КӘСІБИ ПРАКТИКАДАН ӨТЕТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН ЖАДНАМА
Университет білім алушыларының кәсіби практикасы оқу үдерісінің өте маңызды бөлігі болып табылады, оқылатын мамандық бойынша қызмет барысында теориялық білімі мен дағдысын бекіту мақсатында қызмет атқарады.
Кәсіби практикадан өту оқу жоспарында қарастырылған теориялық пәндерді оқумен бірдей міндетті болып табылады.
Кәсіби практикадан өтуге оқу жоспарын толығымен орындаған студенттер жіберіледі.
Практикаға кетер алдында білім алушы кафедрадан мына құжаттарды алуға міндетті:
Практикаға жан-жақты дайындық мақсатында білім алушы алдағы жұмыстардың бағдарламасы мен мазмұнымен танысуға, ұсынылған әдебиетті қарастырып, кафедрадан тағайындалған практика жетекшісінен қажетті кеңес алуға тиісті.
Кәсіби практика күнделігін білім алушы күнбе-күн толтырады. Практикадан шықпас бұрын білім алушы практика жетекшісінен өндірістен өз жұмысының бағалау нысанын алуға міндетті.
Практика барысы бойынша есеп университет және өндірістен бөлінген практика жетекшісінің қосымша нұсқауы мен практика бағдарламасының нұсқауымен сәйкес құрастырылады.
Есепте төмендегі мәселе баяндалады:
а) практика базасы, практикадан өту тәртібі мен мерзімі жайлы жалпы мәлімет;
ә) практика бағдарламасында орындалған барлық тапсырманы қысқаша баяндап жазу;
б) жұмыстарды жүргізудің әдістері (зерттеу);
в) жеке тапсырманы орындау барысы туралы хабарлау.
г) кәсіби практика жоғары деңгейге көтеру бойынша ұсыныс пен қорытынды.
Практика аяқталған соң білім алушы төменде көрсетілген құжаттарды кафедраға тапсыруға тиісті:
а) білім беру мекемесінен келу және кету туралы белгісі бар
үзбелі жолдама күнделік;
ә) күнделік
б) кәсіби практика барысы бойынша есеп;
в) практика басшысының қолы қойылған және ұйымның мөрі қойылған бағалау нысаны.
Кәсіби практиканың есебі кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында қорғалады. Есеп қорытындысы баға жүйесінің сараланған сынақ негізінде бағаланады. Есеп көпшілік алдында қорғалады.
Қанағаттандырылмаған баға алу немесе есепті дер кезінде көрсетпеу: кәсіби практикадан қайтадан өтуге немесе білім алушылар қатарынан шығаруға әкеліп соғады.
Практикадан қайта өту мерзімі факультет деканымен белгіленеді.