28
Әрбір нақты жағдайда автор ӛз позициясын әртүрлі – кейде ашық, кейде
сӛз арасында, кейде бүркемелей, мазмұндық-концептуалды немесе астарлы
мәтінді ақпарат арқылы жеткізеді.
Автордың «мен»-інде автордың тұлғасы ғана танылып қоймайды, «мен»
құрылымында (ең алдымен кӛркем мәтіндерде) автор мен әңгімешінің, автор
мен лирикалық кейіпкердің (әсіресе ӛлеңде) тұлғасының бірігуі мүмкін.
Автор ӛз позициясын мәтінде автосемантикалық үзіндіде, «еркін»
сӛйлемдерде ашық айта алады, кейіпкердің мінез-құлқы, кӛңіл күйі, әлдебір
құбылысқа кӛзқарасы авторға тән болуы мүмкін.
Автордың араласуымен суреттеменің кеңістік, уақыт шекаралары
жылжиды.
Мәтінде автордың қатысымының сӛздік танылуы
автор кестесін
құрайды. Т. В. Шмелева оны мәтінде мына элементтермен кӛрсетеді:
1) әдетте «кадрдың сыртында» қалып қоятын, бірақ ӛзін таныту үшін
мәтіннің ерекше фрагментін ала алатын автор мен адресат «фигураларының»
экспликациясы. Мысалы, «автор фигурасының» танылуы;
2)
суреттеу
үшін
іріктеліп
алынған
тілдік
құралдармен,
авторландырылған ақпарат құралдарымен және әр қилы авторлық бағалаумен;
3) метамәтінді немесе А.Вежбицкая айтқандай, «мәтіндегі мәтінді» яғни
суреттемесін және сонымен бір уақытта оқырманға түсіндіру нұсқаулығы
болатын мәтін бӛлігін қолдану
Кейбір авторлар иннективті (лат. inectio-«ӛру») метамәтін құралдарын
контекстуалдық (біріншіден, екіншіден, т.б.) және интерперсоналдық (әрине,
мүмкін, ӛкінішке орай, ... қайталау, санамалау, сандық деректер, шрифтпен
бӛлу, риторикалық сұрақтар және т.б.), деп ажыратады.
Мәтіннің авторлық кестесі оның тілдік ерекшеліктеріне қарай елеулі.
Авторлық кестені елеулі ету-етпеу автордың ӛзінің қолында.
Достарыңызбен бөлісу: