Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
26
13-ТАҚЫРЫП:
Грамматикалық деңгей бірліктері
Дәріс жоспары:
1.Шақ тұлғаларының интеграциялық қатынасы
2.Синтаксистік деңгей бірліктері
3.Мәтіннің аяқталуы
Мақсаты:
Грамматикалық деңгей бірліктері қызметіне тоқталу.
Қысқаша мазмҧны:
Интеграция мен аяқталу категориялары ӛзара байланысты және шарттас.
Біз қабылдайтын «әлем суреті» үнемі қозғалыста болып, ӛзгеріп отырады.
Автордың пікірінше, тақырып дамуымен нәтижеге жетсе, онда мәтіннің
аяқталғаны.
Аяқталу ұғымы бӛлімдеріне емес, тұтас мәтіннің ӛзіне тән. Автордың
ойын түсіне алмаған оқырманға мәтін аяқталмағандай кӛрінуі мүмкін.
Шынтуайтында мәтін аяқталған, тек автор кӛтерілген проблема бір мәнді
шешілетіндей
жетіп, піспеген. Не мазмұндық-фактуалды ақпарат немесе
астарлы мәтін оқырманға қалай аяқталарын меңзеп тұр, сондықтан автор
қорытынды жасаудың қажеті жоқ деп шешкен.
Түрлі типті, әсіресе кӛркем мәтіндерде жаңа проблеманың қойылуының
ӛзі аяқталғандық іспетті. Әсіресе, атының ӛзі сұраулы: «Кім жазықты?»
сияқты болса, айқын байқалады.
Эпиграф – кӛркем (басқа да) мәтіннің оқырманның назарын бастапқы
мәтінге аударып, ассоциациялар желісін дайындайтын компонент. Эпиграфта
қос бағыт – бастапқы (эпиграф алынған) мәтін және жаңа мәтін (эпиграфтан
кейін тұратын). Эпиграф пен мәтіннің арасында ӛзара бағытты байланыс бар:
эпиграф мәтіннің терең құрылымын ашады, соңғысы эпиграфқа тереңірек
үңілуге, жаңа ассоциация тудыруға, оның тезаурусы негізіндегі идеялар мен
түсініктерге «жан бітіруге» ықпал етеді.
Осылайша, тақырып пен эпиграфты дұрыс түсіну интеграциялық
қатынастар әрекетімен және тұтастық ретінде мәтінмен тығыз байланысты. Ол
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті,
2015.- 186 б.
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. –
Павлодар: Кереку, 2011.
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы:
Эверо, 2014.- 288 б.
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А.
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.
27
сондай-ақ контексті кең түсінумен, оқырман мен автордың жалпы білімінің
пресуппозициясымен байланысты.
Мәтіннің аяқталуына эпилог пен соңғы сӛз де белгілі дәрежеде әсер етеді.
Демек, тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы олардың мәтінді
интерпретациялау үдерісіне қатысуына байланысты пайымдалады.
Аяқталғандық мазмұндық-концептуалды ақпаратты аша отырып, мәтіннің
дамуына шек қояды. Аяқталғандық-қорытынды эпизод немесе шығарманың
фабуласы мен сюжеті дамуының соңғы кезеңін суреттеу, аяқталғандық –
мәтіннің «нүктесі».
Достарыңызбен бөлісу: |