқа ынталанса – көшірмесін сұрауға құқықты.
Баспада мемлекеттік құпияны сақтау. Егерде зерттеу мазмұнында
мемлекеттік құпия болса – ондай жұмыстарда жариялау, сақтау, қорғау
ерекше жолмен өтеді.
Педагогикалық зерттеу нәтижелерін жариялануына арнайы
басылымдар тізімдері бар. Жаряиланған мақалалар, оқулықтар,
конференция санынада, денгейінеде әртүрлі талаптар бар.
Қазіргі таңда ғалым-педагогтар алдыңғы қатардағы педагогикалық
озық тәжірибенің критсрий ретінде мынадай қағидаларды ұсыиады:
1. Педагогтың аумақты диапозондағы іс әрекетінде байқалатын
жаңалықтары - педагогика ғылымдарында бұрыннан белгілі ғылыми
жетістіктерді тиімді пайдаланудан жана ғылыми жағдайға кошу және оқу-
тәрбие процссінің кейбір жақтарын жетілдіру.
2. Ең жоғары тиімділік және нәтиже (білімнің сапасы, тәрбнелілік
деңгейі және оқушының дамуы).
3. Қазіргі кезеңде педагогика мен әдістемснің даму жетістіктерінің
сәйкестілігі. Мысалы; мектепте балалардың жұкгемелерін көбейту арқылы
немесе репетиторлардың көмегімен оқушылардың ұлгерімін артгыруды,
озық тәжірибенің нәтижесінен болды деу қате.
4. Уақыттың өтуіне байланысты кейбір шарттардың өзгеруі кезіңде,
нәтиженің жағымды жақтары тұрақты және өзгермейтін болып қалуы.
5. Тәжірибені басқа педагогтардың творчестволықпен пайдалана
білуі. Осы жағдайға байланысты озат тәжірибе, оның авторының жеке
ерекшеліктерімсн байланысты болмауы; оның басқа педагогтар
пайдаланатындай (қодданатындай) рационалдық идеясы болуы.
6. Бірынғай педагогикалық процесте тәжірибенің тиімділігі. Бұлай
дейтін себебіміз барлық жұйснің элементі озық тәжірибе болады. Ол
барлық міндеттердің шешуіне кері әсер етпей, салыстырмалы тұрде,
мұғалім мен оқушының жұмсаған ұнемді уақыты ішінде орындалады.
Жоғарыда келтірілген әдістердің барлығы педагогикалық озық
тәжірибелерді жинақтап, зерттееп қорытындылау әдісі ретінде
қолданылады. Осы әдіспен педагогикалық қызмсттің кейбір жақтарынан
фактілерін көрсетуге байланысты, озық тәжірибені қорытындылаудың
бірінші кезені жүзеге асырылады. Екенші, одан жоғары деңгейде,
қолданылған басқа да әдістердің қорытыныдары, орындалған
бақылауларды классификациялау, алынған материалдарды ұғыну және
талдау (анализдеу) процесі орындалды. Педагогикалық озық тәжірибені
ұйрену және жінактауды аяқтау кезеңінде мұғалім мен оқушының ортақ
жұмысының сипаты, жаңашыл - мұғалімдердің жұмыстарындағы негізгі
идеяларды анықтау жәисе оны баска да мұғалімдердің оқу-тәрбие
жұмыстарьгның тиімділігін арттыру үшін пайдалануы келтіріледі.
Псдагогнкалық озық тожірибсні оқып ұйрсну, жинақтап қорьпу және
практикада қолдану оңай жұмыс емес, дегенмен оны жігерлі тұрде ұйреніп,
практикалық қызмптте өзінің жұмысын одан әрі жандандыра түсу үшін
пайдалану керек. Мақсаттылыкпен жұмыс істеу барысындағы
педагогикалық тәжірибе жұмыстарында, ғылыми зерттеулерде жинақталып
қорытылған мұғалімдердің озық іс тәжірибелсріћ және олардың басқа да
әріптестерінің жұмыстарында сабақты жұргізу жолдарын және тәсілдерін
тексеріп байқайды.
10.2 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі
1 тақырып Қағида мен практика арасындагы қарама-қайшылыкты
анықтау
1) Педагогикалық кұбылыстар.
2) Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері.
2. тақырып
Теория мен практиканың диалектикалық бірлігі.
1)Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің өзіндік ерекшеліктері.
2) Ғылымның даму заңдылықтары.
3. тақырып Зерттеу жоспарларын түзу
1) Кәсіби педагогикалық зерттеу жүйелері.
2) Ғылыми зертттеу кезеңдері
4 тақырып Зерттеу логикасы (анықталған тақырып бойынша).
1) Ғылыми проблема.
2) Педагогикалық зерттеу бағыты мен объектілерін таңдау.
5 тақырып
Зерттеу әдістері
1) Ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі.
2) Модельдеу әдістері.,
6 тақырып Зерттеу аппаратын түзу (өз жұмысының негізінде)
1) Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараттының мазмұны.
2) Ғылыми болжам, зерттеу пәнін анықтау
7 тақырып Аннотация, пікір жазу
1) Зерттеу нәтижесін ғылыми бағалау түрлері
2) Аннотация, пікір жазуына қойылатын талаптар
8 тақырып Әдебиеттермен жұмыс жасау
1) Әдебиеттермен тізіміне қойлатын талаптар
2) Әдебиеттерден алынған мәліметтерді талдау
9 тақырып Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
1) Педагогикалық бақылау
2) Педагогикалық зерттеудегі этикалық қарым-қатынас
10 тақырып Педагогикалық анкеталарын түзу және қолдану әдістері
1) Кәсіби педагогикадағы зерттеудің әлеуметтік әдістері.
2)
Анкеталарды түзу технологиясы
11 тақырып Зерттеу нәтижелерін безендіру
Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру.
2) Зертіеу нәіижелерін диаграмма, график түрінде көрсету.
12 тақырып Статистикалық әдістерін қолдану
1) Педагогикалық зерттеу нәтижелерін өлшеу
2) Зерттеу нәтижелерінің орташа көрсеткіші.
13 тақырып Теория мен практиканың диалектикалық бірлігі
1) Теориялық тұрғыда талдау және синтездеу
2) Теорияның растығы – тәжрибе
14 тақырып Ғылым және әдісінамалық іс-әрскет
1) Үлгерім көрсеткіш аныктайтын тест.
2) Оқу материалының кұрылымын өндеу.
15 тақырып Каталогпен жұмыс каргочка жүргізу, әдебиеттермен
жұмыс жасау
1) Педагогикалық зерттеуіне әдебиеттер тізімін құру
2) Әдебиеттер тізіміне қойылатын нормативті талаптар
16 тақырып Тәжірибелік-эксперименталдык жұмыстар және оларды
ұйымдасгыру мазмұны
1) Педагогикалық эксперимент. Эксперимент түрлері.
2) Тәжірибелі эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру.
17 тақырып Педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері
1) Нәтижелерін салыстыруда параметрлік әдіс.
2) Зерттеу нәтижелерін салыстыруда параметрлік емес әдістер
18 тақырып Педагогикалык зерттеу жұмыстарының аныктылыптігі
1) Зерттеу нәтижелерінің жоғары сенімділігі.
2) Құбылыстар арасын байланыстарды зерттеу әдістері.
19 тақырып Зерттеу жұмыстары нәтижелерін дайындау
1) Зерттеу жұмыстардың денгейлері
2) Зерттеу жұмыстарына есеп беру турлері
20 тақырып Баспада мемлекеттік кұпияны сактау
1) Педагогика зерттеуінше ғылыми мәлімет беру формалары.
2) Баспада мемлекеттік құпияны сақтау
21
тақырып Зерттеу нәтижелерін қалыпқа келтіру
1) Зерттеу нәтижелерін безендіру, тарату және бағалау.
2) Ғылыми педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар.
22 тақырып Зерттеу нәтижелерін шығару
1) Ғылыми есеп.
2) Редакциялау. Қолжазбаны баспаға дайындау..
23 тақырып Жеке тұлғаны зерттеу.
1) Оқушының немесе жұмысқа қабілеттілігін зерттеу.
2) Кәсіби жарамдылығын бағалау.
24
тақырып Зерттеу нәтижелерінің нұсқалары
1) Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері.
2) Технологиялық жетістіктер мен іс-әрекеттерді зерттеу.
25
тақырып
Зерттеу жетекшілері
1) Зерттеу жетекшілері мақсаттары мен міндеттері
2)
Ізденушілер мен
Зерттеу жетекшілерімен қарым-қатынасы
26
тақырып Зерттеу нәтижелерін қорғау дайындау
1) Қолжазбаны қорғауға дайындау
2) Реферат. Аннотация.
27
тақырып Зерттеу нәтижелерін жариялауы
1) Мақалалар, оқулықтар, конференциялар
2) Депонирленген кұжаттар
28
тақырып Зерттеу тыс ғалымдармен мекемелерден сыннан өтуі
1) Пікір жазу
2) Рецензия алу
29
тақырып Зерттеу нәтижелері бойынша
1) Плакаттар дайындау
2) Слайдтар
дайындау
30
тақырып Зерттеу нәтижелерін қорғау процессі
1) Ізденуішінің баяндамасы
2) Шешім қабылдау рәсімі
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
СӨЖ түрі
Есеп беру
түрі
Бақылау түрі
Сағатқа
шаққанда
ғы көлемі
1
Дәріс сабақтарына дайындалу
Сабаққа қатысу
15
2
Практикалық сабақтарға
дайындалу -сабақтың тақырыбы
бойынша материалды меңгеру,
тапсырмаларды шешу және т.б.)
Жұмыс
дәптері
Сабаққа қатысу
30
3
Зертханалық жұмыстар
-
-
-
4
Аудиториялық сабақтың мазмұнына
кірмеген материалды меңгеру
-
-
30
6
Семестрлік бойынша ағымдағы
бақылау тестері
Оқу
журналы
1АТ, 2АТ,
3АТ, 4АТ
20
7
Бақылау шараларына дайындалу
1 МБ, 2 МБ ,
5
Барлығы
90
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
-
жоспарланбаған
№
п/п
СӨЖ тақырыптары
Сағат
көлемі
1
Педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері
3
2
Әдебиеттермен жұмыс жасау.
3
3
Ғылым әдіснамасы жөнінде түсінік
3
4
Педагогикалық зерттеу бағдарламасын түзу
3
5
Архив материалдарымен жұмыс істеу
3
6
Эксперимент максаты: зерттеу пәні, нысаны, болжауды
тексеру, зерттеу моделін түзу.
3
7
Педагогикалык зерттеулердің эмпирикалық әдістері
3
8
Статикалық әдістерді педагогикалық зерттеулерде қолдану.
3
9
Ғылыми есеп: реферат, аннотация жасау, жүргізу
3
10
Қолжазбаны баспаға дайындау.
3
Барлығы
30
5 Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1 Қоянбаев Ж.Б.. Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университет
студенттеріне арналган оқу құралы. - Алматы, 2008. :
2. Педагогика. Дәріс курсы. — Алматы: Нұрлы әлем, 2009.
3. Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. - Шымкент:
ОҚМУ, 2010.
Қосымша:
4. Педагогика және психологиялық терминологиялық сөздік -
Алматы, 2002 ж.
5. Камалова Н.К. Мәдени шұғылданымпаздың қызметін
социлогикалық зерттеу әдістері. - Шымкент: ОҚМУ – 2005.
6. ҚР білім туралы заңнама - А., 2003 ж.
7. Кұрманбаева М. Кәсіби қызығу қалыптастырудың кейбір
мәселелері //Қазақстан мектебі № 9, 2004 ж.
8. Нургалиева Г.К. т.б. Салыстырмалы педагогика. — Алматы., 2009.
9. Нуайқызы Ж. Жоғары мектепте болашақ маманның теориялық
даярлығын қалыптастырудьщ дидактикалық ұстанымдары //Білім № 3,
2004 ж.
10 Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалык
процесс - Алматы, 2002 ж.
Document Outline - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- «Кәсіптік педагогикадағы ғылыми-зерттеу негіздері»
- ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- «Кәсіптік педагогикадағы ғылыми-зерттеу негіздері» пәнінен
- КЕЛІСІЛГЕН
- 4 Пәннің мазмұны
- 4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |