Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті,
2015.- 186 б.
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. –
Павлодар: Кереку, 2011.
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы:
Эверо, 2014.- 288 б.
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А.
12
3-ТАҚЫРЫП: С
ӛйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері.
Дәріс жоспары:
1.Ауызша және жазбаша мәтіндер.
2. Сӛйлеу жанрының басты нышандары мен бағыттары.
3. Мәтін типологиясы
4. Мәтін категориясы туралы ұғым
Мақсаты:
Мәтін типтерімен танысу.
Қысқаша мазмҧны:
Қазіргі мәтіндер сӛйлеу формасына қарай ауызша және жазбаша болып
бӛлінеді.
Сӛйлеудің ауызша формасындағы мәтіндер жазбаша формадағы
мәтіндерден мүлдем ӛзгеше. Жазбаша мәтін алдын-ала ойластырылады,
қабылдаушының қатысуынсыз түзетіледі, ал ауызша мәтінде барлық
түзетулерді тыңдаушы қабылдайды. Жазбаша мәтін кӛру арқылы қабылдауға
арналған, сондықтан онда бӛлімдер, үзінділер және т.б. тақырыптар мен
тақырыпшалар, абзацтар, шрифтік айшықтау мен астын сызу т.с.с.
ажыратылады. Ауызша мәтін тыңдап қабылдауға есептелген, сондықтан
айтылғанды түзету, «қайта тыңдау» (таспа жазуы болмаса) болмайды; сонымен
бірге мәтіннің тыңдаушыға тәуелділігі (түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі,
айтушының мимикасының тыңдаушыға әсері т.б.) байқалады, монологтік емес
сӛйлеуде әңгімеге араласу мәтіннің тұтастығына ғана емес, әңгіменің аяқталмай
қалуына да әсері айқын сезіледі. Ауызша мәтіннің жазбаша мәтіндегі
амалдардан бӛлек риторикалық амалы да бар.
Заманауи жанртану сӛйлеу жанрлары мен мәтін жанрларын қызықты
жіктеуді ұсынып отыр. Бұл жіктеудің негізінде М. М. Бахтин қабылдаған
сӛйлеу жанрлары мен оның бірінші (қарапайым) және екінші (күрделі) сӛйлеу
жанрлары туралы идеясы жатыр.
М. М. Бахтиннің пікірінше, сӛйлеу жанрлары дегеніміз, «айтушы үшін
ӛзі жасамаған, оған берілген», «айтылымның берік тақырыптық композициялық
және стилистикалық типтері», «сӛйлеу тұтастығын жасаудың типтік
модельдері». «Егер сӛйлеу жанрлары болмаса сӛйлеу қарым-қатынасының
болуы мүмкін емес еді»
.
Солай бола тұрса да, зерттеулерде сӛйлеу жанрларына түрліше
түсініктемелер беріледі. Ол ең алдымен зерттеушілердің жанртанудың басты
термині-сӛйлеу жанрын түрліше түсіндіріп жүргенінен туып отыр. Кейбір
зерттеулерде «сӛйлеу жанры» кең мағынада түсіндіріледі, басқаларында
«сӛйлеу жанры» ұғымын сӛйлеу актісіне балама ретінде түсіндіріледі,
үшіншісінде мәтін типтерімен байланыстырылады.
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.
13
Ғалымдардың кӛпшілігінің пікірінше, сӛйлеу жанрының басты
нышандары-адресат, адресант, бақылаушы, референттік жағдай, байланыс
арнасы, әрекеттестіктің жалпы контексті, уақыт, орын және қоршаған ортадағы
ахуал, коммуникативтік мақсат, автор бейнесі, адресат бейнесі, ӛткендегінің
бейнесі, келешек бейнесі, диктумдық (оқиға) мазмұнының типі, сӛйлеу
жанрының тілдік жүзеге асырылуы.
М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша сӛйлеу жанрлары туралы идеясы
ғалымдардың отандық жанртанудың дамуын дәстүрлі семиотикалық жүйеде -
Достарыңызбен бөлісу: |