Күні мен айы
|
Орындалған жұмыстардың қысқаша мазмұны
|
Жетекшінің қолы
|
3.10.2022
|
Біз бүгін Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияға бардық.Мектеп тарихын ондағы білім алушылар мен танысып алдыға қарай бір табан жақындадық .Мектеп маған қатты ұнады себебі Қарағанды орыстанған қала болғандықтан бұл жерден қазақилық иісін табу қиынның қиыны. Мектеп жетекшісі Айгүл Болатовна мектеп тарихын бізге қысқаша түсіндірді .Жалпы мектеп толығымен қазақ тілінде өтеді. Мектепте тілімізге деген аса үлкен құрметтің болғаны бізді біршама қуантты .
|
|
11.10.22
|
Бүгін қаймвғы бұзылмаған білім ошағы Сәкен Сейфуллин атындағы білім ошағына тағы да аяқ бастық. Бұл жолы біз 5 ә сыныбына кірдік. Сынып өте белсенді екен Қазақ тілін және орыс тілін қатар ұстап жүр екен. Бүгінгі тақырып Отбасы құндылығы жекшісі Айгүл Болатовна сабақты оқушыларды түгендеумен басталды. Түскі ауысым болған соң ба оқушылар түгел болды. Сабақ сергіту сәтінен басталды. Сабақ тақырыбы қызық болған соң ба балалар отбасы жайлы түрлі пікірлерін білдірді .Сабаққа түгел аудитория қатысты .
|
|
18.10.22ж
|
Бүгін практиканың үшінші күні 5ә сыныбының қазақ тілі сабағына кірдік. Табиғат адам байланысы тақырыбы болды яғни табиғат пен адам тақырыбы мақсаты сөз болды .Егер табиғат болмаса адам баласы болмас еді тіршілік атаулы болмас еді деген пікірді алға тарта оқушылар пікір таласты. Балалардың ұтымды ойлы алғырлары да көзге бірден көрінді .Табиғат тазалығы адамның қамқорлығы ерекше сөз болды маған тақырып толықтай ұнады себебі балалар ойларын еркін түрде жеткізе білді десем болады Міне осылайша таза біліммен белсенді оқушылармен жұмыс жасап қайттым
|
|
07.11.22
|
Оқушылар кезекті демалысынан келген соң олармен тағы жұмыс жасау үшін тағы мектепке бардық Бұл жолы әдебиет сабағына кірдім бүгін қатарынан сабақ әдебиет болады Балалар ең алдымен демалыста нестегендерін айтып пікір алмасты бұл Айгүл Болатовнаны қуантты себебі балалар демалыстарын тиімді өткізді және еркін пікір алмасуда сабақтың бірінші сағаты пікір алмасу болса екінші сабақ Айтыс жайлы болды. Елімізге белгілі айтыскерлер жайлы сөз қозғалды. Балалардың рухани азыққа толып тұрғандары тағы да қуантты .
|
|
15.11.22
|
Бүгін оқушылар қазақ тілі пәнінен Астана бас қала Балалар Астананың шығу тарихынан бастап кітаптан оқып білді .Ерсұлтан Астана жайлы өлең оқыды оқушылар торқа бөлініп бірі эссе жазса ал енді бірі өлең оқыды .Бұл тақырыптың өзі ұлттық рухты көтереді .Сабақта достық жеңіп үйге еркін тақырыпта эссе жазу берілді .
|
|
22.11.22
|
Бүгін С Сейфуллин атындағы мектепке барып қайттық. Сабақ барысы әдебиет пәнінен басталды .Сынып іші түгел жиналып апайды асыға күтті .Айгүл Болатовна оқушыларды түгелдеп сабақ тақырыбын айтты .Бүгінгі тақырып .Қобыланды батыр жыры болды .Қобыланды батыр жыры жайлы не жайлы кейіркерлері сюжеті оқиға желісі барлығын өтетіндерін айтады.Жырды Аружан оқып бастап кетті .30 минутта оқып қалған 20 минут талдап шықты .Оқушылар бұл батырлық жырды өте тез әрі еркін меңгерді.Үй жұмысы қылып Тайбұрылдың шабысын жаттауға берді .Кері байланыс 7минутқа созылып сабақ аяқталды .
|
|
29.11.22
|
Бұл күні өткен Қобыланды батыр жырындағы Тайбұрыл шабысын сұраумен басталды .Балалар жапа тармағай жаттауды бірінен соң бірін айтты .Ал басқа балалар мазмұнымен айтып жарыса жөнелді .Сабақ қызу талқы үстінде лезде өте шықты .Үй тапсырмасы ретінде Қобыланды батыр жырына композиялық талдау ұсынылды .
|
|