Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі243,31 Kb.
#9193
түріБағдарламасы
1   2   3   4

қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жұргізіп жатқан ісінде мақсат

болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны

әншейін   бір   әрекет,   тәрбиелік   процеспен   ешбір   байланысы   жоқ,   жәй

белсенділік деп тұсіну керек.

Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты

мақсат   адамның   бар   шығармашылық   кұшіне   қанат   беріп,   оны   өрістете

тұседі.   Мақсатқа   жету   адам   бағытының   негізі   болған   терең   де   толық

қанағат- танушылық тудырады.

Тәрбие мақсаты — педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны

нақтылау,   жобалау,   дайындау   -   педагогикалық   тұжырымдар   жасаудың

арқауы.


Кейде   педагог   балалармен   оқу-тәрбие   жұмыстарын   нақты

айқындалған   мақсатсыз-ақ   орындаған   сияқты   болады.   Бірақ   сол   бағыт-

бағдарсыз   бастаған   ісіндс   қаншалықты   сарсаңға   тұсіп,   оңды-солды

ұрынғанын, нәтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бір-ақ тұсінеді. 

Шынында да, кұнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс

көрсеткендей,  мақсат  проблемасы  өте  нашар  шешілуде,  кейде   ол мәселе

тіпті   естен   шығарылады,   осыдан   "мақсатсыз   тәрбие",   яғни   жол-жөнекей

тәлім   етек   алған   құбылыс.   Осының   салдарынан   педагогтің   кәсіби

қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық

мұмкіншіліктері   іске   қосылмайды,   ал   кәсіптік   іскер   не   істерін   білмей,

ақырында тұңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.

Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері

- мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын тұсіне

білу қажет.

Мақсат   -   субъект   санасында   онын   қоршаған   ортамен   озара   ықпал

байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек,

мақсат   -   жағдайлар   себепті   пайда   болуынан,   нақты   болмыстан

алынатыңдықтан   —   ол  объективті   құбылыс.   Мысалы,   өмірінде   домбыра

ұстап, ұніне зер салмаған педагог балаға музыкалық тәрбие беруі мұмкін

емес т.б.

Мақсат   объективті   себептерден   бастау   алумен   бірге   субъективтік

категория, себебі ол сана туыңдысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты

тұлғаның   сана-сезімдік   ерекшеліктерінің   көрінісін   береді.  Ертедегі

айтқандай: "Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мұмкін, бірақ бірінің

әңгімесі   екіншісіне   ұқсамас".   Бір   мақсатты   жалау   еткен   педагогтар,   сол

мақсаттың өзін әртұрлі баламада тұсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби

әрекеттің нәтижесінде  өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат

болжау проблемасы — тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған

саналардағы   көптеген   баламаларын   қамтыған   мақсаттың   мұмкіндігінше

нұсқасын анықтау — байсалды зердемен қоса, коп уақытта, мамандық кұш

салуды да талап етеді. 

4   тақырып   Педагогикалық   зерттеу   бағыты   мен   объектілерін

таңдау. 

Адам   өзіне   ықпал   етуші   объективті   және   субъективті   әсерлердің

нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Ғылыми тұрғысынын педагогикалық

жұйелер   келесі   құраушылырана   құралады:   мектепке   дейінгі;   мектептік;

мектептен соңғы. Бірақ жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын

нақты   көрсететін   өзінің   уақыттық   шектеріне   ие   болғандықтан,   әр   саты

аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мұмкін.

Өсіп   келе   жатқан   ұрпақты   тәрбиелеу   мақсаты   —   кең   әлеумет   пен

ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың

басты   құрылым   бірлігі.   Жарияланатын   тәрбиелік   мақсатгардың

экономикалық,   құқықтық   және  ұйымдастыру   шарттарын   қамтамасыз   ету

мемлекетгің   міндеті.   Былайша   айтқанда,   құқық   негізінде   бекіген   тәрбие

мақсатының  іске  асуына қоғамның бар  мұмкіңдіктері бағытталуы  қажет,

әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.



Тәрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады? Өсіп келе

жатқан   ұрпақты   тәрбиелеу   мақсатыьын   мазмұны   қоғамның

оркениеттілігіне   (цивилизованность),   оның   демократиялық   сипатына,

экономикалық   мұмкіндігіне,   педагогикалық   жұйелер   дамуын

болжастыратын   және   нақты   жағдайларды   ұйлестіріп   отыратын   мекеме-

леріне байланысты.

Мақсаттың   жалпыланған   сипаты   жағдайлардың   әртұрлі   көрініске

енуіне тәуелсіз, оның іске асып отыруын қамтамасыз етеді. Мақсат әрекеті

адамның   саналық   (идеялық)   өнімі   болғандықтан   оте   құбылмалы,   тез

өзгеріске   тұседі,   себебі   ол   ұздіксіз   ауыспалы   дұниемен,   сонымен   бірге

өзгерістегі   тұлғамен   де   әрекеттік-қозғалмалы   байланыста   болады.

Тәжірибе,   білім,   оқиға   т.б.   адамды   байытып   отырады,   бірақ   құбылмалы

сана   иесі   —   субъект   сол   байлыққа   жету   жолында   өзінің   де   озгеріп

жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді. Мысалы, педагог

"кеше"   де,   "бұгін"   де   өзін   бір   мақсат   ұстағандай   сезінеді,   ал   сырттан

қарағанға, оның кәсіби педагогикалық ісінде озгерістердің болганы айдан

анық байқалады. Өмірдің өтпелі-ауыспалылығы мақсаттың да бір қалыпта

өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.

Мақсаттың өзгермелі қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын

көрінеді. Себебі, баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамыгі

өзгеруі   қас   қағымдай,   сондықтан   өсіп   келе   жатқан   жеке   адамның

әлеуметтік-психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттың ысырылып,

орнына екіншісінің қойАілуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып

есептеледі.

Ал, соңғы нәтижені көздеген жалпьшанған сипатты мақсат жастық

өзгерістер   байланыстылығын   сақтап,   "тәрбиелі   адамның"   жеке   образын

баламаластьгрып қарауға, айқьгндауға мұмкіндік береді,

Момын   да,   айдағанға   көнгіш   бастауьгш   сынып   оқушьтсьг   да,

тынымсыз, беймаза жасөспірім де, менменсінген "данағой" жоғарьг сыньш

шәкіртіде - бәрі де мұғалім бастаған бір даму жолын басып өтеді, әңгіме

сол   жолдың   кең   болып,   кұтілген   жеке   адамдық   әртұрлілікті   сыйғыза

алуында.   Осы   мысалда   көптеген   әр   жас   деңгейіне   байланысты   күтілген

нәтиже   —   нақты   мақсатқа   байланысты   6   жастағы   балаусаның   мектеп

жолын түгелдей басып, 17 жасында жетілетін нәтижесі — жалпы мақсат

енімі.

Мақсаттың   қозғалмалылығы   мен   ауыспалылығы   оның   ешқашан



шектелмейтінін   көрсетеді.   Мақсатты,   кор-кемдеп   айтсақ,   жақындаған

сайын, алыстай  тұсетін  жұлдызбен теңестірген  жөн. Мақсаттың  бітуі —

рухани   не   заттай   жойылу   деген   сөз.   Мақсат   өзін   белгілейтін   субъект   -

адаммен   бірге   дамып   отырады,   себебі   ол   сол   субъектіде   жасалады,

сондықтан да субъектінің әрлеуімен мақсат та жоғарылай бастайды. Өссем

деген кәсіпкерге тән қасиет: көңіл толмау, кұйзелу, алас ұру; ал тоқтаған

кәсіп иесі - мәңгі тыныштықтағы әлі жан. Міне дамудың бір корінісі.

Жеткізбес мақсат - мақсат болып қала беру ұшін, оған жетем дегенді

шарш атып, шалдықтырмас ұшін, шексіз мақсатқа жетудің қиындығынан

адам   бас   тартып,   бос   арманшылдардың   қатары   толыспас   ұшін,   мақсат

жалпы сипатқа ие болуы керек, сонда ғана ол ілгерілеген сайын ұлғайып,


іс-әрекетке   бағыт-бағдар   бола   алады.   Қарапайым   мысал,   бір   кісі   кіріп,

жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бірақ көпті көрген

бір көршісі келіп: "Бөлмелеріңді былай жаса" — деп ақыл берді: мақсат

туды — бөлме өзгерді, екінші көрші тұрып "Айна, есіктеріңді олай ет"- деп

ақыл айтты. Мақсат өзгерді — айна, есіктер көрік алды. Ұшіншісі келіп:

"Шатырыңды   сен   олай   қылма,   былай   қыш"-   деп   және   бір   кеңес   қосты:

сәнді шатыр шықты. Ақыр аяғында кісінің жалпы мақсаты — баспана да

бітті, бірақ әншейін баспана емес, көз тойдырар ұй болды. Ұй салушының

мақсатқа орай жоспары мен әдісі негізінен сақталды, бірақ ол жасаған өнім

бастапқы   кұтілген   нәтижеден   айрықша   болып   шықты,   оның   себебі   —

мақсаттың   жалпы   сипатындағы   шығармашылық   еркіндіктің   болуынан

туындады.   Іскер   мақсат   аймағында   әрекет   етті,   бірақ   осы   аймақ   тар

болғанда оның шеберлікке жетуі күмәнді болар еді. 

Сонымен, педагогикадагы мақсат болжау анықтамасы:

Мақсат болжау — бұл қазіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы

қабілетке ие осы дәуір жеке адамының қажетті даму деңгейін қамтамасыз

ететін   объектив,   әлеуметгік-психологиялық   және   мәдени   жағдайларды

тұсіну; бұл сондай адамның жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын

сөз жұйесін іздестіру; бұл тәрбие мақсатын қабылдауға мұмкіндік беретін

шарттар   ретінде   балалық   шақ   табиғатына,   жеке   адам   даму   мәніне   және

даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты

жағдайларды   талдай   отырып,   оларды   қойылған   мақсат   мазмұнымен

орайластыру. 

Мақсат   категориясына   қарама-қарсы   категория   —   арман.   Екеуінің

бір-біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын идеялық

бейне болуында. Ал айырмашылығы — осы бейнеге субъект қатынасының

әртұрлілігі.

Арман   -   елестің   немісе   қиялдың   субъектіге   берер   біршама

қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.

Мақсат   -   бұл   да   бейне,   бірақ   онан   келетін   қанағаттану   тек   ішкі

қабылдаудан емес, сол бейнені іс- әрекетке косып шындықка айналдырудан.

Бұл   бейне   субъекті   белсенді   әрекетке   бағыттайды,   ықпал   жасайды.

Туындай   отырып,   мақсат   ойға   алған,   көздеген   нәтижеге   жетпей,   оз

қанағатын таппайды. Бұл арада бейне-нәтиже тек іштей қызығу ұшін емес,

нақты жетістік ұшін қажет.

Арман   субъекттің   енжарлығынан   келіп   шығады,   әркетсіздікке

байланысты, ал мақсат - іс-әрекет, белсенді қызметгің бастау көзі.

Бірақ   өзіміз   жасап   отырған,   қарама-қайшылығы   қабысқан   барша

дұниеміздегідей — бұл екі шекті құбылыс — арман мен мақсат өзара тығыз

байланысқан. Арман — мақсат тұзу үшін негіз, арман — мақсаттарды қайта

қарас-   тырып,   ұйлестіріп   отыруға   ықпал.   Мақсат   та   өз   кезегінде   жаңа

мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-

тура   болмақ   емес,   ол   ұшін   талай   міндеттерді   іске   асыру   қажеттіліктері

туындайды.



Міндет  -   бұл   мақсатқа   жету   жолдарындағы   бір   саты,   орындалуы

қажет нәтиженің бір бөлігі, осы болік өзінің іс-әрекетгік бітімін таппаса,

жалпы   нәтиже   де   жоқ.  Міндет   мақсаттың  өзін   құрайтын   элементтерге


болінуінен пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс-әрекеттің

жалпы   нәтижесін   алуға   жұмсалады.   Іс-әрекетгің   барысында   субъект,

әдетте,   мақсат   жөнінде   ойламайды,   оның   есінде   тек   міндеттері,  өз   іс-

әрекетін сол міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.

Мақсаттың   ұмыт   болуы   —   жалпы   стратегиялық   бағыттың

жойылуына   әкеледі,   ендеше,   міндеттер   де   тактикалық   бағдар   ретінде   өз

маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді

(жалпы мақсат). Бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау  кұй- беңімен

жұріп, тиісті орынға гұл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ ләззат беру

сипатынан айрылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған

міндеттер (ағызды дайындау, суғару, күтім жасау — бәрі де) босқа кетті.

Мақсат болжау — мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану

нәтижесі.

Міндет - мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге

дербес,   өз   алдына   жасағанымен,   мақсат   бағытында   орындалып   барады.

Мысалы,  педагог баланы кұнделікті адамгершілікке баула  отырып, қоғам

азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты мұлде естен шығармауы тиіс,

өмірде   адамның   тұлғалық   мазмұнын   оның   әр   секунд,   минут,   сағаттагы

белсенді тіршілігі қалайды, - дегендей философиялық тұжырымды бетке

ұстау лазым.

Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің,

жоғары   оқу   орны   оқытушысының   қызметінің   құрамды   бөлігі.   Осыдан,

ертең   ұстаздық   іске   араласамын   деген   студент   мақсат   болжау

проблемасының   ғылыми   мағынасын,   педагогикалық   қызмет

құрылымындағы   мақсат   болжаудың   мәні   мен   мақсаттың   орны   мен

маңызын,   мақсаттарды   әртұрлі   негізде   сараптауды   жете   тұсініп,   игеруі

міндетті.

Әрбір   міндет   өзінің   орындалу   сәтінде   субъект   ұшін   нақты   бір

мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа

міндеттерді   жұзеге   әкеледі.  Педагог   жалпы   мақсат   бағдарын   жаздырмай

отырып,   таңғажайып   ұздіксіз   міндетке,   міндетгің   мақсатқа   өзгерісі   мен

ауысу   аймағына   тап   болды.   Осыдан   да,   педагогикалық   тәжірибеде

тұсініспестік орын алып келе жатыр: нені мақсат, нені міндет деп танимыз?

Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам

сайын   алға   қойып,   әр   сәт   сайын   шешіп   отыратын   әрекеттінің   бәрі   -

міндеттер.  Жалпы   мақсаттық   бағдар   назардан   ғайып   болып,   педагог   бір

міндет бағытында жұмыс істеп, ойлай бастағаннан, дәл осы міндет мақсат

мазмұнына ие болып, өзіне қажетті ендігі міндеттерге ие болады. 



5 тақырып Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің өзіндік

ерекшеліктері. 

Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің дамуы - мектептегі оқу

мен   оның   өздігінен   оқуына   тығыз   байланысты.   Оқушының   ойлау

қабілетінің   дамуына   оқу   процесінде   қолайлы   жағдай   туады.   Білім   мен

ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жакты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара

бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын кұрделі процесс. Үйткені, оқыту -

мұғалімнің   білім   берудегі   негізгі   іс-әрекеті   болса,   оқу   -   баланың   өзінің


танымдық,   практикалық   әрекеті.   Сөйтіп,   оқушының   таным   әрекеті

мұғалімнің басшылығы арқасыңда ғана жұзеге асады.



Оқыту - жоспарлы процесс.  Мұғалім оқушылардың жалпы рухани

дамуын   жұйелі   қамтамасыз   етуі   ұшін   оқыту   процесін   жоспарланған,

ұйымдастырылған   тұрде   жұзеге   асырады.   Оқушы   білімді   қысқартылған,

пед;тогикалық   тұрғыдан   өзгертілген   жолмен   мұғалімнің   ж:   арнайы

жазылған оқу құралдарының комегіне сұісне отыра меңгереді.

Сөйтіп,   оқыту   процесі   оқушылардың   жас   ерекшеліктерінің

сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған

орай өзгертіп отырады.



Оқыту — бұл кұрделі процесс.  Ол тұлғаға  білім беру, тәрбиелеу

және   ақыл-ойы   мен   творчестволық   қабілетін,   демек   біліктілігі   мен

дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға

біртұтас   (комплексті)   ықпал   жасауды   көздейді.   Осы   негізде,   оқыту

процесінің бірінші қызметі — оқушыларға білім беру.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне  сай оқушыларды нақты

фактілермен, қағида және тұсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды

қамтамасыз   етсе,   екіншіден   солардың   негізінде,   айналасындағы   әртұрлі

құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.



Екінші   қызметі   -   тәрбиелеу.   Оқыту   барысында   оқушыларды

теориялық білімдер жұйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиетгерін

қалыптастырып   дамыту.   Сонымен   бірге   оқыту   барысында   тәрбиенің

мақсат,   міндеттері   және   мазмұны   мен   тәсілдері   анықталады.   Оқытуда

тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше

біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданьшады. Демек, тұлғаға

білім   бере   отырып,   оны   тәрбиелейміз,   тәрбиелей   отыра   білім   береміз.

Сойтіп,   тәрбие   процесі   дұрыс   ұйымдастырылған   жағдайда   оқьпудың

барысына   қолайлы   ықпал   етеді,   соның   негізінде   тұлғаның   танымдық

қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.



Ұшінші қызмегі - дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру,

оларды   тәрбиелеу   негізінде   тұлғаның   ақылойы,   сана-сезімі,

шығармашылық   қабілеті   т.б.   көптеген   тұлғалық   қасиеттерінің   дамуына,

біліктіліктері   шыңдалып,   қабілетгерінің   артуына   оң   әсер   етеді.   Демек,

тұлға   жан-жақты   қалыптасып   дамиды   (байқағыштығы,   ойы,   есі,   қиялы

секілді психикалық процестері де қарастырылады).

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сұрмейді,

керісінше   оқытудың   білім   беру   мен   тәрбиелеу   қызметінің   жалғасы   боп

есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы

білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты.

Бұдан   шығатын   қорытынды,   оқытудың   білім   беру   мен   тәрбиелеу

қызметінің   негізі   болып   саналса,   даму   өз   алдына   олардың   қызметінің

нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

Дидактикада   "Жетілдіре   оқыту"   процесі   19б0жылдардан  басталды.

Осы негізде Л.В. Занков, Н.А. Менчинская, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов,

М.А.Данилов,   М.Н.   Скаткин   еңбектерінде,   оның   жолдарын   шешу   ұшін

әртұрлі   принциптерді   ұсынды.   Солардың   ішінде   Л.   В.   Занковтың   оқу


процесі арқылы білім беруді қарқыңды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды

саналы меңгеруін қамтамасыз ету ережесін ұсынылды.

Бұл,   дамуда   тек   ойды   қалыптастырумен   ғана   емес,   ол   тұлғаның

дамуынада оңтайлы әсер етеді.  Кәсіби ғылыми зерттеулер пәні – оқушы

және педагогикалык процесс. Олармен байланысты зерттеулердің мазмұны

мен кұрылымы.



6 тақырып Педагогикалык процестің кұрылымы. 

Педагогикалық   процес   -   тәлім-тәрбиелік   қарым-   қатынастарды

ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог.

Педагогикалық   процес   -   бірнеше   элементтен   құрьшатын   жұйе.

Педагогикалық   процестің   ұш   құрылымы   болады:   педагогикалық,

әдістемелік, психологиялык.

Педагогикалық   процестің   педагогикалық   құрылымы:   мақсат   -

принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер.

Мақсат   -   ұстаз   бен   шәкірт   арасындағы   педагоги-   калық

қатынастардың   нөтижесі.   Принциптер   мақсатқа   жету   жолдарын

анықтайды.   Мазмұн   -   мақсатқа   жету   жолында   оқушыларға   берілетін

тұлғалар тәжірибесінің болігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды

жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс

жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық   процестің   әдістемелік   жұйесін   жасау   ұшін   мақсат

бірнеше   міндеттерге   бөлінеді.   Әрбір   міндет   ұстазбен   шәкірт   іс-

әрекеттерінің   кезеңдерін   анықтайды.   Мысалы,   сабақтың   әдістемелік

құрылымы:   сабаққа   дайындалу,   сабақты   өткізу,   сабақты   талдау;

экскурсияның   әдістемелік   құрылымы:   дайындық,   керекті   жерге   бару,

бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.

Педагогикалық  процестің   психологиялық   құрылымы:   танымдық

процестер   (қабылдау,   ойлау,   есте   сақтау,   ақпарат   сіңіру),   оқуға

қызығушылық   (оқуға   қызығуды,   қабілетті,   ынтаны   айқындау),   қуат

(көтеріңкі не тұсіңкі дене мен жан кұш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не

шаршау динамикасы).

Оқыту   адамның   қызметінің   бір   ғана   тұрі,   ол   екі   жақты   сипатта

болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндетгерін

жұзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу

әрекеттерінен  тұрады.   Оқу  әрекеті  дегенде:  мұғалімдер  тарапынан   білім

беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді

белсенді тұрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде

қаншалықты   белсенділік   танытқанымен,   егерде   ондай   белсенділік

оқушылар   тарапынан   қолдау   таппаса   оқыту   нәтижелі   болмайды.

Сондықтан,   белгілі   бір   мақсатқа   бағытталған   бұндай   өзара   қарым-

қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен

оқушылар   арасындағы   оқу   әрекетінен   құралмайды,   сонымен   бірге

оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:

- оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың

мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді;

-   оқытудың   мазмұны.   Жас   ұрпақты   ғылымның   жетістіктерін

меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді;


-   оыту   формалары   мен   тәсілдері.   Оқыту   мазмұнын   қандай   амал-

тәсілдермен, нақтышы пракгикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

- оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының

оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жұргізуі,

оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және

білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушьшардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп

отыруы.

Мектеп   тарихының   бастапқы   кезеңінен   оқыту,   білімдер   жұйесін



оқушылардың   меңгеруі   белгілі   бір   дидактикалық   буындардан   немесе

кезеңдерден тұрады:

-   оқушыға   берілетін   білім   мақсаты   мен   қажетін   тұсіндіру   және

оларды   әрекетке   бағыттайтын   мотивтерді   туғызу.   Осыған   орай   оқу

міндеттерін   (тапсырмаларды)   анықтау.   Оқушыға   жаңа   берілетін   білімді

баяндау   және   оны   қабылдауға   жағдай   туғызу.   Оқушының   білімді

қабылдауы   және   оның   санасында   жаңа   білімнің   қорытылып,   ғылыми

ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мұмкіндік беру.

- берілген білімді бекітуге басшылық ету.

- білімді практикада қолдануға әрекет ету.

- оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу,

тексеру және бағалау.

Оқыту   процесінде   мұндай   басқару   жұйесі   оқушылардың   білім

алудағы   таным   әрекетінің   ерекшеліктеріне   байланысы,   білімді   жұйелі

тұрде   ұғынуға   мұмкіндік   туғызады.   Демек,   білімді   бекіту   кезінде   жаңа

білімді   қайталау,   жаттығу,   практикада   қолдану   т.б.   оқыту   процесінің

элементтері қолданылады.



Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне

тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн. Ол келесілер:

- білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау - белгілі бір мақсатқа

жетуге бағытгалады. Сөйтіп ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив

пен мақсатқа сәйкес іске асады;

- тұрткі- әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды;

- мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды;

- баланың оқудағы негізгі тұрткісінің бірі - қызығу. Оқу жұмысының

жемісті   болуы,   ең   алдымен,   балада   білімге   деген   қызығушылықтың

нәтижесі   болып   табылады.   Мұмкін   бала   өзі   оқуға   талпынбаса,   кұшпен

зорлап оқыту мұмкін емес. Қызығуды туғызу ұшін оқушыларға берілетін

білімнің   мақсаты   мен   қажетін   тұсіндіріп,   оларға   нақты   оқу   міндеттерін

ұйрету   керек.   Қызығуды   туғызудың   шарттары   мен   амалдары   көп.

Солардың ішінен мына төмендегідей 3 процесті атап көрсеткен пайдалы:

- оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазіргі ғылым мен

техникадағы жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы т.б.

-   окуды   ұйымдастыру,   басқару   процесінің   ерекшеліктері,   оның

әдістері   мен   формалары   т.б.   Мысалы   оқытудың   проблемалық   сипаты,

оқушылардың   творчестволық   және   практикалық   жұмыстарды   өздігінен

орындауы, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т.б.

-   мұғалім   мен   оқушылар   арасындағы   қарым-қатынастың

ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен окушылар арасында жылы



шырайлы   педагогикалық   қарым-қатынастың   болуы,   еркін,   жағымды

ерекше   жағдай,   мұғалімнің   көңіл-кұйі,   ақжарқын   болуы,   оқушылардың

бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет