Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 
 
 
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж. 
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 
2015.- 186 б. 
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ 
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – 
Павлодар: Кереку, 2011. 
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық 
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: 
Эверо, 2014.- 288 б. 
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. 
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б. 


29 
15-ТАҚЫРЫП: Автор бейнесі 
 
Дәріс жоспары: 
1.Автор бейнесі кӛркем мәтін категориясы ретінде
2.Автор бейнесі-кӛркем сӛз теориясының негізі.
3.Баяндау тәсіліндегі автор бейнесі.
Мақсаты:
Кӛркем әдебиеттегі автор бейнесі туралы түсінік беру. 
Қысқаша мазмҧны:
Автор бейнесі баяндау тәсіліне (бірінші жақтан, әңгіме айтушының 
атынан, т.б.) қарамастан кез-келген шығармада айқын не бүркемелі болады. 
В. В. Виноградовтың пікірінше, «автордың қатысы» автор бейнесінің 
анықтауышы болып қызмет етеді. Оның тура айтылуы мүмкін, алайда кӛбіне 
мәтіннің бүкіл ішкі құрылымында болып, «композиция мен стильдің тереңінде» 
жасырынып жатады. Автор бейнесі, автор тұлғасы «оның тақырыпқа 
қатысынан» ашылады. 
Кӛркем әдебиетте автор бейнесі айту формаларының кӛптігін кӛрсетеді. 
Шығарма авторы автор бейнесі арқылы ӛз тұлғасы адам және жазушы ретінде 
тікелей айтуға тырысып, авторға ұқсамайтын кейіпкерге, әңгімешіге барынша 
жақындауға ұмтылады.
Авторлық кӛзқарас автор бейнесін барынша ашық формада кӛрсетеді. 
Кейіпкерлерінің ойы мен іс-әрекетін суреткердің ӛзі топтаса, оның бейнесі 
туралы пікір қалыптасады. Осы бейне композицияда да, сюжетте де, 
шығарманың тілінде де жүреді. Ол ӛзінің ролін оқиғаға тікелей қатысушыға 
немесе куәгерге жүктеп қойса (осы мақсатта әңгімеші ролі енгізіледі), онда 
автордың позициясын анықтау қиынырақ. Әңгімешінің әңгімені бірінші, екінші 
немесе үшінші жақтан айтуы мүмкін. 
Автор кӛзқарасының әңгімешінің кӛзқарасымен толық сай (бір бағытта 
әңгімелеу) келуі де, келмеуі де (әр бағытта әңгімелеу) мүмкін. Кӛркем әдебитте 
әңгімелеудің осы екі желісі бір-бірін толықтырып отырады.
Автор бейнесі ең алдымен баяндау тәсілінде байқалады. Автор, әңгімеші, 
кейіпкер суреттеуге қатысты әр түрлі позиция ұстануы мүмкін. Бірыңғай «мен» 
авторлық кӛзқарасқа жақын кӛзқарасты да, оған қарама-қарсы кӛзқарасты да 
біріктіре алады. Баяндау перспективасы автордың идеяны дамыту үшін 
таңдаған баяндау тәсілінің кӛрінісі болып табылады. 
Кӛркем прозада баяндау перспективасының екі түрі бар:
1) шектеусіз баяндау перспективасы; 
2) шектеулі перспектива. Кӛптеген шығармаларда баяндау
перспективасының екі түрі әр алуан формада үйлесіп жатады: вариантты 
тұрақсыз баяндау перспективалы шығармаларды және тұрақты константты 
баяндау перспективалы шығармаларды атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет