3. Курстың академиялық презентациясы. Оқу курсының типі: ЖК
Пәннің мақсаты: білім алушыларды математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу міндеттерін кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын әдістемелік білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Пәннің негізгі міндеті «6В01501 – Математика», «6В01502 – Математика-физика» , «6В01503 – Математика-информатика» ББ бойынша оқытудың ОН4, ОН6 және ОН8 нәтижелерін қалыптастыру болып табылады.
4.Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері:
•сабаққа кешігу немесе сабақта болмау 0 баллмен бағаланады;
•тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, және т.б.), жобаларды, емтихандарды тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау талап етіледі;
•тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады;
•әрбір аудиториялық сабаққа силлабуста келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалу керек;
•тапсырманы дайындау және орындау тапсырма тексерілетін аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс;
• СӨЖ тапсырмаларын орындау және тексеру силлабуста келтірілген кесте бойынша семестр бойы жүзеге асырылады;
• СӨЖ тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады.
Академиялық құндылықтар.
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алуды және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар: Оқу әдебиеті:
1. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – А.,2014.
2.Темербекова А.А. и др. Методика обучения математике. – СПб,2015.
3. www nao. Білім стандарты 2017-2018;
4. www.nao. Математикадан үлгілік оқу бағдарламалары 2017-2018.
5. Жалпы білім беретін мектепке арналған математика оқулықтары (Әбілқасымова А.Е.,т.б.; Смирнов А.,Тұяқов Е.А). -А.,2017-2022 жж.