8
- мәтінді сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік элементтердің
комбинациясы ретінде зерттейді. Ол тілдік арақатынастардың ӛзгерістерін,
мәтін ішіндегі олардың динамикасын зерделеп, мазмұн тұрғысында мәтіннің
идеялық-тақырыптық және эстетикалық деңгейінде жасақталуын, айтылым
тұрғысындағы функциясын белгілейді, осы тұста әдебиеттанумен ұштасады.
Әдебиеттану мәтінді идеялық мазмұны, эстетикалық құндылығы, жанрлық
артықшылығы, композициялық ұйымдастырылуы қырынан қарастырады.
Басқаша айтқанда, ӛз талдауында формадан мазмұнға қарай, ал әдебиеттануда
мазмұннан формаға қарай ауысады;
- лингвист ӛз талдауын кӛп жағдайда нақты мәтінді талдаумен шектесе,
яғни зерттеудің имманенттік әдісін қолданса, әдебиеттанушы үнемі тарихи,
әлеуметтік, философиялық сипатта экскурстар жүргізеді, яғни кӛбіне зерттеудің
проекциялық әдісін қолданады (В .В. Виноградовтың терминдері);
- лингвист мәтінді ең алдымен оқырман (адресат) тұрғысынан, ал
әдебиеттанушы ең алдымен автор (адресант) тұрғысынан талдайды.
Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
- тұтас сӛйлеу шығармасы – сӛйлеудің кең мағынасындағы мәтін,
макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық –
сӛйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас сӛйлеу шығармасы шекараларының
сай келуі мүмкін. Шағын кӛлемдегі тұтас сӛйлеу шығармасының (газет
мақаласы, қысқа әңгіме, ауа райы туралы хабар, хабарландыру, т.с.с.) жалғыз
фразадан тыс бірліктен құралуы мүмкін. Дегенмен, бұл шағын жанрлы және
шағын кӛлемді мәтіндерге ғана қатысты болғандықтан, мәтіннің екі объектісін-
макромәтін мен микромәтінді айырған жӛн, себебі күрделі фразалық тұтастық
пен тұтас сӛйлеу шығармасы-мүлде түрліше тәртіптегі бірліктер.
Күрделі фразалық тұтастық - синтаксистік ұғым, тұтас сӛйлеу шығармасы
- әлеуметтік-сӛйлеу құбылысы, қоғамның түрлі салаларына қызмет ететін ең
жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік.
Байласымды мәтін мен байласымды сӛйлеу (мәтін) құрау модельдері
Достарыңызбен бөлісу: