19
8-ТАҚЫРЫП:
Кӛркем тіл мен әдеби тіл
Дәріс жоспары:
Кӛркем тіл мен әдеби тіл
1. Кӛркем тіл мен әдеби тілдің байланысы мен ерекшеліктері, нормалары.
2.Тілдің кӛркем әдебиетте эстетикалық қызмет атқаруы.
3.Кӛркем тіл мен әдеби тіл, олардың байланысы.
4. Тілдің кӛркем әдебиеттегі эстетикалық қызметі.
Мақсаты:
Кӛркем тіл мен әдеби тіл туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмҧны:
Кӛркем әдебиетте диалогтың негізгі екі типі бар: суреттеу және
драмалық.
Суреттеуге
салыстырмалы түрде кӛлемі үлкен, әлдебір оқиға,
әлдеқандай іс-әрекет туралы әңгіме, суреттеу, мінездеме мазмұнындағы
дамыған ескертпелер, фактілерді белгілі бір сабақтастықта әңгімелеу тән.
Мұнда қысқа ескертпелердің тез ауысуы, олардың қарама-қайшы қозғалысы
жоқ. Диалогта ой бір бағытта, желілі дамиды. Бір кейіпкердің ескертпесі
басқасының ескертпесінің мазмұнын нақтылайды. Ескертпелердің байланыс
формалары бір типті-қайта сұрау, қайталау, іліп әкету. Кӛрші ескертпелерді
біріктіре отырып, байланыстың лексикалық-грамматикалық формалары кеңінен
қолданылады. Жалпы стилистикалық тұрғыда әдеби тіл нормаларына әдетте
толық сәйкестігі, айшықты стилистикалық боямалы элементтердің болмауы,
кӛптеген диалогтарда ауызша айтылған сӛз ерекшеліктерін жаңғыртуға
ұстаным жоқ, ескертпелердің монологтық қыры ойдың желісті дамуын алдын
ала белгілеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: